Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қан кету

і салыңыз.
Жгут жаздың күні 2 сағаттан артық емес, ал қыста 1 сағаттан артық емес салыну керек, сондықтан жгут салған уақыт көрсетілген хатты салу қажет.
Осыдан кейін пациентті ауруханаға жеткізу керек, сондай-ақ жгут салынған дене бөлігі киіммен жабылған болуы тиіс.
Аяқ-қолды бүгу тәсілі, егер артериалды қан кетуі ачқ-қолдың сынығынан болмаса қолданылады. Қол мен иық маңының ішкі жағынан қан кеткен кезде бинт салады, қолды білек буынына дейін бұрады және оны бинт арқылы осындай жағдайда иыққа байлап қояды. Иық және қолтық маңынан қан кеткенде қолды барынша арқаға апарады және білек буынында бүгеді. Қол-аяқты бинт арқылы қатайтады. Аяқтан қан кеткен кезде бинтті тізенің астына салып, аяқты тізеге дейін бүгеді және оны жамбасқа бекітеді. Жамбастан қан кеткен кезде аяқты бүгеді және тізі мен жамбас буындарында да бүгеді. Шап аумағында мақтадан немесе киімнен үлкен және тығыз кесек салады.
Күретамырдан қан кету белгілері
Егер қан қара түсті болса және жарадан ақырын немесе әлсіз тамыр соғулы ағынмен ақса, Сіздің пациентіңізде күретамырдан қан кетуі болған. Ірі күре тамырдан қан кетуі (жамбас, бұғана астыр, бұғау) қанды тез жоғалтудан науқас өміріне қауіп, сондай-ақ ауа эмболиясына келтіреді. Тамырлардың жарақатынан басқа күретамырдан қан кетуі мұрынның шырышты қабыршағында қан тамырларының жарылуынан немесе аяқтың варикоз тамырларының жарылуынан мүмкін. Асперинді ішкеннен және артериалды қысымның жоғарлауынан мұрыннан қан кетуі ұзақ уақыт тоқтамауы мүмкін немесе науқасты ауруханаға жеткізуді талап етеді. Кез-келген күретамыр қан кетулері кезіндегі алғашқы жәрдем басып тұратын таңбаны салуда, суықты және жоғары көтеріп қоюды талап етеді.
Күретамырдан қан кету кезіндегі көмек
Басып тұратын таңбаны салу және суықпен әсер ету. Басып тұратын таңбаны жарадан төмен салады, өйткені күретамыр қаны периферия тамырларынан жүрекке қарай көтеріледі. Осындай басып тұратын таңба бірнеше сстерильденген мәрліден немесе ағытылмаған бинттен тұрады, онда жгут немесе эластикалық бинт салынады. Күретамыр жгутын дұрыс салу туралы қан тоқтауы, бірақ басқан орыннан төмен тамыр соғуы куәландырады. Бинттен жоғары қан ағу көзіне мұз оралған киімді немесе сумен толтырыған грелканы салу қажет. 30-40 минуттан кейін суықты 10 минутқа алып тастауды ұмытпаңыз, өйткені осы аймақтағы жалпы қан айналымын қалпына келтіру қжает. Егер қан кетуі аяқ-қолдан болса, онда оны жоғары көтеру қажет.Мұрыннан қан кеткен кезде оның ортасынан қысу керек, алдын ала мұрын қуысына сутек тотығымен 3 % малынған мақтаны салу қажет. Мұрын қырына немесе желкеге 3-4 минутқа арасында 3-4 минут үзіліспен қан тоқтағанша дейін суық басыңыз. Басты артқа қоюдың қажеті жоқ, сондықтан қан өңештің атрқы қабырғасынан ағады.
Капиллярлық қан кету белгілері
Жараның барлық жерінен ақырын қан кетуі – капиллярлық қан кетудің көрсеткіші. Осындай кішкентай жара кезінде, бұндай қанды тоқтау, егер науқас қанының дұрыс ұйымауынан (гемофилия) үлкен қиындық тудырады.
Капиллярлық қан кету кезінде көмек
Басып тұратын таңбаны салыңыз. Егер Сіздің қобдишаңызда губка болса, оны жараға салу қажет, одан кейін басып тұратын таңбаны жасау керек. Егер ондай губка болмаса, онда жараға бірнеше қабат мәрліні салады, ол басып тұратын таңбаны қадағалайды.
Егер жара аяқ-қолда болған жағдайда, оған жоғары жағдай жасау керек және қалыпты жағдай мен суықты (мұзбен) қамтамасыз ету қажет.
Жарақат алған кездегі алғашқы көмектер:
1. Жарақат: соғылған жер, сынықтар, буын шығу
Жарақат кезінде ауыртпайтын дәрілерді (анальгин) береді, аяқ-қолдарды иммобильдейді (таңғыш қалақпен, қолда бар құралдармен немесе қолды денеге, аяқты аяққа байлайды), жарақаттанған жерге суық салады.
2. Жаралар және қан кету
Артериалды қан кету кезінде (алқызыл қан, тамыр соғылатын ағыммен ағады) – жарадан жоғары бұрау салады, бұрауды салған уақыты көрсетілген қағазды қалдырады, жараға таңғыш салу. Аяқ-қолдарды иммобильдейді, науқасқа ауыртпайтын дәрілерді (анальгин) береді.
Күре тамырдан қан кеткен кезде (қара қаннан тамыр соқпайды) – стерилденген салфетканы жараға салады және бинтпен қысатын таңғыш салады.
Капилляр тамырларына қан кеткен кезде – стерилденген салфетканы жараға салады, ауыртпайтын дәрілерді (анальгин) береді. Кішкентай жаралар мен терісі сыдырылған жерлерді бриллиант жасылдың, йод немесе сутек тотығының ертіндісімен өңдеу керек, бактерицидті пластырьмен жапсыру қажет.
3. Күйіктер
Үлкен күйіктер кезінде стерилденген таңбаны салу қажет, ауыртпайтын дәрілерді (анальгин) береді. Бір стақан сілті суын ішеді.
4. Жүректің түйілуі
Жүрек түйілген кезде тілдің астына нитроглицерин немесе валидолдың бір таблеткасын салу қажет немесе 50 мл суда корвалолдың 15-20 тамшысын ішу қажет.
5. Талып қалу
Талып қалған кезде науқасты жерге жатқызып, аяғын көтеріп, мақтаға мұсатыр спиртін құйып иіскетуге беріңіз.
6. Стрестік реакциялар
Стрестік реакциялар кезінде 50 мл суда корвалолдың 30 тамшысын араластырып, науқасқа сумен жұтуға беру керек.
7. Жүрек – өкпе реанимациясы
Жүрек – өкпе реанимациясы науқаста есі, тынысы және ұйқы артериясында тамыр соғуы болмаған кезде медициналық қызметкер келгенше дейін немесе тыныс мен тамыр соғуы қалпына келгенше дейін жүрекке тура емес массаж және «ауыздан ауызға» жасанды тыныс беру жолымен жасау керек.
8. Улану
Уланған кезде асқазанды жуу қажет. Активтелген көмірдің 2-3 таблеткасын беру қажет.
9. Көздің зақымдануы
Көзге бөтен денелердің және заттардың тиюі немесе көз зақымданған кезде көзді сумен жуып, натрий сульфацилінің 2-3 тамшысын тамызыңыз.
Қан кету ауыр жарақаттардың әсерінен болады.Сондықтанда өмірдегі ауыр жағдайлардан жол таба білу керек.Жарақат алмау керек.Жарақат алған жағдайда алғашқы көмек көрсету керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1)Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
2)Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

12
скачать работу

Қан кету

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ