Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ әдебиетіндегі терме жанрының қалыптасуы мен дамуы

көп болды. Табылмаған жауап, қанағаттанбаған көңіл жылдар өткен сайын қордаланып, ғасырлар өткен сайын адам санасында жаңғырып отырды.
Өмірлік мәнді сұрақтар жеңіл-желпі жауаптарға қанағаттанбайды. Өйткені оның астарында халықтың өткені мен бүгіні және келешегі жатыр. Өткендегі шешілмеген мәселе бүгін не халде, болмаса келешекте неге апарып соқтырады деген төңіректе ой қорыту үлкен дайындық пен асқан даналықты қажет етеді. Осы кезде бір топ ақын-жыраулар ой түйіндеуге бейім тұрса, ал енді бір тобы насихат айтып, келешекке аманат етуді қалайтын тәрізді.
Терме қоғамдық қажеттіліктен туындаған синкреттік жанр. Терме айту үшін ақындық өнері меңгеру аздық етеді. Оған қоса өмірілік тәжірибе, орындаушылық қабілет, өткеннен хабардар болу талап етіледі. Және өз заманының озық тұсы мен кері кету заңдылықтарын білу де қажет. Өйткені қайбір термеші терме айтуда өткенді бағамдап барып тыңдаушысының назарын негізгі ой желісіне бұрады. Насихат сөзін ұсынады.
Мысалы, Базар жыраудың термесінде:
Құмарың тарқар халайық,
Керектерің сөз боса.
Аздыра ма халқыңды,
Ішіңнен шыққан ер болса, - [5.25]
дей келіп, қоғамдағы оңды қасиеттерді насихат етеді.
Терме айтудың жолын шартты түрде екі бағытта бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, жақсы қасиеттерді насихаттау, тыңдаушысына үлгі ету. Екіншісі, қоғамда орын алып отырған өрескел әрекеттерді сынау, әшкерелеу. Мысалы, Майлықожа ақын:
Жастарды тәрбие қып сөйлеу керек,
Ер жетіп еске толып есейгенше.
Шын достың көңілі өсіп қуанбай ма?
Сағынып бірін-бірі есен көрсе, - [2.11]
- деп адал достыққа шақыра отырып, достық қасиеттің озық тұстарын үлгі етеді.
Аяз Бетбаев:
Алдына қойған мақсат жоқ,
Әке менен шешеге,
Бұларға келер жақсы ат жоқ.
Ата-ананың мойынында,
Киім бүтін, тамақ тоқ,
Қалаға барар қыдырып,
Арақты судай сіміріп, - [3.24]
- деп ХХ ғасырдың кемелденген тұсында қоғамда орын алып отырған сорақы қылықтарды қатты сынға алады.
Терме түріндегі өлең өрімдерінде де заман құбылысы жырланып отырады. Мәселен термеші ақын А.Бетбаев ХХ ғасыр көгінде тұрып, сол кездегі заманның кері кетуі жайлы жырлап отырды. Ол араққа салынған жастар, ұлттық құндылықтардың әлсіреуі, ауылдан қалаға жөңкіле көшкен халық ж.т.б. Осының барлығында ақын жыраулар сияқты ой түйіндеп жатпайды. Ақын заманды жырлауда жастарға насихат үлгісінде сырғыта айтып отырады.
Әуел баста қазақ сөз арнау дәстүрі белгілі бір қоғамдық өзгерістерге негізделген. Өйткені қайбір тарихи өзгерістер тұсында қазақтың да сөз арнау дәстүріне өзгешеліктер болып отырғанын байқағандай боламыз. Өйткені жыраулық мектептің соңғы кезеңі ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі. Ендігі жерде әдебиет сахнасында ақындық мектеп орын алды. Яғни ХІХ ғасырдан бастап сөз майданындағы әдебиет өкілдерін ақын деп атау дәстүрге айналды. Жыраулардың қоғамдық қызметі заман ағымына байланысты біршама өзгеріп, ел басқарудағы рөлі төмендеді. Жыраулар ел тұтқасын ұстаған рухани жетекшісі ретінде танылудан қалды. Сонымен бірге жыраулар мұрасының негізі саналатын толғау жанры да өз мазмұны мен пішінін өзгертті. Сондықтан толғау ХІХ ғасырдан былайғы жерде жеке жанр ретінде дамудан кенже қалды. Ал оның орнына термеші ақындардың қатары молайып, толғаудың рөлін терме атқара бастады. Бірақ терменің қызмет аясы толғауға қарағанда біршама өзгерісте болды.
Сондықтан болу керек бүгінгі таңда толғаушы ақын дегенді кездестірмейміз. Ал оның есесіне термеші ақындардың қатары әлі әдебиет сахнасынан түсе қойған жоқ. Терме жанры заман ағымынан қалмай онымен қатарласа өмір сүріп келеді. Демек, терменің қалыптасуы мен дамуы жайлы сөз қылғанда осы мәселені естен шығармаған абзал. Толғау талайлаған ғасыр ел мүддесіне қызмет етіп келгенімен, келе-келе оның қызмет аясы тарылды. Ал терме болса екі жанрдың атқарар жүгін мойынына алып қазақ елінің игілігіне айналып отыр.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы. Жалын. 1991ж.
2. Майлықожа. Дүние-ай… Шымкент. «Шымған», 1993 ж.
3. Бетбаев А. Шу толқындары. Шу. 1991 ж.
4. Абылкасымов Б. Жанр толгау в казахской устной поэзии. Алматы. 1984г.
5. Базар жырау. Шығармалары. Алматы, «Жазушы», 1986 ж.

12
скачать работу

Қазақ әдебиетіндегі терме жанрының қалыптасуы мен дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ