Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ әдебиеті - тұлғаның рухани дамуының бастауы

Ақын «ындыны жаман жалтақ, тегі жақсы арамдыққа жүрмейді» деп қазақта көп айтылатын текті-тексіз ұғымдарының бір қырын ашады. Ол «сырт тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді» немесе, «ниет тазалығы істің оңалуының кепілі» десе, сөздің, қарым-қатынастың басты құралы ретіндегі қасиетін «сөз түбіне жетермін.... сөзімді қойма тыңдамай... сөзіне қарсы сөз айтып...үш ауыз сөзбен құтылдың...айтқан сөзің емеді... аузынан балды тамызған (жақсы сөз туралы).... сөзімді тыңда», - деп сөз өнерінің қасиетін жеткізе айтады.
Ақын-жыраулар поэзиясындағы тұнып тұрған тәлімдік-тәрбиелік ойлардың бір парасы міне, осындай. [9,11 бет]
Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты-ата-бабалардың үлгі-өнегесі, ақыл-кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік- дербестікке ұмтылысы. Бұл – алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тәрбие – ұрпақ үшін күрес.
Ұлы ойшыл осы сөзімен әйел-қоғамның ұйтқысы екенін, әйел еркіндікке жетпесе, адамшылық та күрмеулі болатынын қадап айтып, егер, қазақ, мүшел болып қалмайын десең, бесігіңді түзе, әйелдің халін түзе!,-деп сол тұстың да, қазіргі біздің заманымыздың да ең зәру идеясын ұсынып еді. [2]
Қазақ елі ел болғалы, қазақ қазақ болғалы өмірбақи анасын сыйлап өткен. Ертеден келе жатқан наным-сенімдерінің түп-тамыры да – ана.
Аспанда Тәңірі, жерде Ұмай ана деп табынады қазақтар. Ұмай ана –қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, жанұя, отбасының пірі.
Мұсылман дінінде бүкіл адамзаттың анасы, аналардың анасы деп Хауа ананы құрмет тұтады. Хауа ана – Адам атаның зайыбы.
Мұхаммед (СҒС) пайғамбарымыз әйел затын аса биік бағалап; «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң Отаныңа жақсылық жаса!», - деп өсиет айтып кеткен.
Томирис – Тұран патшасы. Афрасиябтың қызы. Патшайым болып ел басқарған батыр қыз.
Зарина – Сақ патшасының қызы. Ел тағдыры үшін өз махаббатын құрбан етеді. «Жеке басымның бақытын елімнің еркіндігіне айырбастай алмаймын. Махаббаттан да жоғары нәрсе бар, ол – менің елім», - дейді Зарина.
Бөрте ханым – Шыңғыс ханның әйелі. Қоңырат тайпасының қызы. Жат елдікке пенде болғанымен ұрпақ тәрбиесінде өз елінің ұлттық тағылымын меңгерте білген.
Гауһар – Қабанбай батырдың жары, арғын – Малайсары батырдың қарындасы.
Есенбике – Олжабай батырдың анасы, үйсін Қарасай батырдың қызы.
Назым – Қабанбай батырдың қызы.
Айтолқын – Абылай ханның қызы.
Бұл батыр қыздарымыз ұлттық намысты ту етіп, халық тағдыры үшін ерлермен бірге қан майданда ерлік көрсеткен батыл жандар.
Бопай – Кеңесарының қарындасы, бес жүз сарбазды басқарып, Ресей отаршылдарына қарсы соғыста ерен ерлік көрсеткен батыр қыз.
Мамыр – Байқазы арғынның қызы. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы батыл қыз. Нағыз махаббаттың мәңгі символы ретінде танылған батыр қыз.
Айбике – Бұланбай батырдың жары, барлаушы сарбаздардың басшысы болған қыз. Талай шайқаста жауынгерлердің ұлттық рухын көтеріп, ерлікке шығарған.
Домалақ ана (Нұрила) – Бәйдібек бидің әйелі. Нұрила барлық адамдарға өте мейірімді, ақылды, әулие әйел болған. Домалақ ананың осындай қасиеттерін бүгінгі ұрпақ бойына сіңіріп өссе, онда келешегіміздің көкжиегі одан сайын кеңи түсер еді.
Қалампыр ана – Балуан Шолақтың анасы. Жазушы Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» романындағы аналар бейнесін қызықты етіп сомдаған. Өмірде өнегелі болған аналар образы көркем өнерде жас ұрпаққа ғибрат берерліктей тәрбиелік мәні зор.
Халқымыздың тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезең боп таңбаланған зұлмат заманындағы қазақтың мұңы мен зарын, арманы мен аңсарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, дәуірдің дауылпазындай дабыл қағып, ерлік пен елдікке үндеген әйгілі «Елім-айдың» әнін шығарған Айша Қабыланқыз – атақты Қожаберген жыраудың жары.
Қарашаш – Жиренше шешеннің жары. Қарашаш қазақ қыздарынан шыққан сөзге шешен, ақылды, тапқыр, дана қыз. [1]
Ел басына қауіп төнген кешегі екінші дүниежүзілік соғыста «Ер апаларының» ерліктерін жасаған қазақтың Мәншүк пен Әлиясы шығыс халықтарының-мақтаны. Қашанда қиын-қыстау кездері батыр қыздарымыздың ерлігі ерекше көзге түсетінін тарих та, өмір де дәлелдеп келеді.
Желтоқсан оқиғасының батыл қыздары Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамметжанова сияқты ұлттық намысты берік ұстаған, ерлік пен елдікті ұран еткен ұлтжанды қыздарымыз қаншама. Қазіргі заманда ұл-қыздарымыз бен немерелеріміз өздерінің әкелері мен бабаларының әулетті ісіне, олардың, салып берген игі жолына мақтанса, соларға еліктеп өссе дейміз. Ал ата-аналарымыз сондай салауат иесі боп өсіп келе жатқан ұл-қыздарына сүйсінсе дейміз. Өздерінің жақсы ісін, жарқын мұрагерлеріне мақтанса дейміз. Біздің ұрпақ адамзаттың ізгілігі мен инабаттылығын, олардың әділдігін бағалай білетін байыпты азамат болса дейміз» [7]
Сондықтан да қайырымдылық, кішіпейілділік, мейірімділік, жанашырлық, үлкенді сыйлау, адалдық, батырлық сияқты құндылықтарды бала бойына қондыратын, ғасырлар тезінен, ата-баба елегінен өткен қазақы мінез-құлықтың алтын діңгегі, темірқазығы, бағдаршамы болып табылатын, яғни ұлттың дәстүрлі тәрбиені, мақал-мәтелдердегі үлгі мен өнегені, ұрпақ бойында жандандыру – бүгінгі ұрпақ, біз үшін, жауапты міндет деп ойлаймыз.
Халықтық тәрбиенің құяр сағасы – қайратты азаматты баулу, халықтың мұң-мұқтажын сол азаматтың жоқтауы, өз жұртының өркендеп өсіп, көркеюі жолында жанқиярлықпен қайрат жұмсауына саяды: «Ердің баласы – елдің панасы!». Мақал – ақиқат! Өлең – нақыл!
Дәстүр ұғымына жаңаша көзқараспен қарасақ, онда ол үш нәрсемен сипатталады. Біріншіден, дәстүр дегенің – жалпыхалықтық. Олай деуге себеп – оның өзі әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес, халықтың әлеуметтік, психологиялық, мәдени, толып жатқан басқа да тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты. Екіншіден, дәстүрдің тағы бір сипаты – тұрақтылығында. Ол оңайлықпен өзгере салмайды, орнықтылығымен ерекшеленеді. Үшіншіден, дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Егер осы сипаттамаларға тереңірек үңілсек, онда ұрпақтан-ұрпаққа сол ұлт өмірінің желісін үзбей, біріктіре отырып берілетіндігін аңғарамыз. Әдетте бір ұлтқа жататындығы да осыған қарап анықталады. Көне грек ғұламаларының айтуына қарағанда, адамның белгілі бір ұлтқа, халыққа тән екендігін айқын сезіну үшін бес түрлі шартқа толық жауап беруі тиіс. Біріншіден, сол ұлттың тілін жақсы білуі қажет. Екіншіден, сол ұлттың дінін терең меңгергені жөн. Үшіншіден, сол ұлттың дәстүрін толық бойына сіңіруі тиіс. Төртіншіден, сол ұлттың тарихын бес саусағындай білгені абзал. Бесіншіден, сол ұлт мекендеген жердің ой-шұңқырын жақсы білуі парыз. Осындай бес сипаттаманы бойына дарытқан адам ғана сол ұлттың толыққанды өкілімін деуге құқылы- дейді грек ойшылдары.[1]

Пайдаланған әдебиеттер
1. К. Қожахметова «Ұлт тағдыры мен қыз бала тәрбиесі - біртұтас». «Ұлт тағылымы» журналы 2005жыл.
2. К.Мәлікқызы «Козы Көрпеш - Баян сұлу»жырындағы тәрбие мәселесі. «Қазақ тілі мен әдебиеті»,2005жыл.
3. Б. Тойлыбаев «Ұлттық тәрбиеде жеке тұлғаның қалыптасуы». «Ұлт тағылымы»,2004,№2
4. Б. Жалмағамбетова «Ұлттық мектеп - ұлттық болмыс ортасы». «Қазақстан мектебі»,2005жыл
5. А.Сисенбердиева «Билер сөзінің тәрбиелік маңызы» «Қазақстан мектебі»,2006жыл
6. К. Оразбекова. «Қыз бала тәрбиесі». «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында»кітабы,2000 жыл.
7. Т. Жақсыгүл. «Тарихи тұлға - ұлттық құндылықтың қайнар көзі». «Қазақ әдебиеті - тұлғаның рухани дамуының бастауы» кітабы,2005жыл.
8. К. Оразбекова. «Тіл - ұлттық сана-сезімнің теориялық-әдіснамалық негізі». «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында» кітабы,2000жыл.
9. Б.Бәмішұлы «Ұрпақ тәрбиесі - ұлт тағдыры» «Қазақ тілі мен әдебиеті» кітабы,2005жыл.
10. А.Құсайынов «Білім алды - тәрбие» Егемен Қазақстан,2006 жыл
11. Ұ.Төлешова. «Ұлттық тәрбиенің ерекшеліктері» «Ұлағат» журналы,2000жыл.
12. Г. Қошқарбаева «Қазақ тағылымындағы ұлт тағдыры» «қазақ әдебиеті»,2004 жыл
13. А. Ахметбекова «Мұра» «Қазақстан мектебі»,2003жыл
14. Е. Ахмерова «Қазіргі ақындар айтысы» «Қазақ тілі мен әдебиеті»,2005жыл
15. Б. Мырзатаева. «Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы»
«ұлағат»,2000жыл

12
скачать работу

Қазақ әдебиеті - тұлғаның рухани дамуының бастауы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ