Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ішекқуыстылар типі

естовичок немесе Гонионема атты кiшкентай медуза Жапон теңiзiнiң жылы суларында тiршiлiк етедi.Адам үшiн өте қауiптi болуы мүмкiн. Медуза күмбезiнде қара крест көрiнедi, ол оның асқорыту каналына жақын орналасқан жыныс бездерiне жарық түсiредi.

Оның ерекшелiгi, ол атпа клеткаларымен шағып, өте күштi күйiктерге алып келу қасиетi бар. Күйiктiң әсерiнен әлсiздiк, бас айналу, жүрек айнулар пайда болады. Мұндай көрсеткiштер екi күнге созылады. Бiрақ ганионеманың залалы өте ауыр болуы мүмкiн. Адамда өте қатты жөтел пайда болып, аяғымен қолында күш болмай екi-үш күн қиналуы мүмкiн. Шаққаннан кейiн иммунитет қайта күшеймейдi, керiсiнше қайта зақымнан кейiн жағдай қиындап, өлiмге әкелеуi мүмкiн.

Қармалауыштардың қайта күйдiруiнен адам өлуi мүмкiн. Өзi кiшкентай болса да, өте қауiптi медузаға жақындамаған дұрыс.

СЦИФОИДТЫ МЕДУЗАЛАР КЛАСЫ

ТАМЫРАУЫЗДЫ МЕДУЗА

Азов және Қара теңiзде, шатырының ұшында қармалауыштары жоқ тамырауызды медуза тiршiлiк етедi.

Iрi медузалар көбiне жылы теңiздерде кездеседi. Олар жақсы жүзедi. Оларда шатырдың булшық еттерi өте жақсы дамыған. Медуза өз қозғалысын әр бағытта өзгерте алады. Үлкен медузалар шелекке әрең сияды. Медузалардың түсi ақшылдау, ал шатырдың ұшында ашық көгiлдiр немесе күлгiн таспа өтедi. Оған жақындағанда қатты күйю мүмкiн. Қоректi ұстау қызметiн ауызқармалауыштары iске асырады. Ауыз қармалауыштары өсiп терең қатпарлар түзедi. Тамырауызды медузалардың ауызы өседi де оның рөлiн ауыз қармалауыштарының қатпарларындағы көптеген ұсақ тесiктер атқарады. Осы жерде ас қорытылады. Бұл медузалар ұсақ планктонды организмдермен, оларды сумен бiрге гастральдi қуысқа сiңiру арқылы қоректенедi.

Кейбiр тамырауызды медузаларды Азия елдерiнде тұздалған түрде асқа қолданылады.

ГИДРОЗОА КЛАСЫ

ГИДРОИДТАР КЛАСС ТАРМАҒЫ

ТҰЩЫ СУ ГИДРАСЫ

Гидра гидроидтардың ең қарапайым түрi. Гидра тұщы сулар мен булактарда кездеседi. Ол биiктiгi 5 тен 10 мм-ге, жиi 1-2 мм-ге жететiн жеке тiршiлiк ететiн полип. Гидраның қармалауыштары өте жiңiшке, және созылған күйде ұзындығы бiрнеше сантиметрге жетедi. Гидраның пiшiнi конус тәрiздi ұшы бар дiңгекке ұқсайды және төменгi бөлiгiнде сорғыш тәрiздi пышақ диск немесе кеңеуi бар. Медузоидты кезеңдi өтiп, полип кезеңi арқылы көбейедi. Гидралар гермафродиттер және жұмыртқа мен сперматозоидтар арқылы көбейедi. Ауыз қуысына жақын спермиялар, аяғына жақын жұмыртқа клеткалары дамиды. Гидраның көбею процессi, жарық сәулелердiң дәрежесiне байланысты. Ол ұсақ омыртқасыздармен қоректенедi. Гидраға регенерацияның жоғарғы дәрежелiгi немесе жоғалтқан дене бөлшектерiне қайта ие болу тән.

ГИДРОЗОА КЛАСЫ

ГИДРОИДТАР КЛАСС ТАРМАҒЫ

ГИДРОИДТЫ ПОЛИП — ОБЕЛИЯ

Теңiз гидроидтар полиптер колониясын бейнелейдi. Атақтыларының бiрi — Обелия. Оның бiрнеше түрi Атлант мухиты мен Жерорта теңiзiнде тiршiлiк етедi. Олардың зигзагтәрiздi сабақты колониялары 30 см биiк болады. Олар буталанып, өте нәзiк ағашқа ұқсайды. Обелияда полиптiң екi түрi дамиды. Сiңiретiн полиптердiң сырты қорғайтын тостағаншамен қапталған. Оларда, атпа клеткалары көп, ұсақ жануарларды ұстайтын қармалауыштары болады. Колониядағы барлық полиптер өзара байланысты және бiр гастральдi қуыста қорегi қорытылады. Полиптердiң басқа түрлерi жыныссыз көбеюге негiзделген. Бұл полиптерде қармалауыштары болмайды. Оларда ұсақ медузалардамып, еркiн жүзуге шығады. Осы медузалардың  гастральды каналдарында спермия мен жұмыртқа клеткалары дамиды. Ұрықталған жұмыртқадан дернәсiл дамып, планктонда жүзе тұрып, қатты субстратқа бекiнiп полипке айналады. Полип бүршiктену арқылы жаңа полиптердi берiп, колония түзедi. Осындай жолмен, Обелияның тiршiлiк циклiнде ұрпақтың алмасуы iске асады: жынысты және жыныссыз. Мұндай процестi метагенез деп атайды.

ГИДРОЗОА КЛАСЫ

СИФОНОФОРАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ

ФИЗАЛИЯ НЕМЕСЕ ПОРТУГАЛЬ КЕМЕСI

Сифонофоралар – жылы теңiздерде кездесетiн, еркiн жүзiп тiршiлiк ететiн теңiз жануарлары. Колониялар физиологиялық мағынасы мен әркелкi құрылымның дарақтары отыратын негiзгi дiңгектен тұрады. Португаль кемесi немесе физалияның колония дарақтары газды колоколға жинақталған, пневматоформен ұзын қармалауыштары бар, адамға күрделi жарақат жасайтын сифонофоралар. Колония теңiз бетiнде ауа жиналатын көпiршiг әсерiнен ұсталынып тұрады. Қорек, балықаулаушы жiпшенiң және атпа клетка көмегiмен ұсталынып, гастрозоидтармен қорытылады. Тынық және Үндi мухиттарында тiршiлiк етедi.

12
скачать работу

Ішекқуыстылар типі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ