Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдау



 Другие рефераты
Қосымша еңбекақы төленетін төлем түрлері Жалақы Кәсіпорынның негізгі қызметінің еңбекақы төлеуге әсері Экономикалық ілім пәні мен әдістері

Кәсіпорынның  нарықтық  экономика  жағдайында  қызмет  етуінің  экономикалық  пайдалылығы  пайда  табумен  анықталады. Кәсіпорынның  табыстылығы  абсолюттік  және  салыстырмалы  көрсеткіштермен  сипатталады. Табыстылықтың  абсолютті  көрсеткіші – бұл  табыстар  немесе  пайдалардың  сомасы.

Ықшамдалған  түрде  « табыс »  түсінігі  1995  жылы  26  желтоқсандағы  « Бухгалтерлік  есеп  туралы »  заң  күші  бар  ҚР  Президентінің  2732  Жарлығында  анықталған. Жарлықтың  13 – бабында  былай  делінген :  « Табыстар – бұл  есептік  кезеңдегі  активтердің  ұлғаюы  немесе  міндеттемелердің  азаюы ». Белгілі  бір  шығындар  шығармай  әдетте  қажетті  табыстарды  алу  мүмкін  емес. Өз  кезегінде, табыс  алмай  кәсіпорынның  дамуын  жүзеге  асыру  және  әлеуметтік  мәселелерді  шешу  мүмкін  емес.

Табыстылықтың  көрсеткіштер  жүйесі  ең  алдымен  қаржылық  нәтижелердің  абсолютті  көрсеткіштерінен  тұрады, олар :  өнімді  өткізуден  алынатын  табыс; жалпы  табыс; негізгі  қызметтен  алынатын  табыс; салық  салынғанға  дейінгі  табыс; салық  салынғаннан  кейінгі  табыс; кәсіпорын  қызметінің  соңғы  қаржылық  нәтижесі  болып  табылатын  таза  табыс.

Табыстылықтың  бірінші  абсолютті  көрсеткіші  өнімді  өткізуден  алынатын  табыс  болып  табылады. Ол  қаржы – шаруашылық  қызметінің  нәтижесі  туралы  есепте  қосымша  құн  салығы, және  т.с.с.  салықтар  мен  міндетті  төлемдер, сондай – ақ  қайтарылған  тауарлардың  құны, сату  шегерімдері  және  баға  шегерімдері  алынып  тасталып  көрсетіледі.

Табыстылықтың  екінші  абсолютті  көрсеткіші – жалпы  табыс. Ол  өнімді  өткізудің  қаржылық  нәтижесін  білдіреді  және  негізгі  қызмет  нәтижесінде  өнімді  өткізуден  алынатын  табыс  пен  өткізілген  өнімнің  өндірістік  өзіндік  құны  арасындағы  айырма  ретінде  анықталады.

Жалпы  табысқа  әсер  ететін  маңызды  фактор  өндірістік  өзіндік  құн, сондықтан  оның  төмендеуі  оның  көлеміне  көп  әсерін  тигізеді.

Кәсіпорын  табысы  бағаның  өсуі  есебінен  жоғары  қарқынмен  өседі. Бағаның  өсуі  өзінше  теріс  фактор  болып  табылмайды. Егер  өнімге  деген  сұраныстың  өсуі  мен  шығарылатын  өнімнің  техника – экономикалық  параметрлердің  және  тұтынушылық  қасиетінің  жақсаруымен  байланысты  болса, онда  ол  дәлелді  болады .

Жоғарыда  аталған  факторлардың  жалпы  табысқа  әсерін  анықтау  үшін  қаржы – шаруашылық  қызметінің  нәтижелері  туралы  есептің  мәліметтері  бойынша  келесі  талдау  кестесін  құруға  болады. Мысал

3 – кесте.

 

Көрсеткіштер

Сомасы, мың теңге.

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқулары

1.Өнімді өткізуден түскен табыс

210000

215000

+5000

2.Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны

170100

167700

-2400

3.Жалпы табыс

39900

47300

+7400

4.Баға индексі

1,00

1,05

+0,05

5. Өткізілген өнімнен түскен табыс, салыстырмалы бағамен

 

210000

 

204761

 

-5239

3–кесте  мәліметтеріне  сүйене  отырып,  өнімді  өткізуден  түскен  табыстың, өткізілген  өнімнің  өндірістік  өзіндік  құнының, жалпы  табыстың  2005 – 2006  жылдардағы   көрсеткіштерін  диаграммалық   сурет  бойынша  көрсетуге  болады.

Осы  мәліметтерге  сүйене  отырып, жоғарыда  көрсетілген  факторлардың  жалпы  табыстың  өзгеруіне  тигізген  әсерін  анықтайық:

1. Бағаның  өсуі  табысқа  қалай  әсер  еткенін  анықтау  үшін, 2006  жылы  өнімді  өткізуден  түскен  табысты  2005  жылдың   еркін  сатылу  бағасымен  ( ҚҚС  және  акцизсіз )  қайта  есептеп, содан  кейін  оны  2006  жылдың  еркін  сату  бағасымен  ( ҚҚС  және акцизсіз )  есептелген  өнімді  өткізуден  түскен  табыспен  салыстыру  қажет. Алынған  айырма  бағалар  қандай  сомаға  өзгергендігін  ( өскенін  немесе  кемігендігін )  және  сәйкесінше  табыстың  да  өзгерісін  көрсетеді.

2006  жылдағы  өнімді  өткізуден  түскен  табыс  2005  жылғы  бағамен:

215000 / 1,05 = 204761.

Бағалардың   өзгерісі  және  оның   жалпы  табысқа  әсері:

215000 – 204761 = 10239  мың  теңгені  құрады.

Кәсіпорынның  еркін  сату  бағасының  өсуі  есебінен  түскен  2006  жылдағы  қосымша  табыс  10239  мың  теңгені  құраған.

2. Өткізуден  түскен  табыстың  әсерін  келесі  жолмен  анықтаймыз.

2005  жылығы  өткізілген  өнімнің  1  теңгесіне  шаққандағы  табысының  деңгейі  тұрғысынан  алатын  болсақ, онда  оның  абсолютті  сомадағы  өсімі  немесе  азаюы  өнімді  өткізуден  түскен  табыстың  өсуі  немесе  азаюына  пропорционалды  түрде  болуы  тиіс.

Біздің  талдауымызда  2005  жылмен  салыстырғанда  өнімді  өткізуден  түскен  табыс  2,5 % — ға  [( 204761 / 210000 * 100 = 97,5 ); 100 – 97,5 = 2,5]  көбейген. Нәтижесінде  өнімді  өткізуден  түскен  табыстың  өсуі  есебінен  жалпы  табыстың  өсімі  997,5  мың  теңгені  [ 39900 * 2,5 / 100 ]  құраған. Есептеуді, 2005  жылғы  өнімді  сатудан  түскен  табыстың  1  теңгесіне  шаққандағы  жалпы  табысты, өнімді  сатудан  түскен  табыстың  артуы  немесе  кемуіне  көбейту  арқылы  жүргізуге  болады:

[ 39900 / 210000 * ( 204761 – 210000 ) ] = — 997,5  мың  теңге.

3. Өткізілген  өнімнен  алынған  табыстың  1  теңгесіне  шаққандағы  шығындар  деңгейінің  ықпалы, 2006  жылы  өткізілген  өнімнен  түскен  табыстың  1  теңгесіне  шаққандағы  шығындардың  нақты  деңгейі  мен  2005  жылғы  шығындар  деңгейі  арасындағы  айырмасы  ретінде  анықталады  және  бұл  айырманы  2006  жылдағы  салыс

12
скачать работу


 Другие рефераты
Атамекен - Қазақ елі
Финансы
Проблемы развития атомной энергетики
Освоение космоса


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ