Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қарапайымдылар типі

етуi мүмкiн.

Радиоляриялардың геологиялық қабаттардың жасын анықтауда маңызы зор.

ФОРАМИНИФЕРАЛАР ОТРЯДЫ

Фораминифералар басқа тамыраяқтыларға қарағанда күрделi. Қазiргi түрлердiң саны 1000 асады. Олардың денесi бақалшақтармен қапталған. Бiркамералы және көпкамералы бақалшақтар кездеседi. Көптеген тесiктер арқылы бақалшақтан ризоподиялар (ұзын жiнiшке жалған аяқтар) шығады.

Жынысты және жыныссыз жолмен көбейедi, тiршiлiк циклiнде ұрпақтың алмасуы байқалады. Фораминифералардың көпшiлiгi су қоймалардың түбiнде тiршiлiк етiп, ұсақ организмдермен қоректенедi. Тек кейбiр түрлерi ғана планктон құрамына кiрiп су қабатында  тiршiлiк етедi алады.

Фораминифералар кембрий кезеңiнен табылған көптеген теңiз қалдықтарының құрамына кiредi. Олар әктастың, бордың қабаттарын түзедi. Фораминифераларды мұнай және басқа да пайдалы қазбаларды iздеу үшiн, геологиялық қабаттардың жасын анықтау үшiн қолданады.

КҮНТӘРIЗДIЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ

Күнтәрiздiлер тұщы су қоймаларында тiршiлiк етедi. Оларшар тәрiздi, көптеген аксоподийлерi, бiр немесе бiрнеше ядролары болады, минеральдi қаңқасы жоқ. Кейбiр теңiз күнтәрiздiлер кремний тәрiздi қаңқа түзедi. Жыныссыз көбеюi, бөлiну жолымен жүредi, сонымен қатар жыныс процесiнiң нәтижесiнде де көбейе алады.

ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ

ЕВГЛЕНАЛАР ОТРЯДЫ

ЖАСЫЛ ЕВГЛЕНА

Эвгленалар жасыл түске боялған,  бiрталшықты қарапайымдылар. Олар тұщы су қоймаларында тiршiлiкетедi, “судың гүлденуiн” тудыра алады. Қараңғыда эвгленалар түсiн жоғалтып, автотрофты қоректену әдiсiн тоқтатып,  гетеретрофты қоректенуге  көшедi

КӨПТАЛШЫҚТЫЛАР ОТРЯДЫ

ЛЯМБЛИЯ

Iшектi лямблиялар адамның өт өзегiнде, ұлтабарында, ащы iшегiнде паразит түрiнде тiршiлiк етедi. Паразиттiң екi ядросы, 8 талшығы, тiректi фибриллярлы аппараты бар, екi жақты симметриялы болады.

ВОЛЬВОЦИДТЕР ОТРЯДЫ

ВОЛЬВОКС

Вольвокстар тұщы суларда тiршiлiк ететiн көпжасушалы талшықтылар, кейбiр түрлерi теңiзде тiршiлiк етедi. Вольвокстардың денесiнiң құрылымы, олардың түрлерiне байланысты, 500 ден 14 мың клеткалардан тұрады.

Вольвокстардың пiшiнi шар тәрiздi және колонияның  клеткалары екi топқа дифференциацияланған: вегетативтi (сiңiретiн, қозғалатын, тiрек) және репродукциямен байланысты генеративтi (көбею). Вольвокстың клеткаларының құрамында тостағанша тәрiздi хроматофоралар бар.

Вольвокстар жынысты және жыныссыз жолмен көбейедi. Көбею тек генеративтi клетка негiзiнде палинтомия жолымен жүредi. Вольвокстың дамуы мен құрылымын бiлу, ткань мен көпклеткалылардың шығу тегiн, сонымен қатар күрделi онтогенез немесе жануарлардың жеке дамуының пайда болуын түсiнуде маңызы зор.

ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПI

Инфузориялар типiнiң өкiлдерiнiң құрылысы күрделi және көбею процесi де күрделi.

Инфузориялар класының кең таралған түрлерiнiң бiрi – инфузория – туфелька. Оның протоплазмасында спецификалық функцияларды орындайтын күрделi органеллалар орналасқан.

Инфузория – туфелька ағынсыз су қоймаларында кездеседi. Оның пiшiнi созылыңқы. Клетка жұқа пелликула қабатымен қапталынған. Пелликуланың  астында эктоплазманың түссiз қабаты орналасқан эктоплазмада кiрпiкшелер шығатын кинетосомалар орналасқан. Эктоплазма мен эндоплазманың шекарасында М-фибриллалар немесе мионемалар деп аталатын микрофиламенттер орналасқан. Олардың жиырылуының нәтижесiнде инфузория-туфельканың пiшiнi өзгередi. Оның вентральды жағында дененiң алдыңғы бөлiмiнде перистом орналасқан. Ол тарылып жұтқыншаққа айналады, жұтқыншақ клеткалық ауызбен немесе цистостоммен аяқталады. Эндоплазмада ас қорыту вакуольдерi түзiледi. Қорытылмаған заттар экзоцитоз процесiнiң нәтижесiнде қылаулатқыш арқылы шығарылады.

Эндоплазмада екi жиырылғыш вакуольдер орналасады. Олар дорсальды жағында дененiң алдыңғы және артқы бөлiмдерiнде орналасады. Әр жиырылғыш вакуольдiң айналасында цитоплазмадан су келiп тұратын бiрнеше радиальды каналдар бар. Радиальды каналдар орталық каналға жiбередi, ал орталық вакуоль сыртқа шығарады. Артқы жиырылғыш вакуоль жиi жұмыс жасайды, себебi жұтқыншақ аймағында интенсивтi эндоосмостың әсерiнен клеткаға көп су кiредi.

12
скачать работу

Қарапайымдылар типі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ