Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі

леді. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, Хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.Нұралы хан оларды үнемі тойтарумен болды.

1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруғақазақтың жасАбылай ханызор күш жұмсады.

БұлкездеБұқара, Хиуаменқатынас-шиеленісті, жоңғарларүнеміқауіптөндіріпотырды. Ендігіжердеқазақхалқыныңтекөзініңкүшінеғанасенуікеректігіжәнеүшжүздіңбасынқосып, жоңғарларғақарсытұрукеректігінекөздеріжетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауылының адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, атасының атымен «Абылайлап» жауға шауып, көзсіз ерлігімен, батылдығымен көзге түседі. 1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.

Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған шығысынан Қытайлардың Манчжурлік (Шүршіттер) Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол алдымен Сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер алдымен шығып, Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді. Екінші қолды Шақшақ Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті.

Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта әйгілі батырлардан Қаракерей Қабанбай, Батыр Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.

Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.

Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.

Бұл Сыр бойындағы, оңтүситік Қазақстандағы соғыстар екі айға созылды. Нәтижесәінде Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Ал Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды жаудан босатты. Батыр Баян жауды өкшелеп Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері Қызылқұмдағы Қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы саласына шегіндірді. Жан-жағынан қусырылып, амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.

Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары сол кездегі қазақ ханы Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті. Жоңғарлар қазақ жерінен біртіндеп шегіне бастады. Алайда Абылай хан жауды бұл даладан мүлде қуып шықпай тыным таппады.

Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастаған қазақ жасақтары 1750 жылы жауды Тарбағатай, Жоңғар Алатауы жерімен өкшелеп, Жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді. Жау Жоңғар Алатауынан әрі асып қашып кетті. Бұл ірі шайқастардың ішіндегі ақырғысы болатын.

1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік үшін күрес туып, (Қалдан Церен өлген соң) туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасқандықтан, Жоңғар елі әлсірей бастаған еді. Содан жалғасып бұл көшпенді мемлекетті 1758 жылы Қытай империясы түбегейлі жеңді. 1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кеткен еді. Осыдан кейінгі 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады.

1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Сөйтіп енді Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Сөйтіп енді қазақ жеріне Цин империясы шабуылын бастады.

Осы ауыр кезде Абылай өзінің шебер ішкі, сыртқы саясатымен көзге түсті. Осы кезде Ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, Қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, көп соғыстан халықтың азып-тозып кеткенін айтып, Қытаймен елшілік қатынас орнату мақсатында адамдар жібереді. Сөйтіп, олармен сауда, экономикалық байланыс орнатудың жолдарын қарастырды. Ресеймен қарым-қатынасын да ұлғайтты. Қазақ жерін екі алып елдің қаупінен қорғап қалуда үлкен еңбек сіңірді, өзінің нәзік саясатымен тіл табысты, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді.

Қытайлар (Шүршіттер) да дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Олардың кейбір шабуылдары Қазақ жеріне, Жетісу мен Сарыарқа өңіріне сұғына енді. Қазақ әскерлері олардың қаптаған, жақсы қаруланған қолымен бірнеше рет бетпе-бет келіп, Абылайдың басқаруымен бірде жеңіп, бірде жеңіліп жүрді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, бейбіт келісімдер арқылы Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын бар мүмкіндігін сала іздестірді. 1760 жылдары Қытаймен арада бітімгершілік жасаудың (Аягөз бітімі) сәті түсті. Қазақтар Алтай-Қара Ертіс және Тарбағатай, Жоңғар Алатауының шығыс жақ беткейлерінде, Іле бойынша көшіп-қонып жүруге мүмкіндік алды. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.

1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Ал іс жүзінде өлшеусіз еңбегі арқылы Қазақтың ханы болып танылған еді. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли хан сайланды.

Негізгіәдебиеттер

 

1.Қазақстантарихы. Очерк. 184-194-бб.

2.Қазақстан тарихы. 5-томдық. 3-том., 1-бөлім. 1,2,3,6,7,8-тараулар.

       3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 5-бөлім

4.Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи XVII-XVIII вв. А., 1991.

5.Галиев В.З. Хан Джангир и Орбулакская битва. А., 1998.

12
скачать работу

Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ