Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қан жүйесі

ды. Одан әрі тромбоциттердің қайтарымсыз агрегациясы жүріп, олар плазманы өткізбейтін біртекті массаға айналады. Тромбоциттерден бөлінген заттардың әсерімен қан тамыры тарыла түседі, 3-фактор — тромбоцит протромбиназасы арқылы қанның ағуын тоқтатудың коагуляциялық (ұю) механизмі іске қосылады. Осыдан кейін тромбоцит ұйығы тығыздалып, қан ұйығының ретракциясы нәтижесінде тромбоцит тығыны зақымданған тамырға бекиді, қанның ағуы тиылады.

Ірі тамырларда тромбоцит ұйығы үлкен қысымға шыдамайды, шайылып кетеді. Мұндай жағдайда қанның ағуын тек фибрин ұйығы тоқтатады, коагуляциялық механизм іске қосылады. Бұл кезең үш сатыда өтеді.

Кезеңнің бірінші сатысында XII, XI, VIII, VII, IX, IV, V — факгорлар мен тромбоциттердің 3-факторының әрекеттесуі нөтижесінде күрделі процесс жүріп, тромбопластин (ІІ-факгор) пайда болады. Тромбопластин ұлпалар мыжылып зақымданғанда да пайда болады, оны ұлпа тромбопластині деп атайды.

Ұюдың екінші сатысында тромбопластин плазманың IV, V, VI, VII факторларымен әрекеттесіп, тромбоциттердің 1 және 2 факторларының қатысуымен К дәрмендәрісі жеткілікті болған жағдайда бауырда түзілетін бұйығы фермент протромбинге әсер етіп, оны белсенді фермент — тромбинге айналдырады.

Қан топтары және қан құю

Адамның немесе бір түр дарақтарының иммунологиялық белгілеріне — эритроциттер құрамында агглютиногендердің, плазмада -агглютининдердің болуы болмауына қарай, — ерекшеленетін қан белгілерінің бірлестігін қан топтары дейді. Австрия ғалымы Кландштейнер (1901) мен чех ғалымы Я.Янский (1907) зерттеулері нотижесінде эритроциттерде А және В деген екі түрлі агглютиноген-дер (антигендер), ал плазмада екі түрлі агглютининдер (антиденелер-жабыстырғыш заттар), — ά және β болатыны анықталған. Қан құрамында олар жеке-жеке, қос-қос немесе тіпті болмауы мүмкін. Агглютиноген А(В) мен агглютинин ά (β) аттастар деп аталады. ά агглютинин А агглютиногені бар эритроциттерді, ал β агглютинин — В агглютиногені бар эритроцитгерді жабыстырады. Сондықтан бір адамның қанында өр тектес агглютиноген мен агглютинин ғана болады. Адамда олар төрт түрлі бірлестікте немесе топта кездеседі: 1(0) топ қанының эритроциттерінде агглютиногендер болмайды, ал плазмасында а мен 3 агглютининдері болады. II (А) топта — агглютиноген А мен агглютинин β, /// (В) топта — агглютиноген В мен агглютинин ά болады. IV (АВ) тобында А және В агтлютиногендері болады да, агглютининдер болмайды. Егер қан құйғанда донор (қан беруші) қанының эритроциттері реципиенттің (қан қабылдаушы) аттас агглютининімен кездессе, эритроциттер агглютинациясы (жабысу) жүреді. Мұндай қандар сәйкес емес қандар деп аталады.

Қаны  I топқа жататын адамға тек I топтың қанын құюға болады, ал IV  топ қанын басқа топтардағы адамдардың барлығына құюға болады. Сондықтан қаны I топқа жататьш адамдарды өмбебап донор. Қаны IV топқа жататыңдарға барлық топ қанын құюға болады, оларды әмбебап реципиенттер дейді. Қазіргі кезде АВО жүйесінен басқа 200-ден астам әр түрлі агглютиногендердің болатыны анықталған. Бұл агглютиногендерге қарсы дайын агглютининдер болмайды және организмде түзілмейді, сондықтан оларды ескермейді. Олардың арасында тек бір агглютиноген — резус-факторға (Rh) ғана көңіл аударады. Дүние жүзіндегі адамдардың 85 пайызының қаныңда резус фактор болатын көрінеді (резус оң қан, Rh+), ал 15 пайызында бұл агглютиноген болмайды (резус теріс қан, Rһ-). Теріс резус-факторлы адамға оң резус-факторлы қан қүйылса реципиент организмінде қорғағыш денелер — антирезус-фактор түзіледі. Осындай реципиентке екінші рет оң резус-факторлы қан құйылса, дайын антирезус-фактордың әсерімен эритроциттер жабысып, агглютинация процесі жүреді. Теріс резус-факторлы ана оң резус-факторлы бала көтерсе де осындай қүбылыс байқалады.

Қанның тобы мен резус-факгор белгілі заңдыпықпен тұқым қуалады. Мал қанының топтарында өлі күнге дейін белгісіз жәйттер көп. Мал эритроциттеріңде көптеген агглютиногеңдер болады, сондықтан қанды төрт топқа біріктіру мүмкін емес. Әрбір топты бірнеше агглютиногеңдер түзеді, сол себептен мал қаны генетикалық жуйеге бөлінеді. Мәселен, ірі қарада 85 агглютиноген болғандықтан оларды 11 генетикалық жүйеге бөледі. Жылқыда 16 агглютиноген 8 жүйе, қойда -26 агглютиноген 7 жүйе, шошқада 50 агглютиноген 14 жүйе, тауықта 60 агглютиноген 14 жүйе болады.

12
скачать работу

Қан жүйесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ