Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Капитал және жер рыноктары

а итермелейді. Сақтық қорды ұсыну өседі. Бір  жағынан пайыз ставкасының өсуі тұтынушыны нақты табысын өсіруі арқылы қазіргі кезеңде де, болашақта да барлық сапалы тауарларға деген сұранысын өсіреді. Пайыз ставкасы өскенде бүгінгі тұтыну деңгейін қысқартпай-ақ, болашақтағы тұтынуды көбейтуге мүмкіншілік пайда болады. Пайыз ставкасының өсуінен табыстың өзгеру әсері пайда болса, сақтық қорды ұсыну қысқарады. Тұтынушының сақтық қорды ұсынуы табыстың өзгеруінің алмастыру әсері мен табыс әсерінің салыстырмалы күшіңе байланысты болады.        

Жер ерекше өндіріс факторына жатады. Жер ресурсы шектелген, оның ұсыныс өте икемсіз. Жерді оның иесі ұсынады, ал жерді әр түрлі мақсатта қолданам деген адам сұраныс білдіреді. Жерге сұраныс білдіруші әр түрлі мақсатпен жерді уақытша жалға алуы немесе сатып алуы мүмкін. Егер жер уақытша жалға алынса, жердің жалдау ақысын жер рентасы дейді. Жерге меншік иесі болу үшін оны сатып алады. Сондықтан жердің бағасы және жер рентасы деген ұғымдарды шатастырмау керек.

Жер ресурсы шектелген және жердің ұсыныс өте икемсіз болғандықтан, рента тек қана сұраныстың деңгейімен анықталады. Егер жер ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру үшін қолданылатын болса, рентаның мөлшеріне жердің  құнарлылығы мен оның жатқан орны ( ауыл шаруашылығының өнімдерін сататын  нарыққа жақындығы) әсер етеді.

 Құнарлы жердің өнімділігі жоғары және орташа шығыны төмен болғандықтан, фермер экономикалық пайда алады. Оны дифференциалды рента дейді. Дифференциалды рентаны ауыл шарушылығының өнімдерін сататын нарыққа жақын жатқан жерлерді өндейтін фермерлер де алады. Себебі, өнімді тасуға шығатын шығын аз болады. Ал, құнарсыз жерлерді өндейтін фермерлер ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықтағы бағасына байланысты қарапайым пайда алады. Егер баға төмендеп кететін болса, нарықтан шығып кетеді. Дифференциалды рентаны алу тұрақты болады. Себебі, құнарлы және нарыққа жақын жатқан жерлер өте шектелген және олардың ұсынысы өте икемсіз.

Жер өндіріс факторларының нарығында сатылады. Нарықта жердің иесі мен жерді сатып алушылар және жалдаушылар бір-бірімен кездеседі. Жердің бағасы мен оны жалдау ақысы нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты қалыптасады. Оны 12.3.1 суретіндегі графиктердің көмегімен талдаймыз.

 

 

Жердің иесінің негізгі мақсаты – жерден барынша жоғары пайда табу. Жердің ұсыныс (S) икемсіз болғандықтан, оны графикте тік сызық ретінде көрсетеміз. Жерге сұраныс қисығы жерді жалдау ақысынакері байланысты болғандықтан, жоғарыдан төмен қарай еңкіш болып сызылады. Оны 12.3.1. А,В суреттерінен көреміз.

12.3.1 суретіндегі графиктерде жетілген бәсекелі жер ресурсының нарықтағы тепе-тең бағаның қалыптасу механизмдері көрсетілген. Мысалы, нарықта қалаға жақын жатқан 100 гектар жер ұсынылады. (В графигі). D2 –жерге үй құрылысымен айналысатын фирманың сұранысы, D1 – фермерлердің сұранысы, D3 – кәсіпорынның сұранысы. Жердің иесі жерді ең жоғары баға ұсынған ( бір гектарына айына 1000 тенге жалдау ақысын төлеуге дайын) кәсіпкерге жалға береді.

12.3.1 суретіндегі А графигінде ұсынылған жер қаладан алыс орналасқан және мал шаруашылығының өнімдерін өндіруге ыңғайлы делік. Бұл жер тек қана фермерлерді ғана қызықтыруы мүмкін. Тепе-тең жалдау ақысы бір айда  450 теңге. Егер осы жердің иесі жерін жақындата алатын болса, онда ол жерін 1000 тенгеге жалға бере отырып, мейлінше көп пайда алатын еді.

Сонымен, басқа экономикалық ресурстардың нарығына қарағанда, жер ресурсының нарығында жалдау ақысы немесе жер рентасы әр түрлі болады. Оларды теңестіруге жердің қсыныс әсер ете алмайды. Жерді жалдау ақысы немесе жер рентасы жерге деген сұраныстың мөлшерімен анықталынады. Ал сұраныстың деңгейі жердің өнімділігі мен орнына және жерді қолдану мақсатына байланысты анықталынады.

Жер нарық экономикасында сату және сатып алу объектісі ретінде болады. Жердің бағасы жерге төлейтін жалдау ақысына немесе жер рентасына тура байланысты. Жердің бағасы – болашақтағы жер рентасының дисконтталған құны. Егер жерден алынатын болашақтағы жылдық рентаны-  R, жылдық несие ставкасы – i болса, жердің бағасы Pl =R/i болады. Мысалы, жылына жерден алатын рента 10 000 тенге, ал несие ставкасы 10 пайыз болса, жердің бағасы:

        10000

Pl = -------      100 = 100 000 тенге болады.

          10

               

                 Қорытынды

1. “Капитал” сөзі латын тілінен аударғанда “басты” (негізгі) дегенді білдіреді.

2. Капитал : а) өндірісте пайдаланылатын жабдық, ғимарат және аяқталған құрылыстардың жиынтығы; б) Жабдық, ғимарат және аяқталған  құрылыстарды сатып алуға бөлінген қаржылар; в)  ақша, тауар, өндіргіш түрлерінде болып келеді.

3. Құнды ауыстыру тәсілі бойынша: негізгі капитал, айналым капиталы болып бөлінеді.

4. Меншіктік түрі жағынан капитал: жекеменшік (жеке, жанұялық); корпоративтік /ұжымдық/ (АҚ-дар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктері, бірлестіктер); мемлекеттік  / республикалық, коммуналдық); аралас; шетелдік.

5. Қалыптасу көздері бойынша капитал бөлінеді меншіктік және несиелік болып.

6. Пайдалану бағдарлары бойынша: негізгі қорларды қалпына келтіру, қайтадан жасау, күрделі жөндеу; жаңа кәсіпорындарды салуға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге.

7. Капиталдың тозуы және өндірісті ұлғайтуға тырысу жеке немесе заңды тұлғалардың өндірістік тауарларды сатып  алуларына қажеттіліктерін тудырады. Бұл процесті инвестициялау, ал дәл сол тауарларды сатып алуға белгіленген ақшаны – инвестиция деп атайды.

8.  кәсіпкерлік қызметінің басты мақсаты – (пайданы) табысты неғұрлым көп табу.

9. Капиталға тиісті  пайыздық табыс негізінде капиталдық игіліктің таза өнімділігі жатады.

       

Тақырыпты оқуға арналған әдістемелік кеңестер

                Аталған тақырып микроэкономика пәнінің маңызды тақырыптарының бірі болып табылады және де бұл тақырыпты семинар сабағында талқылауға және игеруге 1 сағат жоспарланады. Оқу-әдістемелік кешен бойынша студентерге тақырыптың дәрістік мән-мәтінін сипаттайтын негізгі сұрақтарды толығымен оқып түсінуді міндеттейміз, сонымен қатар, тақырып бойынша негізгі терминдерді мүмкіндігінше жаттап алуға көп көңіл бөлу қажет. Дәріс мәтініндегі негізгі графиктер тақырып бойынша аса көп кездесетіндіктен, сол графиктердің де мәнін өз бетінше терең түсініп, оларды жеке тұрғыдан сала білу қажет. Ал бұл негізгі терминдер мен графиктер қатарынан нөмірі 1, 3, 4, 5 міндетті әдебиеттер тізімі бойынша жасалған. Сондай-ақ, дәрістің негізгі теориялық сұрақтарының қысқа да нұсқа мәтінін нөмірі 9-шы міндетті әдебиеттен оқуға кеңес береміз. Бұл тақырыптың негізгі мазмұны әр әдебиетте әртүрлі тұрғыда берілуі мүмкін, сондықтан тақырыпты талқылау барысында негізгі әдебиет көздеріне сілтеме жасалып, өзара салыстырылып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін жеткізе білу қажет. Студенттерге дәрістің тек теориялық сұрақтарын оқумен шектеліп, оны семинар сабағында талқылап қана қоймай, СОӨЖ сабағында нөмірі 2, 5 міндетті әдебиеттер тізімі бойынша тақырып бойынша әртүрлі тапсырмаларды, тест сұрақтарын, жаттығулар мен есептерді орындауды өз бетінше және оқытушының көмегімен үйрену қажет. Сосын ең маңыздысы, студенттер тақырыптан алған теориялық білімдерін қазіргі экономикалық жағдайларға, әсіресе, елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістерге байланысты практикалық тұрғыда пайдаланып ұштастыра білу қажет. Ол үшін отандық ресми дерек көздерінен, яғни статистикалық мәліметтерден материалдар жинап, отандық экономикадағы әртүрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін фирмалардың немесе бір фирманың мысалында өндіріс туралы қабылдайтын шешімдерін талқылау қажет. Ал мұндай мәліметтерді жинап студент алдын ала реферат, баяндама немесе эссе түрінде де жазып сабақ үстінде топпен бірігіп талқылауға болады. Сонымен қатар, осы тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарына үлес қосқан әйгілі ғалымдар мен экономисттердің еңбектері мен өмірбаяндары туралы да мәліметтер жинап оны сабақ үстінде толықтыруға әбден болады. Осы тақырыпты терең меңгерген студент одан әргі тақырыптарды оқуда үлкен артықшылыққа ие болып, оларды оңай игере алады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Міндетті:

  1. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 2005. 12– тақырып.
  2. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов – 2-е изд., изм. – М.:ИздательствоНОРМА, 2005.Главa 10.
  3. Тарануха Ю.В. Микроэкономика: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим специальностям. М.: Изд-во «Дело и Сервис», 2006. Главa 11.
  4. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 (Раздел 2: Микроэкон
    123
    скачать работу

    Капитал және жер рыноктары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы

Стомсупер - сайт о недорогой стоматологии в Китае, клик сюда.

ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ