Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАСАҚАНАЛЫҚПЕН АДАМ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

а тәуелді түрде ҚР ҚК 96, 98, 99, 100 баптарымен саралануы тиіс» [3].

Қазіргі уақытта адам өмірінің аяқталуы ретінде биологиялық өлім танылады оның барысында орталық нерв жүйесінің қызметі тоқтап, ми қабығында белоктық заттардың қалпына келмейтін ыдырауы орын алады соған байланысты организмнің өмір қабілетін қалпына келтіру мүмкін болмайды.

Дегенмен, «аталған жағдайдың өмірдегі кейбір оқиғалардың барысында құқықтық айқындықсыздықты туындататындығы белгілі егер миға механикалық түрде әсер ету арқылы онда калпына келмейтін ыдырау процесі орын алғанымен медициналық шаралар арқылы жасанды жолмен ол адамның жүрегінің жұмыс істеп тұруы мүмкін ондай ес-түссіз жағдай (кома)  бірталай уақытқа созылуы да мүмкін және ондай адамды биологиялық тұрғыдан өлген адам ретінде санауға болады, алайда қазіргі уақыттағы жалпы қабыл алынған концепция бойынша ондай адам тірі адам болып есептелінеді және оның өмірін тоқтатуға бағытталған кейбір әрекеттер мысалы, медицина қызмекерлерінің тарапынан жасалған оларға қатысты құқықтық салдарды туындатуы мүмкін»   [4].

Соңғы уақыттарда біздің елімізде де, шетелдерде де жазылмайтын дертке шалдығып қасірет шегуші адамдарды өздерінің өтініші бойынша өлтіруге байланысты (эвтаназия) жауаптылық төңірегіндегі пікірталас өршіп келеді. Кейбір мемлекеттерде аталған жағдай заңмен рұқсат етілгенін де атап өткен орынды болар, дегенмен бұл мәселені жан-жақты талдау біздің жұмысымыздың жоспарына кірмейді.

Қазақстан Республикасының әрекет етуші қылмыстық заңнамасы бойынша ару адамды саналы түрде эвтаназияға азғырып көндіруші және оның жүзеге асырушы тұлғаларға қатысты қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Осылайша ҚР ҚК қасақаналықпен адам өлтіру деген жалпы ұғыммен біріктірілген қылмыстардағы қылмыстық қол сұғушылықтың тікелей объектісі болып нақты адамның өмірінің өзі табылады.

Адамның өмірінен айырудың басқа адамның тарапынан болған құқыққа қарсы күш қолдану әрекеті арқылы немесе өзін-өзі өлтіру жолымен, сонымен бірге қажетті қорғаныс жағдайында (өз кезегінде әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жай болып табылады) да жүзеге асырылуы мүмкін екендігін ескерер болсақ, істі тергеу үшін тергелетін қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын барлық элементтерді анықтаудың қандай зор маңызға ие болатындығы айтпасада түсінікті.

Қасақаналықпен адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіруден көрініс табады ол өз кезегінде белсенді әрекет арқылы жүзеге асырылуы мүмкін (пышақпен ұру, тұншықтыру, мылтықпен атып өлтіру және т.б.) әдетте қасақаналықпен адам өлтірудің басым көпшілігі солай орындалады, алайда кей жағдайларда қасақаналықпен адам өлтіру әрекетсіздікпен де жүзеге асырылуы мүмкін оның барысында жәбірленушіге қамқор болуы тиіс тұлға өзінің әркетсіздігімен жәбірленушінің қаза табуына себеп болған мән-жайлардың алдын алуға, оларды болдырмауға  ешқандай әрекет жасамайды және ол ондай әрекеттерді жасауға міндетті және жасай алатын жағдайда орын алады.

Қасақаналықпен адам өлтіру ҚР ҚК 9-бабында бекітілген қылмыс ұғымымен қамтылады және материалдық құрамға жататын қылмыс болып табылады себебі, бұл қылмыстың объективтік жағына қылмыстық нәтиже де кірістіріледі. Сондықтан да адам өлтіру жәбірленушінің қаза тапқан сәтінен аяқталған қылмыс ретінде бағаланады.

Кінәлі адамның іс-әрекеті мен пайда болған қылмыстық нәтиже – жәбірленушінің қаза табуының арасындағы себепті байланыстың болуы қасақаналықпен адам өлтірудің объективтік жағының міндетті белгісі болып табылады.

Адам өлтіруді тергеудің басты міндеті-қылмысты жасаған тұлғаны, оның қатысушыларын, басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтірді деп айыпталғанның кінәлілігін, кінәнің нысанын және қылмысты жасауға себеп болған ниетті, ҚР ҚК 53, 54 баптарында бекітілген қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, айыпталушының жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайларды яғни өзінің жиынтығында жасалған қылмыстың субъективтік жағын зерттеу және қылмыстық іс-әрекеттің субъектісін сипаттайтын объективтік мәліметтерді анықтау болып табылады.

Қасақаналықпен адам өлтірудің субъективтік жағы тікелей немесе жанама түріндегі қасақаналықтың міндетті түрде болуын қарастырады: қылмыс жасаушы тұлға басқа адмның өмірі үшін қауіпті болып табылатын әрекеттерді (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) жасайтынын сезінеді, жәбірленушінің қаза табуының болмай қоймайтынын немесе қаза табуы мүмкін екендігін болжай біледі және соны тілейді (тікелей қасақаналық барысында ) немесе соған саналы түрде жол береді немесе бұған немқұрайды қарайды (жанама қасақаналықтың барысында ).

Қылмыс құрамының субъективтік жағының барлық элементтерін анықтау үшін жәбірленушіні өлтірудегі пиғыл-ниетті, мақсатты анықтаудың маңызы зор ол өз кезегінде кінәлінің әрекеттерін құқықтық жағынан дұрыс бағалауға және оған әділетті жаза тағайындауда шешуші негізге ие болады. Атап айтар болсақ, қылмысты жасау барысында қылмыскер басшылыққа алған пиғыл-ниеттерді анықтау оның әрекеттерінде жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені қарап осы тұрғыда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Аталған белгі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінде қарастырылған  қасақаналықпен адам өлтірудің барлық түрлерін үш негізгі белгісі бойынша сыныптауға немесе топтастыруға болады:

  • Ø ҚР ҚК 96-бабының 1-бөлімінде қарастырылған адам өлтіру берілген қылмыстың «қарапайым» құрамы болып табылады. Оны заңда көрсетілген жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларсыз басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру құрайды;
  • Ø ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлімінде қарастырылған адам өлтіру берілген қылмыстың «сараланған» құрамын құрайды оның барысында кінәлі адамның әрекеттері ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлімінің «а-н» тармақтарында қарастырылған жауаптылықты ауырлататын мәністермен қамтылады. Аталған баптың көрсетілген бөлімінің тиісті тармақтарында қарастырылған ауырлататын мәністер түпкілікті болып табылады оларда көрсетілмеген мән-жайлар ауырлатушы мән-жайлар ретінде таныла алмайды;
  • Ø ҚР ҚК 97-100 баптарында қарастырылған қасақаналықпен адам өлтіру түрлері жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың болуын қарастырады.

Сонымен қатар қасақаналықпен адам өлтірудің түрлерін басқалай негіздемелер бойынша да топтастыруға болады. Мәселен, жәбірленуші тұлғаның ерекшеліктері бойынша: екі немесе одан көп адамдарды өлтіру; осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру; дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру; жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру; объективтік жағы бойынша: аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру; көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру; субьективтік жағы бойынша: пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарашылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру; бұзақылық ниетпен; басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру; әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру; жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру; адам өлтірудің субъектісі бойынша: адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған адам өлтіру; қылмыстық Кодекстің 97-100 баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру.

Жоғарыда көрсетілгеннен байқайтынымыз қасақаналықпен адам өлтірудің әрбір аталған түрі дәлелдеудің көлемін және шегін айқындайтын өзіндік заңи ерекшеліктерге ие болады және оларды тергеудің тиісті әдістемелерін қолдануды талап ететіндігі. Сонымен бірге кез келген қылмыстық істі тергегеген кездегідей  қылмысты жасаған тұлғаның — субъектінің жеке басын анықтау және де қылмыскердің әрекеттерімен келтірілген залалдың сипаты мен көлемін анықтау да дәлелдеу нәрсесіне кіреді. Мысалы, отбасының жалғыз асыраушысын өлтірген кезде; адам өлтіруге оқталу барысында жәбірленуші тірі қалып, бірақ мүгедектік жағдайға ұшыраған кезде материалдық зиян жөнінде іс қозғауға болады. Сонымен қатар заңда тергеушінің тергеудегі адам өлтіру оқиғасының болуына алып келген себептер мен жағдайларды анықтау және дәлелдеу, содан кейін оларды жою шараларын алу міндеттілігі  бекітілген.

Жоғарыда аталып өтілген, дәлелдеу нәрсесіне кірістірілетін мән-жайлар кез келген қылмысты тергеу барысында анықталуы тиіс. Сонымен қатар олар қылмыстың саралануына, оны жасау тәсілдеріне және істің басқа да нақты мәністеріне тәуелді түрде толықтырылады және нақтыланады. Мысалы, жаңа туған сәбидің мәйітінің табылу оқиғасына  байланысты қозғалған істі тергеу барысында сәбидің тірі немесе өлі туғандығын және де оның өмірге қабілетті болғандығын анықтаудың маңызы өте жоғары.

Егер адам өлтіру аса қауіпті рецидивист белгілеріне сай келетін тұлғамен жасалған болса, онда қылмыс субъектісінің жеке басына қатысты фактілер ерекше қылмыстық-құқылық және криминалистикалық маңыздарға ие болады. Аталған жағдайда тергеуші тұлғаның тек өткен уақыттарда Қылмыстық Кодекстің белгілі бір баптары бойынша сотталғандығын  дәлелдеп ғана қоймай сонымен қатар оның тергеу кезінде де соттылығы бар екендігін дәлелдеуі тиіс.

Қылмыскердің кінәсін мойындап келуімен байланысты қозғалған істі тергеу барысы осындай мойындап келудің шын ниетін айқындау қажет болады.

Осылайша қасақаналықпен адам өлтіруді тергеу жұмысының күрделілігі, көп еңбек сіңіруді талап ететіндігі және көп қырлылығы бір жағынан тергеушіден жоғарғы кә

123
скачать работу

ҚАСАҚАНАЛЫҚПЕН АДАМ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ