Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халқының этногенезі

зады. Дастанда қазақ терминіне қатысты ешқандай маңызды ақпар жоқ екендігін көптеген шығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов т.б.) атап көрсетті.

Оғыз болжамы. Халықтың шығу тегін ежелгі Оғыз тайпаларымен және токуз-окуз, сегиз-окуз, уч-окуз атауларымен байланыстарады. Қазақ деген сөздің өзі «ғуз-ағ» деп түсіндіріледі.

Қыпшақ әлеуметтік болжамы. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.

Қазақстан тарихының 2 томынан:

«…қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды»

Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын «қазақ» атауы, этникалық маңызға ие болды. Немесе «қазақ» атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді «өзбек-қазақ», кейін «қазақ» түрінде пайдаланылған деп санайды. Жәнібек-Керейдің Қазақ аталған Орданы құруы арқылы бұл көшпелі халықтың бұрынғы «Өзбек» атауын толықтай ығыстырып шығарды да халықтың атауы болып кетті.

1234
скачать работу

Қазақ халқының этногенезі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ