Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Испания

Италия, Франциямен мәдени байланысы күшейді. Тас қорғандар мен қамалдар салуда француздардың тәжірибесі қолданылды. 10 – 12 ғасырларда құрылысқа кірпішті пайдаланды. 13 ғасырдың 1-жартысында Бургос пен Леонда ғибадатханалар салына бастады. 14 ғасырда Испандарда мудехар стиліндегі архитектура қалыптасты. Сол кездегі Испандар бейнелеу өнеріне тән қасиет – тұрмыстық детальдарға ден қою, жалпы пішін мен бет-бейненің шынайылығын қадағалау – каталон мектебінің негізін салушы Феррер Бассаның шығарм-нан айқын көрінді. 15 ғасырдың аяғында Қайта өркендеу дәуірінің ұлттық стилі – “платереско” қалыптасты. 16 ғасырда италиялықтар ықпалының күшейе түсуі испан суретшілерінің кәсіби машықтануына әсер етті. Осы тұста Эль Греко шығарм-ы танымал болды. 17 ғасырда чурригереско [арх. Х.Чурригердің (1665 – 1725) есімімен аталған] деген атпен пайда болған испан бароккосы 18 ғасырда жалпы ұлттық стильге айналды (Гранададағы Ла Картух ғибадатханасы). 1744 жылы Мадридте ұйымдастырылған Көркемсурет академиясы академиялық классицизмнің ұйытқысы болды. 17 ғасырдың 1-жартысында испан кескіндемесі басым бағытта дамыды. Өмір шындығының рухани мәнін ашуға ұмтылу, қарапайым заттарға назар аудару Испания суретшілеріне тән тақырып болды. Өмір мәнін шынайы түрде қабылдау, адам мінезіне ерекше көңіл бөлу – сол кездегі суретшілердің, әсіресе, Д.Веласкестің шығармаларынан тамаша көрініс тапты. 17 ғасырдың 2-жартысындағы Испания өнерінен сән-салтанатқа бой ұру, мистика сарыны байқалады. Испаня өнерінің 18 – 19 ғасырлардағы жаңа өрлеуі Ф.Гойя шығарм-мен байланысты. Модерн стилін қолдаушы арх. А.Гауди (1852 – 1926) мен “оқтай түзу қала салу” жобасының авторы А.Сорио-и-Матаның шығарм-ғы қазіргі заманғы қала салу өнерін ілгері дамытты. 1914 – 18 жылғы 1-дүниежүз. соғыстан кейін “тарихи стильдер” алдыңғы қатарға шығып, ғимараттар осы үлгімен салынды. 1950 жылдан кейін “жаңа архитектура” дамып, функциональдік шешімдермен қоса “органикалық архитектура” жүзеге асты. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Испания бейнелеу өнері дәстүрлі салондық академизмнен қол үзіп, импрессионизмге (Х.Соролья (1863 – 1923), Д. де Регойос) бой ұрды. 20 ғасырдың алғашқы он жылында Испания өнері француздардың ықпалында болды. генерал Франко билігі кезінде көптеген суретшілер өз шығарм-мен антифашистік қозғалысқа үн қосты (А.Ибаррола). Тарихи қалыптасуы мен жергілікті ерекшеліктеріне қарай И. музыкасы 5 түрге бөлінеді: 1) кельт-иберлерден тараған баск музыкасы. Музыкалық аспаптары – чисту, альбока (үрлемелі), тун-тун (әр түрлі барабандар); 2) бастауын кельттер музыкасынан алатын галисия музыкасы. Музыкалық. аспаптары – гайта, гальега; 3) стильдік жағынан Оңтүстік Франция музыкасына жақын каталон музыкасы. Музыкалық аспаптары – флювиоль (шағын флейта) және тамбурин; 4) жалпы И. музыкасына ортақ белгілерді қамтыған кастиль музыкасы. Музыкалық аспабы – гитара; 5) Андалусия музыкасы. Оның өзі екі топқа бөлінеді: а) цыган әуені басым канте хонде (кейін фламенко атанды); ә) нағыз Андалусия музыкасы. Вестготтар билігі дәуірінде (5 – 8 ғасырлар) қалыптасқан И-ның кәсіби муз. өнері гимн шығарудың биік сатысына көтерілді. 12 ғасырда трубадурлар мен хуглярлар (жонглерлер) ерлік-эпикалық әндерді уағыздады. 14 ғасырда трубадурлар кантиго, пастораль сияқты муз. жанрлар қалыптастырды. 16 ғасырда орган музыкасындағы имитация-полифониялық және вариациялық стиль қалыптасты. 18 ғасырда тонадилья атты муз. комедия туды. Мадрид (1830) пен Барселонада (1847) консерваторияның және тұрақты опера театрының ашылуы Испания музыка өмірін жандандырды. 19 ғасырдың 60-жылдарындағы комп-лардың (М.Эслава, Ф.Барбьери, т.б.) шығармашылығы Мадридтегі “Сарсуэла” театрымен тікелей байланысты болды. Испанияда 19 ғасырдың соңғы ширегінде комп. Ф.Педрель (1841 – 1922) басшылығымен ұлттық муз. мәдениет қайта өркендеді. 20 ғасырда пианистер – Х.Турина, Р.Виньес; скрипкашылар – П.Сарасате-и-Наваскуэс (1844 – 1908), Х.Манен; виолончельшілер – П.Касальс (1876 – 1973), Г.Касадо (1897 – 1966); гитарашылар – Ф.Таррега, М.Льобет; дирижерлер – Э.Ф. Арбос, К.Супервиа, т.б. елге танымал болды. 1973 жылы Испания бишісі Кэти Клавихо мен гитарашы Гарсия Алонсо Алматыда өнер көрсетті. Испанияда театр ойындары римдіктер үстемдік құрған дәуірде-ақ жүйелі түрде өткізіліп тұрған. Орта ғасырларда діни театр (литургиялық драма, мистерия) және комедиялық халық театры өркен жайды. 14 – 15 ғасырларда сарай театрының алғашқы нышаны байқала бастады. 16 ғасырдың ортасында ойындарында қарапайым реквизиттер қолданған кәсіби театр труппалары пайда болды. Алғашқы осындай труппаны драматург және актер Лопе де Руэда ұйымдастырды. 16 ғасырдың 2-жартысында театр ойындарын шіркеу басшылары өз бақылауына алып, Мадрид (“Корраль де ла Крус”, 1579; “Корраль дель Принсипе”, 1582), Севилья, Барселона, Валенсия, т.б. ірі қалаларда корральдар деп аталатын тұрақты көпшілік театрлар ұйымдастырды. Мұнда аса көрнекті драматург Лопе де Вега (1562 – 1635), Х.Руис де Аларкон (1581 – 1639), Тирсо де Молина (1571/83 – 1648) пьесалары қойылып, Қайта өркендеу дәуірінің гуманистік және демокр. драматургиясы қалыптасты. 17 ғасырда ауто жанры дамыды. Ол шіркеу мейрамдары кезінде жылжымалы платформа – арбаларда қойылып отырды. 18 ғасырда француз классицизмі өріс алып, ол пафос пен декламациялық стильге құрылған актерлік өнер дамуына ықпал жасады. Көптеген театрлар 16 – 17 ғасырлардағы испан драматургиясының туындыларын қоюды одан әрі жалғастырды, ал М.Ладвенант, Р.Луна, М.Р. Фернандес сынды үздік актерлер өз өнерінде реалистік дәстүрге сүйенді. Осы дәстүр сайнете, сарсуэла, тонадилья сияқты муз.-драм. жанрларда да өріс алды. Көрнекті актер И.Майкес Мадридтегі “Каньос дель Пераль” (1801 – 05) және “Принсипе” (1805 – 18) театрын басқарып, театр өнерінде бірқатар маңызды реформалар жүргізді. Мадридте “Эспаньоль” (1849), Барселонада “Лисео” (1847), т.б. жаңа театрлар ашылды. 20 ғасырдың басында сахнада “кіші жанрлар”, жеңіл пьесалар мен мелодрамалар, модерндік драматургия басым болды. Аса көрнекті ақын әрі драматург Ф.Гарсиа Лорка (1898 – 1936) мен драматург А.Касона (1903 – 65), актриса М.Ксиргу театрға реформа жүргізді. Демократияландыруға талпыныс жасалды. Театр цензурасының қыспағына қарамастан, 1950 жылы бірқатар театрларда испан классик. драматургиясынан қойылымдар қойыла бастады. Қазір Мадридте 20-дан астам театр бар. Актер кадрларын Мадрид пен Барселона консерваториясы және Мадридтің драм. өнер мектебі даярлайды. Испаниядағы тұңғыш көркем фильм 1905 жылы түсірілді. Барселона 1908 жылдан кино өндірісінің орталығына айналды. 20 ғасырдың 20-жылдары жылына 30 – 40 фильм жасалды. 1934 жылы тұңғыш дыбысты фильм – “Топырақ дымы” (режылы Э.Ф. Ардавин) жарық көрді. Осы жылдары жасалған таңдаулы кино шығармалардың бірі – испан шаруалары мен батырақтарының аш-жалаңаш өмірін бейнелейтін “Астықсыз жер” фильмі (1932, режылы Л.Бюнюэль, 1900 – 1983). Режылы Бюнюэльдің “Виридиана” (1961) кинофильмі дүние жүзіне әйгілі болды. 1975 – 85 жылы “Қарғаны асыра” (режылы К.Саура, 1932 жылыт.), “Бақшадағы сайтандар” (режылы М.Гутьеррес Арагона), “Аптаның соңы” (режылы Х.А. Бардем, 1922 жылыт.), “Стико” (режылы Х. де Арминьян), “Қанды той”, “Кармен”, “Сиқырлы махаббат” (режылы .Саура), т.б. фильмдер түсірілді.

Әкімшілік құрылысы

Испанияда 17,1 автономиялық аймақ (comunidades autónomas) және 2 автономиялық қала (ciudades autónomas) – Кеута және Милилла, бар.

Тағыда Испания 15 провицияға бөлінеді. Жеті автономиялық аймақ тек қана бір провинцияға кіреді, олар: Астурия (Asturias), Балеар аралдары (Balearic Islands), Кантабрия (Cantabria), Ла Риоха (La Rioja), Мадрид (Madrid), Мурсия (Murcia) және Наварра (Navarre).

Провинциялар аудандарға (comarcas) бөлінеді. Ал одан әрі, олар микро-аудандарға (municipio) айырылады.

Ең ірі қалалар

Мадрид қаласы

Әдебиеті.

Испания әдебиеті испан (кастиль) және баск, галисий, каталон тілінде дамыған. Ол орта ғасырларда халық шығарм-ның және ежелгі дәуір әдебиеті мен араб мәдениетінің ықпалында қалыптасты. Халық шығармалары араб басқыншылығына қарсы күрес кезінде молая түсті. 12 – 13 ғасырларда серілік романдар пайда болды. 14 ғасырда Испания әдебиетінде Х.Альфонс (1221 – 1284) пен Хуан Мануэльдің (1282 – 1348) дидактикалық насихат бағытындағы шығармалары белгілі орын алды. 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында Испания әдебиетінің өрлеу дәуірі басталды. Өрлеу кезеңінің ірі өкілі Ф. де Рохастың (1465 – 1541) “Селестина” романы (1499) Испания әдебиетінде түрлі жанрлардың тууына, театрдың қалыптасуына ықпал жасады. М. де Сервантестің “Дон Кихот” романы (1605 – 15) дүние жүзі әдебиетіне үлес болып қосылды. 18 ғасырда Испания әдебиетіне француз классицизмінің әсері күшейді. Поэзияда ағартушылық бағыт басым болып, мысал жанры дамыды. Бүл кезеңнің өкілдері М.Х. Кинтан (1772 – 1857), Х.Н. Гальегос (1774 – 1853), А.Лист (1775 – 1848) өз шығармаларында еркіндікті жырласа, Ф.Мартинес де ла Роса (1787 – 1862) драмалары испан романтизмінің өркендеуіне жол салды.
1-дүниежүз. соғыстан (1914 – 18) кейін Испания әдебиетінде көптеген ағымдар пайда болып, оның белді өкілі ретінде Ф.Гарсиа Лорка (1898 – 1936) танылды. Испания да

123
скачать работу

Испания

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ