Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаратау күйшілік мектебі

н қобызда қатар тартылатын «Кертолғау» күйлер циклі Каратау мектебінде айрықша дамыған. Күйдің арғы жанрлық анықтамасы – толғау. «Кертолғау» жыраулық өнерден ауысқан күй атауы, толғау сөзі аспаптық орындауға түскенде «Кертолғау» болып өзгерген сықылды. Күйде кездесіп отыратын штрихтар мен обертонға ұқсас қарлығыңқы дыбыстар қобыз қияғына еліктеудің әсерінен туған. Осымен парапар келетін «Қоңыр» күй тараулары да қобыздан ауысқан («Жолаушының жолды қоңыры») сарын. Бұл күйлердің жанрлық тегі аспаптық десек те, қазақы қара өлеңдердің әуені қайырма ретінде қосамжарлана шертілетінін аңғару қиын емес. Кәдімгі Арқа әндерінің ізімен құрылған әуендік форма «Қаратау шертпелері» тарауларының туылуына салдар болды. Сірә, Қазақта кең тараған «Жыр күйлері» жанрының шертпедегі көрінісі осы болар.

     Қаратау күйлерінің ішінде тармақты күйлер топтамасы ерекше көзге түседі. Бұларға «Бесжорға», «Тоғыз тарау» күйлері жатады. Тармақты күйлердің шығу кезеңі Байжігіт, Тәттімбеттер заманына тұстас келеді десек,  бұл Алтайдан Арқаға дейін өркендеген күйшілік үрдіс Қаратау аймағына дейін әсерлі болғанын аңғартады.

      Қаратау мектебінің күйлерін нотаға түсіру саласында Мұхит Айтқалиев, Жаулыбай Иманәлиев, Уәли Бекенов, Біләл Ысқақов, Абдулхамит Райымбергенов, Рүстем Күлшебаев, Мұрат Әбуғазин сияқты зерттеушілер аянбай тер төкті. Созақ күйшілерінің өмірі жайлы құнды деректер жазған жазушыларымыз – Тәкен Әлімқұлов, Төлеген Тоқбергенов, Ақселеу Сейдімбеков, Сүлеймен Тәбризұлы, Өтеш Қырғызбаев, Төреғали Тәшеновтер.

       Қаратау мектебінің ізін дәстүрлеп ұстаған күйшілерден – Рымхан  Әбілханов, Ерғали Әлімханұлы, Саян Ақмолда, Сәрсенғали Жүзбаевтардың атын атауға болады. Қаратау күйшілік мектебі бұл күнде өз биігіне шығып, бір күй отауы болып отырған игі мұрамыз, оны жалғастырушы ұрпақтың үзілмеуі - Қаратау күйшілігінің бекзаттығын, сазының шалқарлығын көрсетеді.

12
скачать работу

Қаратау күйшілік мектебі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ