Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қарқаралы ауданы

он,пони және т.б. жабайы аңдардың түрлері жіберілген.
 
 
«Орманшы үйі» - Кімасардың таулы қойнауына орналасқан. Бұл үй 1913 жылы салынған. Бұл жерде ең алғаш орманшы Л.Садовничий деген адам еңбек еткен. Ол Қарқаралы топырағына тұңғыш рет Сібір шыршасы мен балқарағай ағаштарын өсірген. Іргесі көтерілгеніне 90 жылға таяу уақыт өтседағы үйдің сыртқы көркі архитертуралық тартымдылығымен ерекше көз тартады. Бөренелерден қиып салынған екі қабатты ғимараттың терезелері өрнектермен әшекейленген.Бұл ағаш үйді өрнекті етіп салған, оны ою өрнектермен көркемдеген ағаш шебері И.Я Сметанкин болды.
Үлкен көл – Қарқаралыға жақын орналасқан және халықтың жиі барып демалатын орны. Көлдің аумағы – 2,5 шақырым, тереңдігі 4,6 метр, суы тұщы сарғыш – жасыл түстес болып келеді. Ол Қарқаралыдан 2,5 шақырым қашықтықта жатыр. Өзеннің жағалауына қарай түбі қатты, кей жері құмды, ал орта тұсында – түбі лайлы – қорысты болса, шығыс жақ жағалауы қалың қамысты болып келеді.
 
Үлкен шатыр – Қарқаралының солтүстігіне ала бір шақырымдай жерде қаланы орап жататын жыңғылда үлкен жаппа - тас бар. Осыны «Үлкен шатыр» немесе «Үлкен палатка » деп атайды.Бұл 8-10 метрлік тереңдікте тұратын құз жартас, ені 15-20 метр, биіктігі 8 метрге жетеді. Жаппа тастың астында ірі- ірі қойтастар бар. Осы үңгір – «Үлкен шатырға» Қарқаралының орталығынан барған дұрыс,әрі жақын, әрі қауіпсіз.
Бұл үңгірде жаңбырлы күндері немесе күннің ыстығынан 50 адамға дейін паналауға болады.Осы жерден қаланың көрінісі, оның көшелеріне дейін анық көрінеді. «Үлкен шатырдың» ең көңіл аударарлық бір көрінісі ондағы қалдырған жазулар. Олардың көпшілігі ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында – ақ жазылған. «Үлкен шатырды» Қарқаралының «үй кітабы» деп тегін айтпайды.
Пашенный көлі – Осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын осы көлге жақын маңда шабындық жер болған өзеннің Пашенный аталуы содан. Көл Қарқаралының солтүстік шығысына қарай қаладан 6 шақырым қашықтықты алып жатыр. Көлдің аумағы бір шақырым шамасында, тереңдігі 7 метр. Суы тұщы бірақ ішуге болмайды. Көлде табан балықтар мен шортандар көп, сондықтан да балықшылар жиі болып тұрады. Көлге орманнан бірнеше ұсақ бұлақтар келіп құйылады. Жаңбырлы күндері де қайраң сулар да осы көлге келіп құйылады. Көлге тақау жапырақты ағаштар мен биік бұталар өскен.Суының түбі лайлы, батпақты келеді.
Пашенный көлі Қарқаралының шұрайлы таулы - орманды жері, мұнда демалушылар өте көп келеді.Көлдің шығыс жақ жағалауында Қарағанды кеншілер демалыс үйі орналасқан.
Шайтан көл – табиғатты сүюші көпшілікке өзінің әсем сұлулығымен таныс. Ол Қарқаралы қаласынан 6 шақырым қашықтықта жатыр. Оған апаратын сүрлеу жол Каркаралинка бұлағының бойымен жоғары өрлейді және осы жерден қылқан жапырақтың (хвоя) иісіне толы асқақтаған қарағайлы орман басталады.Шайтан көл жартастар мен жас қарағайлардың арасынан кенеттен көрінеді. Оның ені 70, ұзындығы 50 шақырым шамасында. Құзды тастар мен судың сары – жасыл түсі,желдің күшімен ырғалған қарағайдың ызыңы таулардың ортасында орналасқан Шайтан көлдің сыры мен құпиялығын арттырып осы көл туралы түрлі аңыздардың тууына әсер етеді.
Астау көл (Бассейн). Қарқаралы тауындағы көрікті шағын туристік көл. Қарқаралы қаланың оңтүстік батысында 6 км жерде Шайтанкөлдің маңында, жартасты шың басында, қарағайлы орман арасындағы ұзынша астау шұңқырда орналасқан. Ұзындығы 60 м, ені 40 м, орташа тереңдігі 2м. Граниттен тұратын оңтүстік жағасы – биік тік жарлы, көлеңке түсіріп, суып буланудан сақтайды. Батыс, солтүстік жағалары аласа. Шығыс жағасы ашық, жайпақ, ол арқылы көлдің артық суы ағып кетіп отырады да, су деңгейі бір қалыпта сақталады. Қар және жаңбыр суымен толысады, суы мөлдір, тұщы. Көлге туристер мен демалушылар жиі келеді.

12
скачать работу

Қарқаралы ауданы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ