Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тіліндегі буын үндестігі

нтерпретацияға ие болып, т.б. сингармониялық ұғымдармен, категориялармен, принциптермен қоса зерттеліп, сингармониялық және акцентті – фонемалық теориялардың пайда болып, қалыптасуына ғылыми негіз болды.
Сингармонизм – гректің Sun “бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, - қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.
1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және – брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.
2. –Рк, - нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.
Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингорманизім заңына бағынбайды. Бірақ бұларға қазақ тілінің қосымшалары жалғанады.
Осылармен бірге, тілімізде ерін үндестігі деген бар.
Ол еріндік –о, -ө, -ұ, -ү дыбыстарынан айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.
Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады. Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2. Еріннің қатысы бір – бірімен өзара үндесіп айтылады.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармониялық ғылыми бағытта бірінші болып зерттеген – А. Байтұрсынов.
А. Байтұрсынов «сингармонизм» терминін қолданбаған, бірақ сингармонизм ұғымын еңбектерінде толық қамтыған, себебі қазақ тілінің дыбыс қорын, сөйлесім процесін езулік жуан, езулік жіңішке категорияларында ұғып, ғылыми ізденістер жүргізіп, классификация жасаған. Яғни, А. Байтұрсыновтың фонетикаға, графикаға, фонограмиялық, орфоэпиға арналған еңбектері езу сингармонизімінің негізінде жасалған.

12
скачать работу

Қазақ тіліндегі буын үндестігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ