Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ИСАНЫ ТАНИ АЛДЫҚ ПА?

анаға түскенде Сәбит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы, Е.Ысмайылов Тіл және әдебиет институты атынан қазақтың атақты қаламгері Сапарғали Бегалинге Исаның оңтүстіктен қатты ауырып келгенін ескеріп, өмірбаянын жазып алуды тапсырыпты. Өйткені, Сапекең 1940 жылы Исамен жарты айдай Түрксиб санаторийінде бірге болғанда “Менің өмірімді ешқайсыларың білмейсіңдер. Неге жазып алмайсыңдар” деп ескерткенін есіне ала келіп, 1946 жылдың 13 шілдесінен қыркүйектің 3-не дейін кездесіп, көп деректерді жазып алыпты. Соның ішінде “Менің көп қолжазбам әр жерде шашылып жатыр. Мен оны сау күнімде құнттадым ба? Біразын өз қолыммен Академияның фондысына бергемін. Ал біразы Тайырда болуы мүмкін. Қазір бәрі есімде жоқ. Орнымнан тұрсам, бәрін жинап алар едім” дегенін М.Хасеновтің құрастыруымен 1983 жылы Иса Байзақовтың “Екі томдық таңдамалы шығармалар” жинағының екінші кітабында берілген естеліктерден суыртпақтап шығарып алуға болатын сияқты. Қалибек Қуанышбаев, Қалижан Бекхожин, Саяділ Керімбеков тағы басқалардың естеліктерінен Иса қолжазбаларын қай өңірден іздестіруге болатыны аңғарылады.

Сонымен қатар, осы екі томға енген естеліктердің қай-қайсысынан болмасын, Иса жинақтарына кірмей қалған шумақтар кездеседі. Қазақтың ұлы ақыны Әбділда Тәжібаевтің перзенті Рүстемнің шілдеханасында Сәбит, Мұхтар, Құрманбекпен бірге Григорий Рошаль, Виктор Шкловский, Лина Бойтиловская мен Исаға тақырып берген кинорежиссер Вера Строеваның алдында 1945 жылы 9 маусымда бес минут ішінде шығарып айтқан өлең поэмаға бергісіз дер ем. Оны өз атынан жазып берген Әбділдаға рахмет, бүкіл сюжеттік желісін сақтапты. Мұқаң аудармасымен жеткізіліп, Исаның қиыстырып айтқаны тіл білмейтіндерді ғана емес, қазақшаның майын сорып ішкендердің өзін таңғалдырғандай деңгейде. Кезінде қағазға түспей, әркімнің есінде қалғандардың өзін жинап, Исаның кезекті жинағына қосу қажеттігі әбден айқындалып отыр.

Иса Байзақовтың қазақ мәдениетіндегі, әсіресе сөз өнеріндегі айрықша құбылыс екенін әңгіме қылғанда архивте жатқан, ел аузында жүрген, аңыз болып кеткендерінің өзін жинау зиялы қауымның парызы болуға тиіс. Қазақ мәдениетінің мерейін өсіріп, оның ұлттық ерекшелігін таныта түсуге шапағаты айрықша тиетін Иса Байзақов сынды ұлыларымызды асқақтата беруді ұмытпайық!

 

Авторы: Тұрсынбек КӘКІШЕВ, профессор.

12
скачать работу

ИСАНЫ ТАНИ АЛДЫҚ ПА?

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ