Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ әдебиетіндегі даналық үрдіс

айтады.
Бәріміз бір адамның баласымыз,
Жігіттер бір- біріңе қарасыңыз.
Өмір деген бес күндік кетер өтіп,
Атаң барған орынға барасыңыз.
"Бір адамның баласымыз" деген сөзі бүкіл адамзаттың өкіліміз деп түсінуге болады. "Оқу – білім бар жұртта" деген өлеңінде Ыбырай білімінің күшін жүзеге асуын, білімнен туатын әр алуан даналық ойларды кеше отырып елінің өркенді болып өсуін айтады.
Даналықты философия үшін кездейсоқ, өткінші анықтама еместігі, керісінше, даналықтың болмысымен тығыз байланысты екендігі тиянақты дәлелденеді. Менің ойымша даналықтың маңызды жағы және көрінісі түсінік болып табылады. Айырмашылығы – ол табиғатты, қоғамды танумен айналыспайды; ол табиғаттану және қоғамтану ғылымдарының жетістіктерін талдап, түсінуге тырысады. Даналықтың мысалы – адам, адамның дүниеге қатынасы, адамның қарама - қайшылыққа, талас-тартысқа толы өмірі.
Даналық ой кешу мен түсінікті керек ететін және олардың мүмкіндігін паш ететін мәселелер экзистенциалдық мәселелер қатарына жатқызылады. Ғылыми зерттеу жұмысында даналық түсінік мәселелер арқылы қазақ философиясына тура шығуға болатын, қазақ даналығының ерекшелігін, өзіндік сипатын даналық тарихындағы орнын, әлемдік даналықпен сабақтастығын дұрыс түсінуге болатыны жан – жақты дәлелденеді. Жұмыста даналық тарихы дәстүрден тыс, жаңаша даналық пен түсініктің қалыптасып, өрістеу тарихы ретінде қарастырылады; шығыс, батыс және қазақ даналығындағы көптеген ойшылдардың ілімдеріндегі еңбектеріндегі әдебиеттегі даналық пен түсініктің өміршең, озық үлгілері іріктеліп алынып, рефлексиялық тұрғыда талданады. Қазақ даналығын зерттеудің методологиялық дәйектері ретінде қазақ даналығына тән негізгі ерекшеліктер атап көрсетіледі: Даналық, түсінік, экзистенциалдық мәселелерді қарастыру (өмір мен өлім, жан мен тән, көңіл, ар – ұят, қарыз бен парыз, обал мен сауап, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен реніш, өкініш, қорқыныш,әдеп пен әдет т.т.), ақындар мен шешендер айтысы; суырып салып айту, адамды жұбату; сөйтіп қазақ әдебиетіндегі даналыққа зерттеуге жол ашылады.
Ғылыми зерттеу жұмысындағы қазақ даналығы, ақын- жыраулар, би – шешендер, Ыбырай, Абай шығармашылығы жөніндегі ойлар, пікірлер бұдан бұрын жарық көрген зерттеушілердің пікірін қайталамайды, жалғастырып, толықтыра түседі.
Діндегі, әдебиет пен өнердегі даналық пен түсінік мәселесі, өмірде орын алатын экзистенциалдар – сарқылмайтын тақырып бола берері сөзсіз. Сөзіміздің соңында Абайдың өлшейтұғын сөзіне құлақ түрейік.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға. Осы ойлардың сүйеніші–даналық пен түсінік.

Пайдала нылған әдебиеттер:
1.С. Сматаев " Қаз дауысты Қазыбек." Егемен Қазақстан 1991 ж. 16 қараша.
2."Бес ғасыр жырлайды" 1 том 26 бет
3.Ы. Алтынсарин тағылымы. Алматы 1991 73 бет
4.Қыраубаева А. " Ғасырлар мұрасы" Алматы 1988ж
5.С. Негімов "Ақын даналар"
6.Р. Бердібаев "Кәусәр бұлақ" 1989ж
7.Х. Сүйіншалиев "Қазақ әдебиетінің тарихы" Алматы " Санат" 1997 ж.
8.Билер туындыларындағы даналық жөнінде:Нысаналы А.Төле би.Егемен Қазақстан 1991 ж. 30 қараша
9.Абай тағылымы: Әдеби – сын мақалалар мен зерттеу. Алматы – 1986 ж.
10. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі Алматы 1986 ж.
11. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы Алматы 1988 ж.
12. М.Мағауин. Қобыз сарыны Алматы 1968 ж.

12
скачать работу

Қазақ әдебиетіндегі даналық үрдіс

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ