Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тіліндегі төрт түлік малға байланысты қолданылатын тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты

uo; сөзі жеке тұрып та, сондай-ақ қосымша болып келгенде де «бағушы, күзетуші, қараушы» деген мағынаны білдіретіні анық. Қазақ тіліндегі «шопанның» нақ мағынасы – бақташы, қойшы.
Момын, жуас деген мағынада көптеп жұмсалатын тұрақты тіркесіміздің бірі- қой аузынан шөп алмас. Түнде қойға шапқан қасқырдай ол әдетте Орта Азия хандарының бөтен елге жорыққа кеткен кезін аңдып тұратын (І.Есенберлин). Осы сөйлемдегі тұрақты тіркесіміз: қойға шапқан қасқырдай- қырып жою, тас-талқан қылу турасында айтылып тұр. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалады» фразеологизмі- тыныштық, бейбіт заман орнады мағынасында. Мәселен: Асан қайғы желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жер ұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді (Қазақ ертегілері). «Сенген қойым, сен болсаң»- үміт етіп, сенген адамы ойлаған жерінен шықпай, көңілі қалғанда айтылатын тұрақты тіркес. Мысалға, Сенген қойым сен болсаң, күйсегенің құрысын! Ақмоладан оқып келгенде, одан «қосшы болыс» атағанда жылпос Жақыпқа бір ауыз сөз айта алмадың,- деді Тәуке Әлжанға (Ғ.Мұстафин). «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деген тұрақты тіркесіміз мезгілінен кешеуілдеу, ерте туып, кеш қалу деген мағынаны білдіреді.
Төрт түлікке қоймен қосылып айтылатын мал- ешкі. Мал баққан жұрт ешкінің серкесін қатты құрметтейді. «Серкесіз қой болмайды» деп қоралы қойға басшы ретінде серке қояды да, оны көсем серке дейді. Қолданыстағы «тоқал ешкідей қылды» деген фразеологизм – жатсынды, жатырқады мағынасында жұмсалады. «Ешкі көзденді» – бақырайды, аларды деген мағынаны береді.Мысал келтірер болсақ, Ит көрген ешкі көзденіп, елерме жынды сөзденіп (Абай).
Қорыта айтқанда, біз жоғарыда төрт түлік малға қатысты тілімізде қолданылатын тұрақты сөз тіркестерінің этнолингвистикалық сипатын анықтауға тырыстық. Жалпы біздің ойымызша, тіліміздегі қайсыбір болмасын тұрақты тіркестердің табиғатына үңіліп, тілдік заңдылықтарға негіздей отырып қарастыру – халқымыздың дүниетанымын, салт-дәстүрін, ұлттық болмысын тағы да жан-жақты тануымызға мүмкіндік береді деп білеміз. Сол себепті де тіліміздегі қолданылатын төрт түлік малға қатысты тұрақты тіркестер мәселелері әлі баршылық. Біз бұл мақаламызда тілші ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып өз топшылауымызды тілге тиек еттік. Ал бұл тақырыптарды зерттеп талдау, өзіндік бағасын беру болашақ тілші ғалымдардың үлесінде болмақ.
Қолданылған әдебиеттер:

1. «Төрт түлік төресі кім?», Қайнар баспасы, А.,1990ж.
2. «Ер қанаты», Қайнар А., 1987ж.
3. І.Кеңесбаев «Фразеологиялық сөздік», Ғылым А.,1977
4. Ә.Қайдаров «Этнолингвистика негізі» А.,1998ж.
5. Қазақ әдебиеті газеті № 11, 18.03.2005ж.
6. «Қазақ ертегілері», Жазушы, А.,2002ж.

12
скачать работу

Қазақ тіліндегі төрт түлік малға байланысты қолданылатын тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ