Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты

п, өзінің жолын білуі қажет. Кейде «Күйеу күл астында», «Жаман күйеу қатыншыл», «Күл төбе болмас,  күйеу ұл болмас»  деп мақалдаған.

«Жігіт жарымен жақсы» дегендей ер адам өмірін де әйелдің алар орны ерекше. Ерді адам қылуда, жаман қылуда алған жарына байланысты: «адам болар жігіттің жары өзіне лайық, керуен бастар жігіттің нары өзіне лайық», «Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт, жары жақсы болса бір бақыт».

Қазақ мақалдарында ерлік, батырлық, ержүректік, азаматтық, халық игілігі үшін еңбек ұғымы мен жанаса айтылып отырады. Жігіттің ерлік қасиеттері мен сипаттайтын гендерлік лексика: ер, ел, ат, батыр, намыс, ерлік, азаматтақ т.б. Ел, ер туралы сөйлегенде халық бұл екі ұғымды бір-біріне тығыз қабыстыра айтады. Мысалы: «Ер сүрінбей ел танымас», «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» т.б. Халық еліне, отанына еңбегін сіңіріп, өмірін соның игілігіне арнап ел сынына төзе білген адам ғана ер болады деп түсінеді. «Ердің сыншысы елі» деген.

Сонымен бірге ер азаматтың қоғамдағы гендерлік бейнесін ашатын хан, сұлтан, би әкім сынды сөздер мақалда көрініс табады. «Әкім адал болмаса жұрт бұзылар, сауда адал болмаса нарық бұзылар», «Әкімге қарсы келме, күніңе кемшілік келер», «Төре тайғақ болса, бітіп болмас, төбе тайғақ боса, шығып болмас», «Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді». Ескерте кететін жайт ердің образын ашатын хан, сұлтан, төре сынды сөздер қазір қолданыста жоқ, олардыңорнына әкім, бастық, орынбасар сынды сөздер қолданылады.

Ер адам өмір бойы осылай күшке мініп, патша не хан болып, не ерлігі асқан батыр болып тұра бермейді. Уақыт өтеді, жас та жетеді, ешқайда қашып құтыла алмайтын кәрілік кеп жетеді. Енді бұрынғы ел басқарған би не әкім емес, жаңа буынға ақыл айтатын қария болады. Басына түскен кәрілікті халық «Қарт айнаға қараса, өзіне көңілі толмайды», «Ер қартайса еркі кетер, әйел қартайса көркі кетер» деп ер бойындағы ерлік, қайрат, күш-қуаттың кете бастауын мақалдаған.

Сонымен, бұл тақырып болашақ филолог ретінде мені қашаннан қызықтырып келеді. Осы уақытқа дейін «ер», «әйел» концептісіне байланысты қаншама мақал-мәтелдер жинадым. Бұларды қыздың және ер адамның әр өмір сатысына бөліп бөлек-бөлек қарастырдым. Бірақ осы жұмысымдағы көрініс тапқан мақал-мәтелдер оның бірері ғана

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.                       Өркен Маханова «Білім беру жүйесіндегі гендерлік өлшем»//Ақиқат №9, 2003 жыл.

2.                       Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы 1974, І-том

3.                       Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған: Ж.Малайсаран. Алматы, «Ана тілі», 2004 жыл.

4.                       Ж.Кейкін «Қазақтың 7777 мақал-мәтелі» Алматы, «Өлке», 2002 жыл.

5.                       С.Амантаева «Әйел» концептісінің мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерде бейнеленуі//Лингвистика мен лингводидактиканың өзекті мәселелері. Қарағанды: «ҚарМУ», 2005 жыл.

12
скачать работу

Қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ