Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаржы нарығы және делдалдары

сіпорын иелігіне үлестік қатысу құқығының жоқтығы және осы қаражаттарды белгіленген пайызбен төлеу жөнінде міндеттемеге айырбас ретінде кәсіпорын инвестицияларды жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарын алады.
Қаржы нарықтарының жіктеуі әр түрлі белгілер бойынша жасалады. (1 кесте).
Қаржы нарығы алғашқы (бастапқы), қайталама және үшінші болады.
Алғашқы (бастапқы) нарықта жаңа шыққан қарыз міндеттемелер орналасады. Әдетте бұл ірі инвестициялық институттардың көмегімен іске асырылады.
Қайталама нарығында шығарылған құралдар сатылады және сатып алынады. Бұл нарық инвесторлар жағынан сұраныстың алғашқы нарықтағы белгіленген құралдар ұсынысынан асып кету нәтижесінде пайда болады.
3-ші нарық – туынды қаржы құралдарымен жасалатын сауда. Бұл нарықтың тез дамуының негізінде өзінің көп түрлілігімен қаржы нарығының дамуын ынталандыруына арналған жаңа құралдардың пайда болуы жатыр.
4. Қаржы делдалдық және қаржы нарығының негізгі қатысушылары
Қаржы делдалдық – несие берушіден қарыз алушыға қаржы қорларының қозғалысы (ауысуы, құйылуы) және де осымен байланысты қаржы институттардың қызметі. Экономикалық әдебиетте қаржы делдалдардың 3 тобын айырады:
- депозиттік (өзара-жинақ банктері, несие одақтары);
- шарт, келісім – жинақтаушы (сақтандыру компаниялар, зейнетақы қорлары);
- инвестициялық қорлар (траст, өзара қорлар).
Қаржы нарықтарының негізгі қатысушылары:
- инвесторлар – олардың рөлінде пайда алу мақсатында тиісті нарықтарға бағытталған уақытша пайдаланбайтын қорлары бар заңды және жеке тұлғалар, мемлекет болуы мүмкін);
- делдалдар – олардың рөлінде арнайы қаржы құрылымдар (банктер, сақтандыру компаниялар, қор нарықтарының, инвестициялық қорлардың және т.б. кәсіби қатысушылары болуы мүмкін;
- пайдаланушылар – олардың рөлінде тиісті қаржы нарығында әр түрлі негіздерде өздеріне керек (қажет) қаржы қорларына ие болып, оларды пайдалану үшін құқығын төлейтін мемлекет немесе заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Операцияларда қатысу сипаты бойынша нарық субъектілері 2 санатқа бөлінеді: тура және жанама қатысушылар. Қаржы нарығының тура қатысушыларына сәйкес нарықтардың биржа мүшелері жатады. Олар мәмілелерді өз шоты есебінен немесе биржа мүмкіндігінде жоқ тұлғалардың тапсырмасы бойынша жасайды. Биржа мүшелігі жоқ тұлғалар жанама қатысушылар сипатына кіреді. Нарықтағы операцияларда қатысудың мақсаттары мен себептері бойынша нарық қатысушылары хеджерлер мен саудагер, алып-сатарларға жіктеледі.
Хеджер – ол бағамдық тәуекелдерді, трансфертті тәуекелдерді, өз активтерін немесе нақты мәмілелерді сақтандыратын тұлға.
Саудагер, алып-сатар – ол негізгі активтердің бағамдық құнында болып қалуы мүмкін айырмашылығының есебінен пайда түсіргісі келген тұлға. Саудагерлер (алып-сатарлар) келісім-шарттарды сатып алады (сатады), оларды кейін жоғары (төмен) бағамен сату (сатып алу) үшін. Олар трейдерлер мен арбитражерлерге бөлінеді.
Трейдер – бір не бірнеше келісім-шарттардың бағамдық тұрақсыздығынан пайда алатын тұлға.
Арбитражер – әр нарықтардағы бағамдар айырмашылығын пайдаланып, бір активті бір уақытта (бір мезгілде) әр түрлі нарықтарда сатып-сатып алу есебінен пайда түсіру. Арбитражер активті арзан биржадан сатып алып, басқа биржада қымбатқа сатады. Баға айырмашылығы оның пайдасын құрайды.
Инвесторларды түрлері бойынша 2 негізгі нарыққа қатысушылар тобына бөлуге болады: жеке және институционалдық инвесторларға.
Жеке инвесторлар – ол құнды кағаздармен операцияларды жүзеге асыратын жеке тұлғалар.
Құнды қағаздарды сатып алып, пайда түсіру жолымен олар өздерінің валюталық жинақтарын көбейтуге ұмтылады.
Соңғы кездің маңызды үрдісі – институционалды инвесторлардың санды және сапалы өсуі. Оларға банктер, мемлекеттік мекемелер, халықаралық қаржы институттар, зейнетақы және сақтандыру қорлар мен компаниялар, ірі бірлестіктер, инвестициялық қорлар жатады.

12
скачать работу

Қаржы нарығы және делдалдары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ