Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қасиетті Түркі жері - Түркістан

қоныстардың қалыптасып дамуына, жалпы аймақтың гүлденуіне аймақты Сырдария өзенінің қақ жарып ағып өтуі де ықпал етті.  Түркістан аймағын қолайлы географиялық жерде орналасуы, өзен-бұлақтардың көптігі және қалалардың жиілігі аймақтың атын әлемге танытты. Қалалардың көптігіне қарай бұл  аймақты «қалалар өлкесі» деуге де болады. Бұл жөнінде ибн Рузбехан «Түркістан- Сейхун өзенінің бойында орналасқан 30 қала- қамалдан тұрады»,- деп жазады. Түркістан қалалары ішінде ең ірілері және жазба деректерде жиі кездесетінтдері: Сығанақ, Саран, Яссы, Отырар, Сайрам, Аркук, Үзгенд қалалары болды. [2. 81-б.] 

       Ұлы Жібек  жолының ортағасырлық  Қазақстандағы жолдары мен тарамдары туралы еңбек жазған Қ.Байпақов: «ҮІ-ҮІІ ғасырларда Жібек жолының  негізгі бағыты Сирия-Иран-Орта Азия арқылы жүріп келіп, Қазақстанда, Оңтүстік Қазақстан-Талас алабы- Шу алабы-Ыстық көл арқылы өтеді де, одан әрі Түркістанға жетеді. Бұл жолмен қатарлас Қазақстан арқылы өтетін екінші жол пайдаланылған. Визаниядан Дербент арқылы өтіп, каспий жағалауын- маңғыстауды- Арал жағалауын- Оңтүстік қазақстанды көктей өтіп, Талас- Шу  бағытына келіп жалғасады, Бұл жол ІХ-ХІІ ғасырларда маңызын жоғалтқанмен, ХІІІ-ХІҮ ғасырларда қайта жанданды», - деп жазады. [6. 7-б.] 

       Түркістан аймағы арқылы өтетін  халықаралық және жергілікті маңызы бар  сауда жолдарының тармақтары мен бағыттарын қалпына келтіре отыра,  аймақтың осы ғасырдағы ролін  көруге болады.  Халықаралық сауда қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі  ретінде аймақ саяси- экономикалық, мәдени жағынан дамиды.  Аймақтық саяси- әкімшілік экономикалық ортасына орай  қалыптасқан сауда- айырбас орталығы болуы да оны Дешті Қыпшақ пен Мауереннахрдағы ең ірі көркейген  аймақтың біріне айналдырды. Ибн Рузбехан жазған: «Түркістан- әлемдегі ең бір жақсы гүлденген аймақ»,- деген сөзі ХІҮ-ХҮ ғасырларға сай келеді. [1. 21-б.] 

       Түркістан –  ұзақ уақыт бойы Орта және Орталық  Азияның негізінен түрік халықтары мекендеген аймақтарды анықтау үшін қолданылды. Ол халықтарының көшпелі өмір кешуіне ғана емес, көбіне-көп саяси жағдайларға байланысты өзгеріп отарды.

       Түркістан Оралдан Алтайға, Каспйден Қытайға дейін, оңтүстікте Иран мен Ауғанстаннан Томск мен Тобылға дейінгі аралықты алып жатты. Ол Батыс (немесе орыс) және Шығыс (немесе Қытай) бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке Россияның Орта Азиядағы иеліктері мен Қазақстанның оңтүстігі, Шығыс  бөлікке – Қытайдың Шынжаң провинциясы және Ауғанстанның солтүстік  аймағы қарады. 1865 ж орыс Түркістаны жерінде Түркістан облысы  1867 ж құрамында Жетісу (1882 жылға дейін) және Сырдария облыстары бар Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды. 1886 ж. генерал-губернаторлық ресми түрде Түркістан өлкесі аталып, 1898 жылдан оның құрамына Закаспий, Самарқан, Жетісу, Сырдария және Ферғана облыстары қарады. Орыс салдары – Хиуа хандығы мен Бұхар хандығы болды. Ұлы Окт  соц  ревалюциясынан кейін орыс Түркістанның территориясында Түркістан Автономиялы Советтік Социялистік Республикасы (1918), Бұқар Халықтық Совет Республикасы мен  Хорезм Халықтық Совет Республикасы (1920) құрылды. 1924-25 ж. Орта Азөия советтік Республикаларының ұлттық мемлекет жағынан межеленіп бөлінуі нәтижесінде Өзб,  ССР-і, Түрікм. ССР-і, Тәж. АССР-і (1929 жылдан Тәж ССР-і) Қарақалпақ  АО (1932 жылдан Қарақалпақ АССР-і) құрылды. Т-ның солт. бөлігі Қаз. ССР-інің құрамына кірді. Осы кезде Т-ның орнына Орта Азия атауы пайда болды. [3. 256-б.]  

       Түріктердің автохондық отаны Орталық Азия. Осы кең байтақ жағрафиялық  Орталықта  жоғарыда айтқандай  өзінің дамуы бойынша  әртүрлі сатыда тұрған  тайпалар, халықтар жасап, өмірдің эволюциялық даму заңдылығы  бойынша өзара  келіспеушіліктер болғанымен, оларды бейбітшілік жолмен шешіп отыруларының арқасында   түріктердің этникалық құрамы өзгеріп отырған.  Түріктер жер бетінде жоғары дамыған  халықтардың бірі екенін  тарихта талай рет дәлелдеген.  ХХ ғасырдағы бір туар ақындардың бірі Мағжан Жұмабаевтың  «Түркістан» атты  шығармасында:

                            «Түркістан- екі дүние есігі ғой,

                              Түркістан- ер түріктің бесігі ғой.

                              Тамаша Түркістандай жерде туған

                              Түріктің тәңір берген несібі ғой».

-  деп жалпы түркілердің ежелгі отаны  Тұран екендігін, оны мекендеген түркілердің ешбір халықтан кем еместігін  ашық айтқан.  

 

 

Әдебиеттер.

1. Б. Керімбай. Түркістан және Қазақ хандығы.  Алматы, 1994.

2.  К.Р. Аманжолов Түркі халықтарының тарихы. Алматы, «Білім», 2002.

3. Б.Қ.Албани. Тарихи таным. Алматы, «Ататек», 1994.

4. Л. Гумилев. Көне түріктер. Алматы, «Білім», 1994.

5. Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. Халықаралық ғылыми- теориялық конференцияның материалдары. Алматы, «Ғылым», 2001.

6. К. Байпақов. А. Нұржанов. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, «Қазақстан». 1992.

12
скачать работу

Қасиетті Түркі жері - Түркістан

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ