Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан мемлекеті мен БҰҰ

лар баптарының жобалары төңірегіндегі дискиссияларға қатысып,  Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық Құқық, Халықаралық Сауда Құқығы комиссияларның отырыстарына жиі қатысады.
      Осы жылдары ішінде еліміз қарусыздандыру, сауда мен транспорт, экология, терроризммен күресу, гуманитарлы дипломатиялық құқық жөніндегі келісімдердің қатысушысы болып қалды. Осы жылдары еліміз қатысқан құжаттарының көбісіне депозитарий ретінде  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы шыққан.
      Соңғы жылдары Қазақстан мен  Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы ғарыштық кеністікті игеру саласындағы ынтымақтастықты ерекше атап кетуге тура келеді.  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 49 сессиясында Қазақстан Ғарыш Кеңістігін Бейбіт Мақсатта Пайдалану жөніндегі Комитетіне (КОПУОС) сайланған. Бұл Қазақстанның ғарыштық саласын игеру үлесінің әлемдік қауымдасты- ғымен мойындалуың көрсетеді. Осымен қатар, біздің еліміз  Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да арнайы комитеттеріне, ұйымдарына, қорлары мен комиссияларына, агенттіктер мен басқармаларға тұрақты мүше ретінде кіріп, барлық мәселелерді шешуде белсенді рөлді атқаруда.
ІІ – Бөлім: Қазақстан мен БҰҰ-ның Арнайы Мекемелері
2.1 - Қазақстан мен  БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)
      1965 жылы құрылған  Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту Бағдар-ламасы (ПРООН) өзіннің Қазақстанмен ынтымақтастықтағында басты назарды ұлттық мамандарды дайындауға, нарықтық реформаларды іске асыруға, экономикамыздың әр түрлі секторларындағы жаңа құрылымдары жөнінде консультативті көмек көрсетуге аударады.
      Қазіргі уақытта БҰҰ Дамыту Бағдарламасының кеңесшілері мен сарапшылары Қазақстан өкіметіне еліміздегі жүргізіліп жатқан бірнеше ірі ұлттық бағдарламалды іске асыруға көмек көрсетуде, оларға: Ұлттық Жекешелендіру Бағдарламасы, Қоршаған Ортаны Қорғау мен Қалыпты Даму Әрекеттерінің Ұлттық Жоспары, Әйелдер Жағдайларын Жақсарту Әрекеттерінің Ұлттық Жоспары, Әлеуметтік Даму Әрекетте-рінің Жоспары, Салауатты Өмірді Қалыптастыру Бағдарламасы, ж.т.б
      1993 жылдан бастап, БҰҰ Дамыту Бағдарламасы Қазақстан өкіметіне нарықтық реформаларды іске асыруға, экономикамыздағы әр түрлі салалары мен еліміздің барлық аймақтарына нақтылы көмек көрсетеді.
      Қазіргі таңда Қазақстандағы бірнеше экономикалық пен саяси рефор-малардың іске сәтті асырылғандығы есепке алынып, еліміздің ары қарай дамытуының приоритетті бағыттары анықталды, ең маңыз-ды мәселелерді шешуге бірлескен күштердің орталықтандырылған әрекеттері жұмыс істеуде, олардың ішінде:
  Әлеуметтік салада – еліміздің білім беру мен ғылым жүйесін жаңарту, жұмыссыздар мен халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға нақтылы көмек көрсету.
  Экономика саласында – еліміздің шағын және орта кәсіпкерлігін дамытуына, өңдеу өңдірісінің тұрақталуына, ауыл шаруашылығына, транспорттық инфрақұрылыы мен саудаға көмек көрсету.
  Экологиялық салада – Семей полигонының ауданы мен Арал бассейіні маңынын реабилитациясы, Каспий аймағындағы ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауға көмек көрсету.
      Жақын арада Қазақстан мен БҰҰ Дамыту Бағдарламасы арасында-ғы ынтымақтастық шеңберінде бірнеше жаңа бағдарламаларының іске асырылуы қарастырылуда, олардың ішінде:
  Әлеуметтік Даму Бағдарламасы
  Еліміздің демократияландыруы мен мемлекеттік басқару жүйесің нығайту Бағдарламасы
  Қалыпты даму мақсат-да қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы
Жалпы қарастырып алғанда, Орталық Азия мемлекеттері арасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту Бағдарламасының Қазақстандағы жұмысы ең табысты болып саналады. Бұл еліміздің халықаралық бейнесінің тек жағымды көрсеткіштеріне жатқызылады.
2.2 – Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО)
      Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім Беру, Ғылым және Мәдениет Мәселелері жөнінддегі Ұйымына (ББҒММҰ) 1992 жылдың мамырында кіріп, оның келесідей Конвенцияларына қосылды:
  Білім берерлік, ғылыми және мәдени материалдардың кіргізілуі туралы Келісім, оның А және Е толықтаулары мен 1950ж Протоколы
  Авторлық Құқық жөніндегі Әлемдік Конвенциясы, ХІІІ Бапқа жататын Декларация мен ХІ Бапқа жататын Резолюция
  Әскери жанжал кезінде мәдени құндылқтарды қорғау туралы Конвенция, оның 1954ж Атқарушы Регламенті мен Протоколы
  Әлемдік мәдени және табиғи мұралар-ң қорғалуы тур/ы Конвенция
  Еуропа елдері аймағының ғылыми дәрежелерің, жоғарғы білім туралы дипломдарың мен оқыту курстарын мойындау Конв-сы, 1979ж
  Азия мен Тынық Мұхит елдерінің ғылыми дәрежелерінің, жоғарғы білім туралы дипломдарың, оқыту курстарын мойындау Конв-сы, 1983ж
  Еуропалық аймаққа жататын ғылыми квалификацияларың, оқыту курстарын мойындау туралы Конвенциясы, 1997ж
      ББҒММҰ Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы ерекше мәдени, тарихи, рухани орталық ретінде мойындап, оған барынша көніл бөлу-де. Нақтылы үлгілерге мынаны жатқызуға болады: ББҒММУ Абайдың 150 жылдығының, М. Әуезов пен Қ. Сәтбаевтың 100 жылдықтарының, М.Х. Дулатидің 500 жылдығының, Түркістан қаласының 1500 жылдығының, Тараздың 2000 жылдығының және жақында өткен Махамбеттің 200 жылдығының салтанаттарына белсенді қатысты. Осы салтанаттардың өткізілуің БҰҰ-ның каленьдарына орналатқан.
      Осымен қатар, ББҒММҰ  «Қазақстанның мәдени жәңе табиғи мұра объектілерінің алдын ала Тізімін» қабылдаған, оған ерекше аталынып кеткен Хожа Ахмет Яссауи Кесеңесі кірген.
      2001 жылдың тамызында Қазақстанға ББҒММҰ – ның Бас Хатшысы К. Мацура келіп, Еуразиялық Университетте Отрар кітапханасың қайта қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды қабылдау туралы келісімдерге қол қойған.
      Қазақстан ББҒММҰ – ның екі аймақтық бастамаларының құрылтайшысы болып тұр. Оларға біз:
  Орталық Азиядағы Зерттеулердің Халықаралық Институты
  Көшпенді Өркениеттердің Халықаралық Институты
           2.3 - Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)
    Кеңес Одағының құлауы мен Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа енуіннен бастап, еліміз бүткіләлемдік есірткілердің заңсыз айналу үрдісінің мәселелерімен соқтырылды.
    Глобализацияға бағытталған тенденциялары мен транспорттық инфрақұрылымының дамуы – еліміздегі есірткілердің контрабандасың да бірге дамытқан. Осыған себеп болғаны:
  Географиялық орналасуымыз, яғни әлемдік есірткі өңдіру орталық-тары мен тасымалдау жолдарына жақындығымыз.
  Өтпелі заманның экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани салаларына әкелген өзгерістері мен қиыншылықтары,
  Аймақтағы геосаяси өзгерістер, өткір саяси шиелінстер мен әскери жанжалдар және т.б
    Бүткіл Орталық Азия мен бұрынғы КСРО елдеріндегі есірткі бизнесі-нің гүлденуі – Қазақстандағы есірткілерді бақылауының жағдайың да шиелендірді.  Еліміздегі есірткі заттарының заңсыз пайдалануы мен олардың заңсыз айналуы кең етек алып, экономикамызға, құқылық тәртібімізге, ұлттың денсаулығы мен геноқорына, жалпы қоғамдағы әлеуметік – психологиялық атмосферамызға кері әсер етуде.
     Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткілерді Бақылак жөніндегі Халықаралық Бағдарламаның (ЮНДКП) көпжылдық тәжирибесің ес-керте отырып, Қазақстан Республикасы аталған ұйыммен есірткілердің заңсыз пайдалануы мен айналымы саласында ынтымақтастықты орна-тып, белсенді дамытуда. Бұл ұйым есірткілерді бақылаудың халықара-лық қызметінің бағытталуында шешуші рөлді атқаруда.  Біріккен Ұлт-тар Ұйымының қата құру шеңберінде, ЮНДКП  Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның Халықаралық Қылмысты Алдын Алу Орталығымен (ЦПМП) бірікті-рілгеннің нәтижесінде -  Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі Заттарды  Бақылау мен Қылмысты Алдын Алу Басқармасы (ЕЗБҚААБ) құрылған.
     Қазақстан Республикасы мен  Біріккен Ұлттар Ұйымының ЕЗБҚААБ арасындағы ынтымақтастықтың негізі ретінде, 1996 жылдың 4 мамыр-ында Ташкенттегі өткен Орталық Ази елдерінің есірткілердің өңдірісі-нің, заңсыз айналымының, таратылымының мен психотропты заттар мен прекурсорлардың бақылауы жөніндегі Меморандумға еліміздің сыртқы істер министрінің қол қоюы болды.
    Қазақстан Республикасы бұл салададағы  Біріккен Ұлттар Ұйымының үш негізгі Конвенцияларына да қол қойған. Олар:
  Есірткі Заттар жөніндегі 1961 жылғы Бірыңғай Конвециясы мен 1972 жылдың Протоколы
    Психотропты Заттар жөніндегі 1971 жылғы Конвециясы
    Есірткі Заттары мен Психотропты Заттардың Заңсыз Айналымына қарсы 1988 жылғы Конвенциясы
     Біріккен Ұлттар Ұйымының ЕЗБҚААБ ұсыныстары бойынша, Қазақ-стан Республикасының «Есірткі заттар, психотропты, прекурсорлар мен олардың заңсыз пайдалануы мен айналымына қарсы ету шаралары ту-ралы» Заң қабылданған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2000-2005 жылдары арасында Наркомания мен Наркобизнеске Қарсы ету Стратегиясың қабылдаған. Оның негізін-де әр жылда Наркомания мен Наркобизнеске Қарсы ету Мемлекеттік Бағдарламасы жасалынады. Республикамыздың Ішкі Істер Министрлі-гінде де, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде де, басқа да құқылық тәртіпті сақтаушы органдарда есірткілерге қарсы ету арнайы басқармалары мен бөлімшелері құрылған. Аталған мекемелердің басқа мемлекеттер мен Интерпол сияқ
123
скачать работу

Қазақстан мемлекеті мен БҰҰ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ