Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың мшдеттері

экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топ-тастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын баға-лау-дың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;

ә) өнімдер;

б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі — берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды бел-гілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтер-дің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:

•   басқару тиімділігінің көрсеткіштері;

•       кәсшорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде  ала  алу  қабілетін  көрсететін өлшеуіш;табысты болжау әдісі;

•       шешім   қабылдау   және   бақылау   құралы   ретінде пайдаланады.

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялау-ға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капи-талдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақса-тында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кэсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл бол-жаудың нақтылығын жоғарылатады.

Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда ин-вестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нэтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бүл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:

Талданып отырған кәсіпорын мәліметтері бойынша кәсіпорынның барлық капиталының табыстылық коэф-фициенті, 18-кестеде берілген мәліметтермен сипатталады.

 

 

18-кесте

Авансталған  капиталдың (жалпы активтер) табыстылық

 

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке өскен және 17,55%-ды құрайды. Алайда бұл көрсет-кіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай фактор-лардың есебінен құрылғанын және активтердің табыс-тылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлар-дың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып табылады.

Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандықжәне сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорын-ның таза табысы жатқызылады.

Пред.678
скачать работу

Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың мшдеттері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ