Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Карл Маркстің өмірбаяны және экономикалық теориясы

түрлі және мазмұнға неғұрлым бай формаларда көріне отырып, пролетариаттың саяси өкіметті («пролетариат диктатурасы») жеңіп алуына бағытталған саяси күреске сөзсіз айналады». В. И. Ленин «Карл Маркс» атты еңбегінде былай деп көрсетті: «капиталистік қоғамның социалистік қоғамға айналатыны сөзсіз екенін Маркс бүтіндей, тек қана қазіргі қоғам қозғалысының экономикалық заңынан», яғни қосымша құн заңынан шығарады. К. Маркс «Капиталда» буржуазиялық құрылыстың көрін қазушы және жаңа, коммунистік қоғамды жасаушы ретіндегі пролетариаттың тарихи ролін ғылыми негіздеп берді. «Маркстің «Капиталы» түгелімен мынадай ақиқатты – капиталистік қоғамның негізгі күштері тек буржуазия мен пролетариат қана болатындығын және бола алатындығын анықтауға арналған деп айтуға болады: - буржуазия сол капиталистік қоғамның құрушысы ретінде, оның қозғаушысы ретінде болады, - пролетариат капиталистік қоғамның көрін қазушы, оның орнын басуға қабілеті бар бірден-бір күш ретінде болады».

К. Маркстің қосымша құн туралы ілімі өздерінің өмірлік праволары жолындағы, жаңа қоғамдық құрылысты орнату жолындағы капитализмге қарсы күресінде пролетариатқа рухани қару береді.  

 

К. Маркстің «Гота программасына сын»

деген еңбегінің маңызы.

 

Бұл еңбек 1875 жылы жазылған және ол лассальшылдық көзқарас орын алған Германия социалистік жұмысшы партиясы программасының жобасын сынау тұрғысынан талдауға арналған еңбек болып табылады.

Материалистік диалектиканы қолдана отырып, Маркс болашақ қоғам дамуының екі сатысын атап көрсетеді. «Коммунистік қоғамның жоғары фазасында – деп жазады ол, – адамды құл қылатын еңбек бөлінісіне адамның бағынуы жоғанғаннан кейін; сонымен бірге ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы қарама-қарсылық жоғалғаннан кейін; еңбек тіршілік құралы ғана болудан қалып, өзі өмірдің бірінші қажеттілігіне айналғаннан кейін; жеке адамдардың жан-жақты кемелденуімен бірге, өндіргіш күштер өсіп, қоғам байлығының барлық негіздері арнасына тола аққаннан кейін, тек сонда ғана буржуазиялық құқықтың тар шеңберінен мүлдем арылуға болады, сөйтіп қоғам өзінің туына: «Әркімнің – қабілетіне қарай, әркімге керегіне қарай! – деп жаза алады».

В.И. Ленин өзінің бірқатар еңбектерінде Маркс ұсынған қағидаларды қамытты. Бұл тұрғыдан алғанда «Мемлекет және революция» (V тарау) атты еңбегінің ерекше зор маңызы бар. Коммунизмнің жлғары фазасы туралы ілім КПСС документтерінде одан әрі дамытылуда. Оның жиынтық сипаттамасы Коммунистік партия Программасында берілген. СССР-дің кемелденген социализм кезеңіне енуі партияның жаңа экономикалық стратегиясына талдау жасауды, социализмнің коммунизмге ұласу жолдарын одан әрі нақтылай түсуді талап етті.

Коммунистік формация туралы маркстік-лениндік ілім, оны партияның одын әрі дамытуы буржуазиялық көзқарастарға қарсы күресте сенімді тірек болады, коммунизмнің адамзат қоғамының жоғары формасы ретінде сөзсіз салтанат құратындығын сенімді түрде дәлелдейді.

 

 

Қорытынды

 

         Маркстің творчестволық мұрасы оның «классикалық мектептегі» алдындағылармен, әсіресе А.Смит пен Д.Рикардомен улкен байланыс бар. 

Сонымен, классикалық мектеп саяси экономияный тұжырымдамасын тереңдете отырып,  У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және Ф. Энгельс теориялық тұжырымдаманы жасады, ол жинақталып – «марксизм» деген атқа ие болды. К. Маркстің ашқан басты жаңалықтары: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырғанын; абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін ашқанын білдік. Және өзінің еңбегімен экономика іліміне үлкен жаңалық ашып, дамуына зор үлес қосқан. Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық ілімнің анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды.

К. Маркс өзі айтқандай: «...экономикалық формаларға анализ беруге микроскопты да, не химиялық реактивты де пайдалануға болмайды. Бұл екеуінің орнына абстракцияның күші жүруге тиіс», Маркс жекеше тыс ойлайтын экономист деп айтуға болады.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.  Ө. Қ. Шеденов. Экономикалық ілімдер тарихы.  Алматы -  Ақтөбе, 2006ж.

        2.  Саяси экономия. Оқулық. Алматы, 1982ж.

        3.  Мұртаза Бұлұтай. Дін және мәдениет.

4.  Я. Әубакіров. Экономикалық теория негіздері.  Алматы «Санат», 1998ж.

5.  Шеденов Ө. Қ. Жалпы экономикалық теория.  Ақтөбе – 2004ж.    «А-Полиграфия».

123
скачать работу

Карл Маркстің өмірбаяны және экономикалық теориясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ