Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр

, көркемдік сөз өрнегімен әрі қарай дамытқан Бұқар жырау. Оның жыр-толғаулары – сол тарихи дәуірдің көркемдік көрінісі.

XVIII ғ. әдебиетінен соның ірі өкілі Бұқар жырау поэзиясы монографиялық түрде арнайы өтіледі. 

 

Асан қайғы (XV ғасыр)

 

Енді XV-XVIII ғғ. елдің әлеуметтік тіршілігі, халық тағдыры, арман-мұраты жеке жыраулар поэзиясында қалай көркемдік шешімін тапқан екен, соған тоқталып көрелік. Асан – өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған "таза мінсіз асыл сөз" аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен ірі сөз зергері, терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына "қайғы" деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан ел тыныштығын армандаған.

Мал баққан көшпелі елге керегі – бейбіт тіршілік. Бірақ, ол кезде жаугершілік, басқыншылық, соғыс, құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып тұрған.

Олар ел берекесін кетіріп, күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына төнген осы ауыртпалықты көре білген.

Асан қайғы "Әй, хан, мен айтпасам білмейсің" деген Жәнібек ханға айтқан толғауында "шабылып жатқан халқың бар, аймағын көздеп көрмейсің" – деп күйзелген халқының қамын ойлау орнына "қымыз ішіп қызарып, масаттанып, қызып, өзінен басқа хан жоқтай елеуреп, бақ-дәрежесіне, мансабына масаттанған" ханға батыл үн қатады. Жырау бұл жерде ханның мақтаншақ, парықсыз, ұшқалақ мінезін тамаша бейнелеген. Елінің қамын, ертеңін ойламаған ханға жырау "Ойыл көздің жасы еді... Ойылдан елді көшірдің, Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің... Еділ деген қиянға, еңкейіп келдің тар жерге", – деп нали тіл қатады.

Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді, қабырғасы қайыса жыр төгеді, болжам жасайды. Жырау ханға:

 

Тіл алсаң, іздеп қоныс көр,

Желмая мініп жер шалсам,

Тапқан жерге ел көшір, –

деп ақыл-кеңес береді. Онан әрі ханға:

 

Аңдып жүрген көп дұшпан,                Өз басына келеді.

Елге жау боп келеді.                            Құлың кеп сені өлтірер.

Құладан қуды өлтірсе,                         Осыны Асан біледі, –

 

деп, жырау халық көтерілсе, хан басына ауыр күн туарын ескертеді.

Ақылгөй жырау "ата жұрты – бұқара" күшін жоғары бағалайды. "Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа" – деп, елді бірлік-ынтымаққа шақырады. Жырда ғибрат, өнеге аларлық парасатты ой түйіндері мол. Ол өз тұсындағыларға да, келешек ұрпаққа да биік адамгершілікті уағыздаған. Жырау:

 

Ашу – дұшпан, артынан

Түсіп кетсең қайтесің.

Түбі терең қуысқа, –

 

деп шалдуарлық теріс мінездерден сақтандырады. Сол сияқты "Ердің құны болса да, қол қусырып барған соң, аса кеш те қоя бер, бұрынғыны қуыспа", – деп, қайырымдылық, ерлік істерге жетектейді. Асан қайғының:

 

Арғымаққа міндім деп,        Достарыңмен санаспа!

Артқы топтан адаспа!          Ғылымым жұрттан асты деп,

Күніңде өзім болдым деп,   Кеңессіз сөз бастама!

Кең пейілге таласпа!            Жеңемін деп біреуді

Артық үшін айтысып,          Өтірік сөзбен қостама! –

 

деген жолдарындағы өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы, философиялық терең ойлары бүгінгілерге де үлгі-өнеге.

"Көлде жүрген қоңыр қаз" толғауындағы ғибратнамалық ойлары да тереңділігімен, парасаттылығымен таңдандырады.

Асан жырлары тек өзінің мазмұнымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. Жырау поэзиясы толғау түрінде келеді. Ол өз жырларында синтаксистік параллелизмді шебер қолданған.                                              

 

Таза, мінсіз, асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза, мінсіз, асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады,–

 

дегенжолдарданмұныайқынаңғаруғаболады. Жырау бұл тәсілді тек көркемдік үшін ғана қолданбаған, сол арқылы терең ой түйіндеген, сөз өнерінің қадірін білдірген, сөз жалаң дүние емес, адам жанының ішкі толғанысының, жан сырының көрінісі екенін тамаша өрнектеген. Ақын поэзиясы дыбыс үндестігіне құрылған.

 

Ойыл деген ойынды,

Отын тапсаң тойыңды...

Елбең-елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген

Екі семіз қолға алып,

Ерлер жортып күн көрген...–

 

дегенжолдардажырауөзойынайтыпберуүшінкөркемдіктәсілдіұтымдықолданған. Мұндайөрнекті"Қырындакиікжайлаған" өлеңінендекездестіреміз.

 

Қазтуған Сүйінішұлы

 

Қазтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген) – жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі.

Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жырларының көпшілігі сақталмаған. Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана бар. Алайда аталған үш шығарманың өзі-ақ Қазтуғанның қазақ әдебиет тарихынан орын алуына негіз бола алды. Қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған, афористік толғаныс, көркем тіркестерге бай Қазтуған жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған.

Жыраудың «Бұдырайған екі шекелі» толғауында әрі жырау, әрі батырға тән өз портретін өзі жасап, ұтымды да дәл метафоралық салыстырулар арқылы әсем көмкерген. Ал, «Алаң да алаң, алаң жұртта» халықтың туған мекен – Еділін тастап, шу бойында алғаш хандық құрып, қоныс тебуі, тәуелсіз ел болу кезеңін меңзейді. Қазтуғанның туған жер, өскен елге деген махаббаты да кіршіксіз әрі шексіз. Ол «Кіндік кесіп, кір жуған» ата қоныс – Еділдің дарқан байлығы мен шексіз де шетсіз қуатты мекен екенін сипаттау арқылы өз сүйіспендігін жайып салады. «Жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жерді» суреттегенде, оның елге қорған, мықты тірек болғанын да ұмытпайды. «Белгілі биік биік көк сеңгір» жырынан жауынгер-жыраудың өмір жайлы тыныс-түсінігі айқын аңғарылады. Бұл аталған жырлар қазақ әдебиетінде өзінің мазмұны мен көркемдік сипаттары жағынан ғана емес, сыртқы түзілім-құрылыс тұрғысынан да ерекше дараланады. Қазтуған жырлары алғаш рет Ғ.Мұштақтың «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» деген кітабында басылған. Кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «15-18 ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақтарда жарық көрген.

Сүйінішұлы Қазтуған - өз заманының әрі батыры, әрі ақыны, әрі күйші, әрі шешені болған. Сегіз қырлы бір сырлы. Мұның бәрі өзі туралы бір толғам жырдан айқын көрініп тұр:

 

 « Бұдырайған екі шекелі,

 Мұздай үлкен көбелі,

 Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,

 Адырнасы шайы оққа кірісті,

 Айдаса қойдың көсемі,

 Сөйлесе қызыл тілдің шешені,

 Ұстаса қашағанның ұзын құйрығы,

 Қалайылаған қасты орданың сырығы,

 Билер отты би соңы,

 Би ұлының кенжесі,

 Буыршының бұта шайнар азуы,

 Бидайдықтың көл жайқаған жалғызы,

 Бұлт болған айды ашқан,

 Мұнар болған күнді ашқан,

 Мұсылман мен кәуірдің

 Арасын бұзып өтіп дінді ашқан-

 Сүйінішұлы Қазтуған!!!»

 

Алтын Орданың шаңырағы құлап, Еуразияның Ұлы Даласын көктей көшкен көшпелілер басынан құсы ұшқан кезде сұңқылдап тұрып жоқтау айтқан әйгілі тұлғалардың бірі Сүйінішұлы Қазтуған жырау өткенін қимай, бүгініне риза болмай,болашағына секеммен қарап

12345
скачать работу

Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ