Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

сын алдын ала біліп отырғанымызбен, Елдегі қазақтардың саны 60 пайыздан асып кететінін ресми түрде көрсетіп береді деп күтудеміз...

 

Қазақстанның демографиялық өзгерістер шежіресі де таңғажайып еді. Себебі, жер бетінде бұндай Мемлекеттік деңгейдегі көші-қон үрдісін, қандастарын елге оралту құбылысын Қазақстаннан басқа ешбір ел ешқашанда жасаған емес. Тек Израильды мысалға алады ғой. Израиль шектен тыс бай мемлекет болатын. Және әлемдегі бизнестің де, саясаттың да, ғылымның да, билік пен саясаттың да тұтқасын ұстап отырған Еврейлер де шетінен ықпалды топтар және бай халық еді. Ал Қазақтар қай жерде де қарапайым өмір сүріп жатқан. Соған қарамастан, кішкене Қазақстан әлемде болмағанды жасап, биыл 2008 жылдың тамыз айында Қазақстанға келген 1 млн 500-інші, яғни млн жарымыншы қазақты күтіп алатын болады...

 

Қарап отырсақ, біз Қазақстанда, жалпы қазақ халқы соңғы жүз жылдан бері тек елдегі пайыз үшін ғана күресіп келе жатқандаймыз. Бұл да күрес еді, көзге көрінбейтін, алайда шешуші күрес. Енді біршама анықтап алу керек, шетелдерде қанша қазақ бар. Шетелдарде біреулер тым гүмпитіп жіберетіндей 5-6 млн қазақ жоқ. Шетелдердегі қазақтың саны 4,2 млн ғана. Сосын, тағы бір ақиқатты - ол барлық қазақтың Қазақстанға келмейтінін де мойындау керек болды. Оның алдағы 50 жылда асырып айтқанның өзінде елге тек 70 пайызы ғана (3 млн-ы) оралуы мүмкін. Қалғандары сол аймақтарда қала береді. Себебі "бармасаң, келмесең - жат боласың" деген бар. Алайда Қазақстанның 1990-2030 жылдар аралығындағы 50 жыл ішінде 4,5 млн қазақты елге көшіріп алған, жергілікті халықтың өсімі екі есеге артқан, сөйтіп Елдегі қазақтардың санын 38 пайыздан 70 пайызға дейін көтерген саясаты әрқашан да әлемде теңдесі жоқ тарихи-демографиялық құбылыс ретінде, алдағы келе жатқан тарихымыздың беттерінде қала беретін болады. Біз өзіміз көздеген 70 пайызға 2025-26 жылдары жететін боламыз. Сол кезде соның ішінде Қазақстанда тұратын Түркі халықтары 80 пайызға жуықтайтын болады. Дәл қазір елімізде саны бойынша саны бойынша көп ұлттар ретінде 1-ші орында қазақтар, 2-ші орында орыстар, 3-ші орында өзбектер, 4-ші орында украиндер тұр.

 

...Білге қағанның ескерткішінің басына бұдан мың жарым жыл бұрын ертеде былай деп мақтанышпен жазылған екен: "Аз халықты көп қылдым, аш халықты тоқ қолдым". Бәлкім, сондай заман Ежелгі Түркінің сар даласына енді тағы да қайта айналып келе жатқан шығар...

 

Сөз соңы

 

Мына параққа сәл назар аударайық. БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер бөлімі 2050 жылғы халық ең көп тұратын елдердің болжамды тізімін жария етті: Күткеніміздей 2050 жылы халық саны бойынша елдерден әлемде 1-орында Үндістан, 2-орында Қытай, ал 3-орында АҚШ тұрады. Ал Ресей 17-орында болады, Ресейдегі халық саны азайып, әлемдегі Орыстардың саны Түріктер мен Ирандықтардан, олар тіпті Ауғандардан да аз болады.

 

Ал 2050 жылғы Қазақстан ше. Қазақстанда ол кезде, яғни 2050-жылы 13 млн халық тұратын болады. Қазір Қазастан халқының саны жөнінен әлемде 59-орында тұр, ол кезде 81-орында тұратын болады. Көңілсіз болжам. Біз 20 млн-ға жеткізгіміз келсе, олардың болжамы бойынша елдегі халық саны кеми түседі екен. Бұл болжамды жоққа шығару қиын. Біз БҰҰ сарапшыларының неге сүйенгенін білмейміз. Алайда олар бұл талдауды жасағанда елден орыстілділер көптеп кете береді деп есептеген және соғы жылдары оралмандардың келуі артып келе жатқанын ескермеген. Сөйтіп қазіргі бала туу көрсеткіші қайтыс болғандар мен елден кеткендердің орнын толтыра алмайтындықтан елдегі халық саны кеми береді деп жоспарлаған.

 

Шынымен солай ма. Біз әрине, 2050 жылды болжай алмаймыз, сондықтан таяу болашақты қарастырайық. Мысалы 2015 жылды бағамдау оңай. БҰҰ сарапшылары 2015 жылы Қазақстанда 14 млн 877 адам тұрады деп есептеген. Біз 2009 жылғы қаңтар-ақпан айында өтетін санақ елде 15,8 млн адам тұратынын анықтайды, оның 9,6 млн-ы Қазақтар болады деп күтудеміз. Яғни, 62 пайыз. Онда 2015 жылы елде 17,4 млн адам тұратын болады. Соның ішінде Қазақтар 12,1 млн, яғни 69 пайыз құрайды. Ал шетелдерде 3,9 млн Қазақ тұратын болады.

 

Сол кестеде БҰҰ сарапшылары 2025 жылы Қазақстан халқы 14,774 мың адам болады деп болжаған. Жоғарыдағы өзіміздің есепті жалғасырсақ, 2020 жылы Қазақстан халқы 18,6 млн-ға жетеді. Ал 2025 жылы 19,7 млн адам болады. Ал М.Тәтімов ағамыз 20 млн-ға осы 2025 жылы жетеміз деп болжам жасаған болатын... Бұл - көз жетер, болжануы оңай, таяу болашақ. Одан әрі болжау қиын...

«Қара домалақтар тасқыны» немесе демографиялық дүмпу

 

Қазақстандаүлкендемографиялықдүмпужүріпжатыр! Бұған «қарадомалақтар тасқынының» тигізіп отырған әсері зор. «Өйткені былтыр елімізде 330 мыңға жуық бала дүниеге келсе, биыл қара домалақтар саны 350 мыңнан асады» деп болжайды белгілі демограф, Орталық Азия университетінің ректоры Мақаш Тәтімов. Ал 2012-15 жылдары дүниеге келетін шараналар саны 400 мыңға жуықтайды екен. Сол кезде Қазақстандағы қазақтардың саны 70 пайызды құрайтын болады!

 

Бұл дүмпуге ата-аналар санының көбеюі, жастардың үйленуі, туу деңгейінің артуы себеп болып отыр

 

    Қазақстанда демографиялық дүмпу жүріп жатыр. Яғни дүниеге келген балалар саны күрт өсуде. Бұл үшінші дүмпу болып саналады. Біріншісі соғыстан кейін 60-шы жылдардың басында болса, ол кезде қазақ әйелдері 7-8 баладан туды. Екіншісі 1987-88-ші жылдары шыңға шықты, ол кезде бір әйел 4-5 баланы өмірге әкелді. Үшіншісі осы соңғы жылдары байқалып отыр. Қазір қалалық әйелдер 2-3 баладан, ауылдағы әйелдер 3-4 баладан тууда. Оны демографиялық толқын деп те атаймыз. Толқын толқынды туғызады, ойысу ойысуды туғызады. Яғни, бірінші дүмпу - аталары болса, екінші дүмпу - әкелері, үшіншісі - балалары. Бұл өзі табиғи заңдылық. Яғни, бұл дүмпу бәрібір болатын еді. Өйткені екінші дүмпудегі балалар өсіп-өркендеп, қазір үйленіп, үйлі-баранды болып жатыр. Сондай-ақ, бұл дүмпуге туудың деңгейі де қосылып отыр. Әрбір әйел адамға шаққанда баланың саны артуда. Қазақстанда қазақ әйелдерінің бала туу көрсеткіші 1999 жылы әбден төмен түсіп кетіп, бір әйелге шаққанда 2,1 баладан келсе болса, қазір 2,7 балаға дейін көтеріліп отыр. Енді біз дүмпудің шыңына жетіп, бұл санды 3 балаға дейін көтерейік деп отырмыз. Үш бала деген, шынын айтса, бәлендей үлкен көрсеткіш емес. Яғни бұл дүмпу ата-аналардың санының көбеюінен, жастардың үйленуінен болып отыр. Былтырдың өзінде 147 мың жас неке құрды, басқа жылдармен салыстырғанда үйленуге ниет білдірушілер саны өсіп келе жатыр. Демек биыл да «бэби бум» болады. Бұл ағылшын тілінен аударғанда «бөбек дүмпуі» деген мағына береді. Қазақша «қара домалақтардың тасқыны» деп те айтуға болады. Қазір бұл тасқынды мемлекет те, қоғамдық пікір де қолдап отыр. Мемлекет қалай қолдап отыр? Биылдан бастап жөргек ақы екі есе өсті – 70 мың теңге. Содан кейін бала бір жасқа жеткенше он ай бойы жәрдемақы алады, егер отбасының жағдайы нашар болса, онда бала 16 жасқа толғанша әлеуметтік көмек беріліп тұратын болады. Бұл үлкен көмек.

 

Демографиялық дүмпуге 40 жастан асқан әйелдердің де үлесі зор

 

    Қазір тағы бір айта кетерлік жағдай, оны сырт көз байқамауы да мүмкін. Қазір демографиялық дүмпуге 40-жастан асқан әйелдер де өз үлесін қосып жатыр. Олар егде тартып қалса да, әлеуметтік жағдайы жақсарған соң, оның үстіне денсаулығын жақсарту мақсатында балаларын өмірге әкеліп жатыр. Жалпы әйелдер үшін ең бала туатын жас 23-24 жас. Ал екінші бір мен байқаған жағдай, қазір қалада тұратын қазақ әйелдерінің бала туу көрсеткіші ауылда тұратын қазақ әйелдерінің бала туу көрсеткішінен жоғары болып тұр. Бұл ешбір елде болмаған жағдай. Бұл миграциядан болуы мүмкін. Яғни ауылда денсаулығы нашар, көңіл-күйі жоқ, некесіз адамдар қалып, денсаулығы жақсы, жігерлі азаматтар, әйелдер көбіне қалаға кетіп қалады. Демек ауылға да жағдай жасасақ, бала туу деңгейі көтеріледі. Мысалы балаға берілетін 7 жарым теңге ауылда бір отбасыны асырай алады.

 

«Қара домалақтар тасқыны» 2012-2015 жылдары шыңына шығады

 

    Былтыр туған балалардың саны 330 мыңға жуықтаса, биыл олардың саны 350 мыңға жуықтайды деп болжап отырмын. «Қара домалақтар тасқыны» 2012-2015 жылдары шыңына шығады. Ол кезде жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келетін болады. Туылған балалар саны неғұрлым көбейсе, ол бүкіл 20-шы ғасырда соғұрлым балалардың санының төмендемеуін қамтамасыз етеді. Яғни бұл балалар 20 жылдан кейін өз балаларын туады, 50 жылдан кейін немерелері туылады, 75 жылдан соң шөберелері болады.

 

Қазір Қазақстандағы қазақ саны 61 пайыз болса, 2015-ші жылдары 70 пайызға жетеді!

 

    Қазір Қазақстанда халық саны, ағымды статистика бойынша, 15 млн 565 мың деп есептеліп отыр. Келесі жылы дәл осы кезеңде ұлттық санақ жүреді – 16 млн-ға жақындаймыз деп есептеп отырмын. Өйткені санаққа ілінбей қалғандар, тіркелмегендер мен жасырын мигранттар бар. Соның 61 пайызға жуығы қазақтар. Қазақтың саны осы жылдың басында 9 млн 415 мыңдай болды. 5 миллион қазақ шетелде тұратынын ескерсек, әлем бойынша қазақтар саны 15 млн-ға, Қазақстанның өзінде 10 миллионға жақындайтын болады. Ал түркі тілдес халықтармен қоса есептегенде 70 пайызға жеттік. Мен неге 70 пайызға тоқталамын? Яғни қазақ өз жерінде 70 пайызға жетпей, өзінің унитарлы мемлекетін билеп отыра алмайды. Тілін мемлекеттік тұғырға шығара алмайды. Сондықтан бізге санмен қатар сапа да қажет. Ал Сапаны сан береді. Кейбіреулер бар, шіреніп, сан керек емес, сапа керек дейтін. Сан болмаса, сапа қайдан болсын? Қазақ

Пред.1112
скачать работу

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ