Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздерi

Мысалы, газет бетінен қайсыбір мектепте эстетикалық тәрбие мақсатында үкілі қыз байқауын өткізгені жайында айтылған. Ал шынында үкілі қыз сөзі “үкі тағылған, құда түсушілер үкітағар ырымын жасаған” деген мәдени семантиканы білдіреді. Байқау конкурсты өткізушілердің үкілі қыз сөзінің мәдени семантикасынан бейхабарлығын көрсетеді.
Тілдік тұлға үшін мәдени-тілдік семантиканың аса күрделі түрі фразеологимдер, паремологизмдер тәрізді тілдік таңбаның мазмұн межесіндегі құрылымдармен байланысты.
Этностың ақиқат дүние туралы көзқарасы, салт-дәстүрі, жол-жоралғылары әдет-ғұрпы, моралі, әдебі, тұрмыс-тіршілігімен байланысты ақпараттар жинақтаған тұрақты сөз орамдарының мазмұндық құрылымында ақиқат дүниенің тілдік бейнесін көрсететін ұлттық менталитетті танытатын компоненттер болады. Осыларды айқын аңғара білмеген жағдайда сөйлеуші/жазушы коммуникативтік сәтсіздікке ұшырауы ықтимал. Соңғы жылдары әсіресе радиохабарларда жылы лебізді құттықтау сөз айта келіп, мерейтой иесіне “қартаймаңыз!” деп тілек білдіреді. Қазақ мәдени қоғамдастығы “қартаймаңыз” деген тілекті қабылдай қоймайды, мұндай тілек “кәрілік жасқа жетпеңіз” дегендей сезіледі. “Адам қартаймайтын шайтан емес қой” деп қайсыбір кісілер мұндай тілекті қош алмайды. Қазақ cалтында қарттық үлкен құрмет, адамның қызметі, атақ-дәрежесінен гөрі жасын сыйлау, жасына қарай жол беру жағы мықтап ескеріледі. Үлкендердің байырғы кезде кәрілікке жеткізсін, жағың түспей, жамандық көрме; ақ сақалды сары тісті бол дейтіні сол этикалық норманы айқын аңғартады.
Сонымен, тілдік тұлғаның коммуникативтік сәтсіздікке ұшырау қаупі жиі кездесетін аймақтың бірі негізінен мазмұн межесі этномәдени семантикаға ие тұрақты сөз орамдарымен, яғни фразеологизмдер мен паремологизмдердің мәдени-ұлттық семантикасымен байланысты деуге болады.
“Сөз мәдениетінің этикалық аспектісі” тараушасында ұлттық этикалық ұстанымдардың, жалпыадамзаттық этикалық құндылықтардың этикалық нормаларды құрайтыны, ал этикалық нормалар дейтініміз қарым-қатынастың әртүрлі жағдаятына (ситуациясына) тән тілдісу ережелерінің жиынтығы болып табылатыны (Энциклопедический словарь) айтылады. Сөз этикасы – дүниетанымдық компоненттерден, этикеттік компоненттерден және эстетикалық элементтерден тұратын күрделі құрылым.
1. Сөз этикасының дүниетанымдық бөлігі адамзаттық құндылықтар жөніндегі ұғым, түсініктерден тұрады. Тілдік тұлғаның сөз әрекеті адамгершілік, ар-ұят, жауапкершілік, парыз, ізгілік, мейрімділік, әділдік, шыншылдық, ақиқат тәрізді жалпыадамзаттық құндылық принциптеріне бағынады. Тілдік қарым-қатынаста, сөйлеушінің саптаған сөз өріміне осы принциптер негіз болады.
Қарым-қатынасқа осы принциптерді ұйытқы етіп алушылық қазақтың байырғы ұлттық сөз өнері дәстүрінде, әсіресе шешендік сөз өнерінде айрықша орын алғандығын айқын аңғаруға болады: тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ; сөзді шын тоқтатады, суды шым тоқтатады.
Сөз этикасының дүниетанымдық компонентіне тіл субъектісінің (тіл иесінің) тілге, сөзге қатысты мақал-мәтел түріндегі пайымдауларын жатқызуға болады. Өйткені ұлттық сөз этикасы өнер алды – қызыл тіл; тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады; сиыр мүйізінен байланады, адам сөзінен байланады; таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді т.б. пайымдауларды да тірек-таяныш етеді.
2. Сөз этикасының этикеттік бөлігі байланыс орнату, байланысты жалғастыру, байланысты аяқтау тәрізді қарым-қатынас тәртібінің ережелерін білу, сол ережелерді коммуниканттың мәртебесіне сай, қарым-қатынастың ресми/бейресми жағдаятында іс жүзінде қолдануға тірек-таяныш болады. Үлкенді сыйлау, құрметтеу; сөйлеушінің сөзін бөлмеу, сөйлеуші тыңдаушыны назардан тыс қалдырмауы, өзін төмен ұстауы, мадақ сөзден қашуы т.б. тәрізді ұлттық сөз саптау дәстүріндегі талаптар сөз этикетіне ұйтқы, тірек-таяныш болады. Сөз этикетінің қатысты мұндай талаптар мақал-мәтелдерде айқын аңғарылады: сәлем – сөздің анасы; бір күн үзеңгі жолдасқа қырық күн сәлем; анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без, атасы тұрып ұлы сөйлегеннен без; сіз деген – сөздің сынығы, сен деген – сөздің анығы т.б.
3. Қазақтың ұлттық сөз саптау дәстүрінде этикалық ұғымдарға қоса эстетикалық компоненттер де қабаттаса, қатарласа жүреді. Мысалы: құр айқай бақырған /құлаққа ән емес/ өнерсіз шатылған/ Жігітке сән емес (Абай); Аузынан сөзі түскен, қойнынан бөзі түскен (мақал); сөйлеуші желдей есілген, тыңдаушы бордай езілген (М.Әуезов); Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын (мақал) т.б.
Сонымен бірге сөз этикасының құрамына сөз этикеті деген ұғым кіреді. Ал сөз этикеті ережелері сыпайылық принциптеріне негізделген. Сөйлеуші жақтың өз әріптесіне құрметпен қарауы негізгі ережелердің бірі болып саналады. Сыпайылық, сыйластық, ізеттілік – моральдың, этиканың түп негізі. Сайып келгенде, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеу адамдардың бір-бірін құрметтеуінен, ілтипатшылдығынан (толерантность) басталады.
Жоғарыдағы айтылғандарды түйіндей келгенде, ұлттың дәстүрлі сөз саптау мәдениетінде этикалық, эстетикалық құндылықтардың мәні айрықша болады. Мейірімділік, ізеттілік, адамгершілік, жауапкершілік, дегдарлық, парыз т.б. эстетика-этикалық категориялар адамдар арасындағы тілдік қатынаста үйлестіріп-үндестіріп отырады. Сондай-ақ тілдік қарым-қатынаста дауыс көтеру, айқайлау, шәңкілдеу қарым-қатынас психологиясына кері әсер ететін, эстетикалық принципке қайшы сөз әрекеттері болып саналады. Мысалы, қазіргі кездегі сөз саптауда, тілдік қарым-қатынаста адамдардың өз дегеніне жетуді, өзіне тиімді жағын көздеуді өзара түсіністік, өзара ықпалдастықтан гөрі өзінің жеке басының мақсат-мүддесін алға тартуы, бейпіл сөздерді жария түрде қолдану (легилизациялау) қоғамдық сананы БАҚ арқылы дегеніне қарай бұрмалап отыру БАҚ арқылы өштескен адамы жөнінде жағымсыз пікір тарату; домалақ арыз жазу тәрізділер сөз этикетіне тән норманың бұзылуына саятын жағымсыз әрекеттерге жатады.
Сөйтіп, халықтың мәдени-ұлттық дәстүріндегі этикалық қатегориялар, эстетикалық, риторикалық принциптер тілдік ұжымның ішіндегі үндесім-үйлесім қызметін (гармонизациялау) атқарады.
Сөз мәдениеті деген терминге анықтама қазақ тілтанымында негізінен тілдік-нормативтік, коммуникативтік тұрғыдан берілсе, ендігі жерде бұл ұғымның құрамына этикалық нормалармен байланысты ерекшеліктері қамтуы жағынан назар аудару қажет.

1234
скачать работу

Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздерi

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ