Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Канттың философиядағы таным мәселесі

ъект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ.

Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаңбастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс - әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді.

Таным процесін жай бейнелеу деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде Кант мына жәйтты естерімізге салып отыр: таным процесінде субъект объектіні сырттан жай бақылап қоймайды, оныңішкі құрылымын, байланыстарын ашады, объектіні өзгертеді.

Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын,әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті — бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне — мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді. Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл - бүкіл объективтік реалдылықемес, онымен субъект қарым-қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние - шексіз. Таным объекті сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана. Сондықтан философиядағы дәстүрлі мәселе: «дүние таныла ма?» деген мәселе - абстракты қойылған мәселе. Ол жөніндегі әдеттегі түсінікте: «дүние танылады» деген тұжырым - абстракты. Дәұрысында - «дүние таныла ма?» - деген сұраққа: - «Жок, танылмайды» - деп жауап беру орынды. Әрине, Кант-ғалым дүниенің танылатынына күмән келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан, ол ешкашан да бұратала танылмайды. Канттың кезінде де, одан кейінде де Кантты «агностик» деп айыптау Канттын ұстанымын түсінбеуден туған. Кант таным процесіне нақты, тарихи тұрғыдан карауды талап етеді. Формальды тұрғыдан «дүниетанылмайды» дегенпікір агностицизмді білдіреді. Бірақ Канттың пікірі таным процесінін күрделілігін, дүниенің шексіздігін, ал субъект пен объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін түсінуден туған.

Кант объективтік реалдылық ретіндегі шексіз дүние мен белгілі бір кезеңде таным объектіне айналған нақты дүниені (құбылыстарды) ажыратады. Алғашқысын «өзіндік зат» деп атайды; ол жөнінде біздің санамызда нақты түсінік жоқ, біз онымен қарым-қатынасқа енген жоқпыз. Сондықтан ол дүние танылмайды. Ал объект - бұл «біздік зат», бізді қызықтырған, біз танығымыз келетін дүние. Объект, сөз жоқ, ерте ме, кеш пе танылады. «Өзіндік зат» та, дейді Ленин, бүгін танылмағанмен кейін бара-бара танылады, «біздік затқа» айналады. Болашақта қойылатын осындай сұрақтарға жауап ретінде Кант мынаны ескертеді: таным объектері үнемі өзгеріп, күрделеніп отырады,жаңа объектер пайда болады, біраққай кезде де әлі таным объектіне айналмаған, сондықтан танылмаған «өзіндік заттар» болады.

Кант философияда тұңғыш рет таным ерекшелігі жөніндегі мәселені қойды. Нақты таным процесіне кіріспестен бұрын, дейді Кант, «таным дегеніміз не?», «таным қалай жүзеге асады?», «танитын кім және танылатын не?», «танымның шегі бар ма?» деген сияқты мәселелерді шешіп алу керек. Таным процесімен барлықғылымдар айналысады, бірақ жаңағыдай мәселелерді шешу тек философияныңғана қолынан келеді. Өйткені, философияны танымнәтижесі ғана қызықтырмайды, сол нәтижеге, яғни объект жөніндегі ақиқат білімге апаратын жол да қызықтырады. Философияныңгносеологиялықтұжырымдары басқа ғылымдар үшін методологиялық нұсқау болып табылады. Сонымен, философия, Канттың ойынша, нақты таным процесінен тыс, оған дейін таным жайын, мүмкіндігін анықтап алуы керек. Ұстазының бұл идеясын кейін Гегель келеке кылады: «Кант бұл арада суға түспей тұрып, суда жүзуді үйренбек болған схоластка ұқсап кеткен» - дейді. Гегель сөзінің де жаны бар: суда жүзуді үйрену үшін суға түсу керек, әлденеше рет батып шығу керек. Сол сияқты танымның мәні, мүмкіндігі таным процесінде ғана анықталады. Оған дейін оны қалай білесің?

Сонымен бірге Канттыңойында да терең мағына жатыр: танымның өзіндік ерекшеліктері бар, таным жайын объект арқылы да, субъект арқылы да тиянақты біліп алу мүмкін емес. Адамға салсаң, ол бәрін де танып білгісі келеді, ал бұл мүмкін емес. Кантқа дейінгі материалистер танымды сыртқы дүниедегі заттардыңайнадағыдай бейнесі деп танып, таным жайын сыртқы дүние арқылы түсіндірмек болды. Мұндай әрекеттен бірақ ештеңе шықпады. Субъективтік идеалистер, керісінше, таным процесін субъектің іс-әрекеті деп, ал субъекті «Менге», ойлауға, санаға теңеп, таныммәнін субъект арқылы түсіндіруге тырысты. Бұдан да нәтиже шықпады. Таным күрделі кұбылыс болып шықты.

Кант ілімінде осы кезге дейін мәнін жоймаған құнды идеялар жетерлік. Мына бір идеяға назар аударып көрейік: адам кімге, неге болса да құрал болмауы керек; керісінше, өзіне де, басқаға да, қоғамға да мақсат болғандай дәрежеге жетуі керек (Қара: Кант И. Соч. в 6 т. Т.4,4.1, с. 209-270) Нағыз гуманистік, адами идея! Өкінішке орай, бұл идея әлі де еш елде, еш жерде жүзеге аса қойған жоқ. Барлық жерде адам өзін де, басқаларды да құрал ретінде пайдаланып келеді және басқаға да, қоғамға да өзін құрал етіп пайдалануға мүмкіндік беріп келеді.

Бұрынғы кеңес кеністігінде соңғы кезге дейін Кантты дұрыс түсініп, орынды бағалау деген болған жоқ. Кеңес философтары, маркстік-лениндік философияның өкілдері Канттың алдында үлкен қарыздар. Ол жөнінде сөз бола қалса, еститініміз бір сарын еді: Кант - агностик, Кант - субъективтік идеалист, Кант - дуалист т.т.; Кант танымның өрісін тарылтып жіберді; тұтас дүниені танылатын затқа және танылмайтын затқа бөліп тастады; мән мен құбылыстың арасына өтпестей шек қойды; Кант білімнің, ұғымнын субъект пен объектің әр алуан қарым-қатынасынан, тәжірибеден туғанын көре тұра, априоризмге бой ұрды, яғни, тәжірибеден тыс, тәжірибеден бұрын пайда болатын білім бар деген пікірге келді; материализм мен идеализмнің арасында ауытқып, дәйексіздік танытқанмен, Кант негізінде субъективтік идеализмді жақтайды деген сияқты алып-қашпа пікірлер келтірілетін еді.

Кант ілімінде дүниенің, өмірдің қайшылықты сипаты терең ашылған. Осының салдарынан таным да қайшылыққа, антиномияларға кездесіп отырады. Мысалы, дүние шекті ме, әлде шексіз бе? Бұл сұраққа бір мағынада - шекті не шексіз деп - жауап бере алмайсың; шекті де, шексіз де деп жауап беруге тура келеді. Адам қашан да дүниенің шегіне жете алмайды. Сонымен қатар дүние шегі бар, шекарасы бар заттардан тұрады. Басқаша айтқанда, дүниенің шексіздігі шекті заттардың болуымен байланысты. Бірінсіз бірі болмайды, қарама-қарсылықтар (шектілік және шексіздік) бірін бірі керек етіп тұрады.

 

Қорытынды

 

Өмірінің соңғы кезінде Кант кейінгі адамзатқа аманат етіп, «Мәңгі бейбіт өмірге» деген кішігірім трактат жазып қалдырды. Оны оқи отырып, тап осы кезде - XXI - ғасырдын басында жазылған ба деп қаласың. Дүниедегі ең қымбат қазына Кант үшін - адам өмірі. Адам өмірін сақтау үшін халықтар арасында бейбітшілік орнау керек. Өздерінің әлеуметтік құрылымының, нәсілінің, дінінің. тілінің, мәдениетінің айырмашылығына қарамастан халықтар өзара келісіп, тату – тәтті өмір сүруі керек. Саясаттағы ең басты мәселе - жер бетіндегі өмірді сақтау. Осы мақсатта Кант дүниежүзі халықтары әр халықтың, ұлттың, әр адамның құқықтарын мойындайтын халықаралық келісімді қабылдауы керек деген идеяны ұсынды. (Қара: Кант Соч. Т.6., М., 1966, с. 260-289)

Ешкімнің де ар-ұжданы, сенімі, еркіндігі, қалауы аяққа басылмауы керек. Көптеген философтар сияқты Кант - утопист. XVIII- ғасыр түгіл, ХХ-ғасырда да оның бұл идеясы жүзеге аса қойған жоқ. Бірақ осыған қарап, оның ойы құр сандырақ деуге бола ма?

Біз Кант іліміндегі өміршен, жаңашыл идеяларды, пікірлерді, шешімдерді түгел қамтып шықтық деп айта алмаймыз. Біз солардың кейбір үлгілеріне ғана тоқталып өттік. Бірақ осының өзі философия жайынан хабардар адамдарға ой салар деген үміттеміз.

XX- ғасырдың басында Батыста философтар арасында «Кейін, Кантқа карай!» деген қозғалыс өріс алды. «Жаңакантшылдық» деген беделді ағым пайда болды. Олардың түсінігінде Кант ілімі ескірген жоқ, керісінше, ХХ-ғасыр Кант сияқты ойшылдарды керек етіп жатыр. Кантқа қайта оралу XXI - ғасырдың басында да орынды. Өйткені Кант-болашақтың ғұламасы.

Кант жөнінде көрнекті неміс филологы және философы З.Гумбольдтің мына сөзімен аяқтағымыз келеді: «Канттың даңқы жөнінде әңгіме болғанда үш нәрсе күмән туғызбайды... Ол қиратқан нәрсе қайтадан қалпына келмейді: ол құрған нәрсе ешқашанда қирамайды; ең бастысы, - дейді Гумбольдт, - оның философияда жасаған төңкерісіне ойлау тарихында ешнәрсе тең келмейді».

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

Философия тарихына шолу             автор:    Т. Х. Рысқалиев

Қысқаша философия тарихы  автор: Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов

Тарихи философиялық таным    автор: А. Қасабеков

Философия тарихы        Ж. Алтай, А. Қасабеков, К. Мұхамбетәлі

12
скачать работу

Канттың философиядағы таным мәселесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ