Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының 2-ші кезеңі (1837-1870 жж.). Кенесары Қасымұлы басқарған халық соғысы

ерілістің бастапқы сипаты өзгеріп, әскерлердің қырғыз ауылдарын тонауы Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызды. Қазақ сұлтаны Рустем мен Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында Кенесарыдан бөлініп кетуі, қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті.

Кенесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бишкектің маңы) тауының маңайындағы Майтөбе деген жерде болды.

1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.

Орыс үкіметі Кенесарыны жазалаушылардың еңбегін ұмытпады. Жантай Қарабеков патша үкіметінен алтын медаль, арнайы мақтау қағазына ие болды. Орманға алтын жіптермен тігілген халат тапсырылды.

Жеңілу себептері:

1. Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады.
2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды.
3. Россия билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемелекет қуруға мүдделі болмауы.
4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды.
5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.
6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Россияға қарсы тұра алмады.

Көтерілістің тарихи маңызы:

1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс — XIX ғ. барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс.
2. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі.
3. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.
4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Россия саясатымен байланыстылығын көрсетті.
5. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатың жүргізіп отырғының көрсетті.
6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.

Кенесары – Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға. Оның ерлігіне арналып, “Кенесары — Наурызбай” дастаны жазылды (авторы Нысанбай). Кенесары қазақ халкының азаттығы үшін, отаршылдыққа қарсы күрескен ұлттық батыр.

12
скачать работу

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының 2-ші кезеңі (1837-1870 жж.). Кенесары Қасымұлы басқарған халық соғысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ