Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан армиясы

ылы құрылған Орталық Азия батальоны (Ортазбат) ықпал етеді. Оның міндеті – Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен бейбіт жасампаздық іс-әрекеттерге қатысу. Батальон құрамына үш мотоатқыштар ротасы, зениттік-ракеталық взвод, минометті батарея, байланыс взводы, медициналық пункт және материалдық-техникалық жабдықтау взводы кіреді. Жалпы саны – 553 адам. Ресей, АҚШ, Түркия және басқа мемлекеттердің бітімгершілік күштерінің қатысуымен, жыл сайын бұл батальонның жаттығуы өтіп тұрады. Жаттығу ауданында қатысушы елдер бөлімдерінің десанттары террорға қарсы әрекеттер мен гуманитарлық тапсырмаларды орындайды.

Біздің республикамыз да қосылған НАТО-ның “Бейбітшілік жолындағы бағдарламаларын” жүзеге асыру тұрғысында, 1996 жылдан АҚШ әскерлерімен Қазақстан аумағында (“Жәрдем-99”) және АҚШ-та (“Наггет-97 кооперациясы”, Форт-Пол), түрік (“Бейбітшілік көпірі-98”), фин (“Ортазбат-99”, Тампа қ.) әскерлерімен бірлескен жаттығулар өткізіліп келеді. Олардың ішіндегі ең үлкені НАТО-ның 23 елі мен ТМД-ның 6 елінің күштері қатысқан “Бейбітшілік қалқаны-2000” жаттығуы болды.

Біріккен жаттығулар жауынгерлік қимылдардың тактикалық деңгейдегі дағдыларын жетілдіреді, барлық деңгейдегі басқару органдарының дайындық пен жаттығу жүргізу жөніндегі тәжірибелерін байытады, сондай-ақ, армиялар мен әр түрлі елдер халықтары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың артуына ықпал етеді.

123
скачать работу

Қазақстан армиясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ