Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Каспий бассейніндегі теңіз порттарының қызмет етуінің Қазақстандық және халықаралық тәжірибесі

ормалық тимілігін арттыруы тиіс.Сонымен қатар, порттың қуаттылық резерві нормативіне сәйкес келетін есептік әркелкілік коэффициентерін ескере отырып, жүк тиеу-түсіруге келген кемелердің қабылдану уақыттарының шығындары болмауы қажет.

Біздің ойымызша, порт пен флоттың даму теңдестігінің критерийі болып «флот-порт» кешені бойынша жоспарлы жүк көлемін орындау кезінде шығыстар мен уақыттың шығындарының мейлінше аз көлеміне жету табылады.Алайда, жоспарлы және жобалық тәжірибеде флот пен порттардың дамуының теңдестігін бағалау көрсеткіштері қолданылмайды. Каспий бассейніндегі порттардың жұмыс тәжірибесі көлік флотының шығындары елеулі түрде порттардың қуатының жүк тасымалының ең көп болатын мерзімдегі кемелер ағымына сәйкес келмейтіндігімен байланысты. Сонымен бірге, жоспарлаудың дәл болмауына байланысты порттың өндіріс  қуаттылығының  қолданылмайтын кезеңдер де байқалады.

Порт пен флоттың даму теңдестігінің деңгейі негізгі өндіріс қорларының өсу қарқынымен, жүк қабылдау-өткізу қабілеттілігінің параметрлерімен қатысымен шектелмейді.Сонымен қатар, флоттың пайдаланылу мерзімінің 50 пайызында пайдаланылмастан  жүк тасымалы жоспарын орындауы көлік флоты мен оның жұмысын қамтамасыз етуші объектілерге инвестициялық ағымдардың жағымсыз әсерін куәландырады. «Флот-порт» кешенінің техникалық-экономикалық дамуын басқару жүйесінде маңызды болып өндірістік процестердің рационалды техникалық деңгейін таңдау мен қуаттылықтарды арттыру теңдестілігінің жоспарлы-экономикалық нормативтерін негіздеу табылады.

Каспий бассейніндегі жекелеген порттардың даму қарқындары мен сипаттамаларында жүк айналымдарының тарихи қалыптасқан шоғырлануы ерекше маңызға ие.

Қазіргі кезде Ақтау порты оның әрі қарай дамуын қамтамасыз етуші келесі технологиялық мүмкіндіктерге ие көп мақсатты терминал болып табылады:

1.  Қазіргі заманға сай порттың жұмысында шешуші буын болып табылатын контейнерлер паркін тиімді басқаруды, жүктерді, соның ішінде ауырсалмақты жүктерді, сенімді сақтауды қамтамасыз етуші үлкен аумақты аудандың барлығы.

2. Реконстукция нәтижесінде портта негізгі және қосалқы жүктерді қабылдауға арналған үш әмбебап айлақ, Ро-Ро типтес кемелерді өңдеу мен астық экспорты мен ауыр салмақты жүктерді жүктейтін бір мезгілде 4 кеме қабылдай алатын жалпы өткізу қабілеті 550 м дейін жететін жаңа айлақ құрылысын пайдалануға берді.

3. Тікелей аралас теміржол-су қатынасындағы кіргізу-шығаруды жүзеге    асыруға мүмкіндік беретін теміржол паромдық кешен пайдалануға берілді.

  1. Бір мезгілде 22,5 астық өнімдерін сақтай алатын және 1 млн тоннаға дейін өңдеу қуаттылығы жоғары астық терминалы іске қосылды.
  2. Сыйымдылығы 12000 тоннаға дейінгі 4 танкерге бір мезгілде қызмет көрсете алатын мүмкіндігі бар 4 айлақ қызмет көрсетеді.
  3. Контейнерлеріндегі  жүктер мен негізгі жүктерді, сусымалы жүктерді тиеуге мүмкіндік беретін барлық құрылғыларды жаңартты.

Ақтау порты мұнай өнімдері мен құрғақ жүктерді өңдеуге қызмет ететін көп мақсатты терминалдарға ие бола отырып дамығын инфрақұрылымы бар порт болып есептеледі. Портқа келіп тұрған автомобиль жолдары бар, сондай-ақ барлық жүктеу жұмыстары кешеніне сай келетін порт аумағында ішкі жолдардың дамыған торабы болып табылатын теміржолдар жүргізілген.  Мұнай айлақтарына инфрақұрылымға сәйкес 4 мұнай базасынан келіп тұрған құбыр желісі тартылған. Портқа тікелей жақын қашықтықта Ақтау қаласы, 30 км қашықтықта аэропорт орналасқан.  Портта барлық байланыстар мен өмірді қамтамасыз ету жүйелері, навигациялық құрылғылар жүйесі, шекаралық, кедендік, экологиялық және басқа да қызмет көрсету жүйелерімен қамтылған.  Порттың дамуы дәстүрлі түрде қорғаныс құрылғыларымен қамтылған айлақтар құру, қазіргі инфрақұрылымды кеңейту жолымен өткізу қабілеттілігін ұлғайту шараларын қамтиды.

Ақтау порты Маңғышлақ түбегінің оңтүстік бөлігінде Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Портқа жақын жерде және портта теңіз су асты жері негізінен сазды топырақтан тұрады. Құм топырақ сирек кездеседі және  аз аумақты алады. Ақтау метеостанциялары портқа жақыни жерде орналасқан.

Бүгінгі күні Ақтау порты кеме қабылдау мен теңіз ісінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін басқару жүйесінің халықаралық стандарттары (ИСО 9001) бойынша жұмыс жасайтын Қазақстанның жалғыз бәсекелестік қабілеті бар сауда порты борлып табылады. Порт территориясында арнайы экономикалық аймақ шеңберінде арнайы режим бекітілген.Қалыптасқан жүтер базасын негізінен экспорттық жүктер (мұнай, темір өнімдері, дәнді дақылдар) құрайды.Батыс Қазақстанның экспорттық және транзиттік потенциалы жоғары. Қазіргі кезде Ақтау порты арқылы Қытайдан Кавказ елдеріне, Парсы шығанағы елдеріненОрталық Азия елдеріне, Ресейден Иранға,  Орталық Азиядан Ресейге, әрі қарай Солтүстік Еуропаға бағытталған белгілі-бір көлемдегі жүк тасымалдары орын алып отыр. Порттағы транзиттік жүк көлемі халықаралық көлік коридорлары шеңберінде ғана ұлғайып қоймай, Қазақстан Республикасының көлік ұйымдарының көрші елдермен жасасқан келісім-шарттарының негізінде де ұлғайады. Қызмет жасап тұрған құрғақ жүк терминалдарының 90пайызға, мұнай құю терминалдарының 80 пайызға жұмыс атқарып тұрғандығын айта кету керек. Жұмыс жасап тұрған терминалдардан солтүстік бағытында жүк тиеу-түсіру базаларын құру арқылы жаңа айлақ құруға болашағы бар территория белгіленген.

Баутино порты Түпқараған шығанағында орналасқан. Соңғы кезге дейін Баутино порты жұмыс жасаған негізгі жүк болып жергілікті карьерлерден өндірілген ұлутас табылады. Жалпы ел бойынша өндірістегі сұраныстың төмендеуіне байланысты ұлутасқа деген сұраныс күрт төмендеді. Соған сәйкес  1995жылдан бастап бұл жүк түрі бойынша  жүк айналымы жылына 15-20 мың тоннадан аспайды.

Каспий шельфін игеруге байланысты порт инфрақұрылымын қайта құру қажеттілігі туындады. Айлақ толық пайдаланылып отырған жоқ. Оның территориясын батқан кемелерден тазарту және теңіз суын  тереңдету жұмыстарын жүргізу керек. Портта эксплуатациялық қызметтерінің көлемі жоқ.

Түпқараған шығанағы солтүстік және оңтүстік мұнай-газ аймақтарының ортасында орналасқан және Каспийдің орталық аудандарының болжамалы мұнай-газ кен орындарына шекаралас жатыр.Түпқараған шығанағының батыс жағалауында солтүстіктен оңтүстікке қарай  Аджип ККО базасы, «Қазақбалықфлоты» АҚ-ның айлағы, Баутино жүк аймағы, «Казахрыбфлот» АҚ-ның кеме жөндеу цехының айлағы орналасқан.

Аджип ККО базасы. Казіргі кезде бар Баутинодағы мұнайгаз теңіз операцияларының қолдау базасы «ОКИОК» компаниясымен 1998 жылы Қашаған кен орнының құрылыс және эксплуатация жұмыстарын қолдауды қамтамасыз ету үшін құрылған. Базада шаруашылық, қойма және тұрғын кешендері бар.[37]

Баутино жүк ауданы Түпқараған шығанағының батыс жағалауында орналасқан, «Ақтау теңіз сауда порты»РМК филиалы болып табылады. Қазіргі кезде Баутино портының айлағы мен территориясы кемелер тұрағы ретінде, қысқы мезгілде техникалық қызмет көрсетуге және навигация мерзімінде кемелермен жабдықтаушы жүктерді өңдеге қолданылады.

Сонымен, Түпқараған шығанағының батыс және оңтүстік бөлігінде орналасқан порт инфрақұрылымы моральды тозған, кей жерде бұзылған. Алайда, шығыс бөлігімен бірге алғанда халықаралық техникалық және экологиялық стандарттарға сай Қазақстан Республикасының порттық инфрақұрылымдарын дамыту және теңіз операцияларын қолдау базасын құруға барлық мүмкіндіктерге ие.

Құрық порты Қазақстанның көп үміт артатын порты болып есептеледі. Оның бір себебі ыңғайлы географиялық орналасуы мен климаттық сипаттамалары. Құрық порты Александр Бекович-Черкассов шығанағында Құмды мен Жыланды мүйістерінің арасында орналасқан. Шығанақтың ұзындығы 30-32 км. Ауа райы жылы. Мұз тек желтоқсанның ортасынан ақпанның ортасына дейін қатып, орташа 60 календарлық күнді құрайды.  Толық мұздың қатуы  5-6 жылда бір рет кездесіп, мұз қалыңдығы  көп болғанда 40 см-ден аспайды.

Бірақ Құрық порты ешқандай жүк тасымалдау қызметімен айналыспайды. Өйткені  порттың инфрақұрылымдық жабдықталуы көптеген қажеттіліктерге душар,  әсіресе жаңа теңіз терминалын салу өте ұтымды әрекет болар еді. Мұндағы айта кететін мәселе   Құрық портында ірі тоннажды  танкерлердің келуіне жағдай жасайтын құрылымдармен қамтамасыз ету. Ірі тоннажды танкерлердің дедвейті әдетте 40-60 мың тонна болады. Мұндай танкерлер жоғары жүк сыйымдылығымен бірге  жағаның тереңдігі   22 м-ден кем болмауын талап етумен сипатталады.

Негізінен Құрық портының дамуын қарастыратын жобалар Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен Көлік және коммуникациялар министрлігінің ұсыныс хатттарына сүйене отырып жасалған. Жоба бірнеше нұсқаларды  қарастырады.

Портта жаңа, барлық техникалық талаптарға сай, озық  терминалды  салу шамамен 187 млн. долларды құрайды. Бұл сома жобалау шығындары мен технологиялық объектілерді салуға кеткен шығындардан тұрады, алайда  гидротехникалық  құрылымдарға, темір жолмен қамтуға, мұнай құбырларына, навигациялық жабдықтарды және жағалаудың түбін тереңдету жұмыстарына байланысты шығындарды қарастырмайды.

Баутин және Құрық порттары қазіргі кезде халықаралық қатынастағы жүктерді тасымалдауды жүзеге асырмайды. Баутин портының қызметі мұнай өндіруші және оларға қызмет көрсетуші компанияларға аз мөлшердегі жүктерді тасымалдаумен, яғни құрылғылар, құрылыс материалдары, отын-жағар майлар және басқалар тасымалдаумен шектеледі.

Қазақстанның теңіз көлігінің негізгі өндірістік буындарының шаруашылық – экономикалық байланыстарының сызбасы төменде суретте (сурет 3) келтірілген, бұл сызба басқару қатынастары мен жетілдіру міндеттерін ашып көрсетеді.[

123
скачать работу

Каспий бассейніндегі теңіз порттарының қызмет етуінің Қазақстандық және халықаралық тәжірибесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ