Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Канар аралдары



 Другие рефераты
Жер планетасының эволюциясы Италия Республикасының Конституциялық құқығы Табиғатты аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы Топырақтың адамзат үшін маңызы

Қанар аралдары Испанияның 17 автономдық облыстарының бірі. Олар Европалық экономикалық қоғамдастыққа елдің бір бөлігі ретінде біріктірілген. Дегенмен, бұл мүшеліктің аралдардың ара-қашықтығына, экономикалық және тарихи-дәстүрлік ерекшеліктеріне байланысты өзіндік өзгешеліктері де бар.

Канара астанасы Санта-Крус-де-Тенерифе және Лас-Пальмас аралдарының ірі қаларының қақ ортасында орналасқан. Автономиялық үкіметтің Президенті әр астанада 4 жыл сайын сайланады. Құрамында 60 депутаты бар Парламент Санта-Круста – қала орталығында орналасқан. Әр аралдың Сabildo insular – мәңгілік көктем аралдары деп аталатын өзіндік жергілікті үкіметі бар.
Канара архепилагын құрайтын жеті арал Переней жартылай аралынан оңтүстікте шамамен 1000км-дей және африкалық жағалаудың ең жақын нүктесінен 115км қашықтықта орналасқан. Олардың сарқырамалық тегі және Атлант мұхитындағы ерекше жағдайы европалық, сонымен қатар африкалық аралдарға қарағанда геологиялық, өсімдік әлемі, сондай-ақ, табиғат көрінісі айқындалады. Мұндай табиғат ерекшеліктері әр мерзімде, тәулікте көп өзгермейтін төменгі температуралық (жағалаудағы жылдық орташа температура 220С құрайды) жағымды климатты белгілейді.
Аралдардағы көктемгі климат шамадан тыс аптаптан запа шекпей-ақ жыл бойы кез келген уақытта жағажайды пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай климат Қанар тұрғындарының жағымды мінезін көрсетеді. Канара аралдарының жұмсақ климаты ежелден бері адамдарды өзіне тартып келеді.
Гректер бұл жерлерге ғасырлар бойы «Бақытты аралдар” деп аталып келген Гесперидтер бағын тұрғызды.
Қанар аралдарының даңқы саяхат мақсатында XVIII – XIXғғ. Ғылыми экспедициялар дәуірінен басталады. Бұл кездері европалық натуралистер ерекше сарқырамалық ландшафтар мен бай өсімдіктер дүниесін зерттеу үшін аралдарға қатынаған.
XIX ғасырдың соңында аралдардың даңқы одан әрі күшейе түсті, олар демалыс және көптеген ауруларды емдеу орны болды.
Қазіргі уақытта Қанар аралдары европалық туризмнің ең маңызды орталықтарының бірі болып табылады. Олардың жағалауында әржыл сайын 8 млн-нан артық адам тынығып, ғажайып әсереге бөленеді.
Канар жерлеріндегі тамаша сарқырамалық табиғат кез келген адамға таңқаларлық күй кештіреді. Бұл сарқырамалық көрініс әр европалық саяхатшының ең керемет демалыс орны болып саналады. Сарқырама көшкіні, құм, базальт құздары мен жартастары, көшкін даласы, сонымен қатар, сарқыраманың жарқылы, жердің ұсақ бөліктерге бөлінуі кез келген адамды қуанышқа бөледі. Қанар аралдарының негізгі байлығы, маңызды ерекшелігі табиғат екендігіне күмән жоқ. Бұл туризм бизнесінде маңызды рөл атқарады.
Қанар аралдарының мұндай тартымдылығы туристер үшін өте мәнді. Мұндағы климат, 1500км-лік жағалау сызығы, салтанатты жағажай спортпен және су спортымен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл жерлердің халқы, Европа, Африка, Америка мәдениетімен қосылған дәстүрлі асханасы, барлығы да ғажайыпқа толы. Бұған олардың ыңғайлылығын (ескі әлемнің ірі қалаларынан бірнеше сағат ұшу) және көптеген елдерге үлгі болатын туризмнің жақсы дамыған инфрақұрылымын да қосамыз.
Соңғы онжылдықта туризм қанар аралдарының тұрғындары үшін негізгі мәселе болып келеді.
Өндірістің пайыздық қатынасын талдау арқылы бұған көз жеткіземіз. ІҰӨ (ішкі ұлттық өнім): ауыл шаруашылығы – 4,13%, өндіріс – 11,28%, құрылыс – 11,56%, қызмет көрсету – 73,03%. Соңғы бөлімді (қызмет көрсету) туристік бизнес қызметтері: өзгерту жұмыстары, туристік агенттіктер, транспорттық қызмет көрсету, жатын орындары, т.б. мысалы, туристерден түсетін пайзаның есебінен дамып, өркендейтін коммерциялық орталықтарды қамтиді.1995 жылы Қанар аралдарына 4,5 миллион саяхатшы келді.
Канар аралдарының алаңы – 7,447 шаршы км, халқы – 1,700 000 адамды құрайды. Осылайша, халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 230 тұрғынды құрады. Тұрғындардың көптеген бөлігі Қанар аралдырының екі астанасына шоғырланған. Эль Йерро, Ла Гомера, Лансароте және Фуэртевентура аралдары халық ең қоныстанған аралдар болып есептеледі.
Тенерифе – Испанияның автономиялық облыстарының бірі болып саналатын Қанар архепилагының нң үлкен аралдарының бірі болып табылады. Тенерифе аралының керемет климаты мен табиғат ерекшеліктері оны әлемнің ғажайып дауалы жерлерімен қатар қояды. Біртектес және жұмсақ теңіздік климатына байланысты Тенерифені «мәңгілік көктем аралы” деп атайды.жыл бойы бұл тропикалық жұмаққа әлемнің әр бұрышынан мыңдаған туристер қатынайды. Тенерифе табиғаты өте бай және әр түрлі, сондықтан аралды мүсіндегі құрлықпен салыструға болады. Ұлы таулар мен өнімді дала, қою тропикалық және субтропикалық ормандар мен сарқырамалық шөлейттер, тау шатқалдары мен құм – табиғаттың барлық ерекшеліктері арал ландшафтында көрініс тапқан. Жатын орындары мен туристік кешендер лорналасқан жағалау сызығына алтын немесе қара құмнан және кіші төмпешіктер құрайтын жартастар мен құздардан тұратын ашық жағажайлар тән.
Тенерифенің оңтүстік бөлігі солтүстік-шығыстан соққан қатты желді аралдың биік таулары ұстап қалатын жылы, жағымды климатпен ерекшеленеді. Осының нәтижесінде Тенерифенің оңтүстігі жыл бойы күннің шуағына бөленіп тұрады. Adeje және Arona провинциясында орналасқан Las Americas және Los Cristianas дауалы қалалары, сонымен қатар көптеген туристік орталықтар бар.
Тенерифенің оңтүстігіндегі жатын орындардың көпшілігі 80-90жж. Пайда болды. Бұл дауалы құрылыс саласындағы жаңа жетістіктердің пайда болуына ықпал етті. Бұл отельдердің сервистік қызметінің әр түрлілігінен хабардар береді. Жаңа заманғы қонақ үй кешенінің аралдың табиғи ландшафтымен үйлесімдігін көрсетеді.
Аралдың солтүстік бөлігі оңтүстігіне қарағанда дымқыл климатпен ерекшеленеді. Тұрақты температура субтропикалық өсімдіктер әлемінің кең жайылуына ықпал етеді. Valle orotana даласының ең басты қаласы Puerto de la Cruz Тенерифеде пайда болған ең алғашқы дауалы жер, бүгінгі күні халықаралық туризмнің орталығы болып табылады. Мұхит жағалауымен серуендеп жүрсеңіз, ерекше әдемілікке куә боласыз. Lagos Martlanes жасанды көлдері, Loro Parque белгілі тотықұстар саябағы балаларды да, ересектерді де мол қуанышқа тәнті етеді. Әрине, курорттық ландшафтың ажырамас бөлігі болып керемет мұхит жағажайлары табылады. Олар сарқырама құмына толы.
Тенерифеде қызықты өсімдіктер дүниесі мен хайуанаттар әлемінен құралған әр түрлі мамандандырылған саябақтар орналасқан. Loro Parque – хайуанаттар және өсімдікте саябағы. Мұнда көптеген түрлі-түрлі тотықұстар бар. Саябақта сонымен бірге аквариум мен дельфинарий де бар, жануарлар мен құстардың қатысуымен әр түрлі сайыстар өткізіледі. Arona қаласының маңында бірнеше саябақтар орналасқан. Las Aquilas-del Feide — өсімдіктер дүниесі мен хайуанаттар әлемінің әр түрлі қызықты тропикалық, таулы және шөлейттік түрлерінен көрініс беретін жануарлар және өсімдіктер саябағы. Мұнда қыран, қаршығалардың қатысуымен көптеген жарыстар өткізіледі; Tenerife Zoo – сирек кездесетін экзотикалық жануарлардан тұратын ( бауырымен жорғалаущылар, жыртқыштар) хайанаттар бағы ; Cactus Park – ең кішісінен бастап алып кактустарға дейін мәлімет беретін саябақ,.
Octopus су атракциондарының саябағы Plaia de la Americas курортының орталығынан 2 км қашықтықта орналасқан . Дауалы жер орталықтарында көптген су асты жүзу клубтары да бар.

скачать работу


 Другие рефераты
Шетелдік Азия
Предпринимательский риск виды риска, оценка фактов и способы его минимизации
Деректану әдісі
Төлеген Айбергенов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ