Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан – менің тағдырым

ын.
— Өмірде өзіңіз бейнелеген рөлдеріңіздің ішінде сіздің жаныңызға жақын келгені болды ма?
— Өнер институтының басқалардан ерекшелігі қабылдау емтиханына келген талапкерге қарап оны сол мезетте-ақ мынау мынандай рөлге лайық деп бөліп қояды екен. Мен өнер институтының табалдырығынан аттағаннан-ақ маған мына бала Жантықтың рөлін алып кетеді деп баға беріпті. Кейін шынымен-ақ «Қозы көрпеш – Баян сұлу» спектакліндегі Жантықты ойнадым. Жасөпірімдер театрында, одан кейін 1993-1994 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы театрда жұмыс істеп жүргенімде де, киноға келгенде де менің үлесіме үнемі жағымсыз кейіпкерлер тиіп отырды. Бұған қарамастан барымды салып, көп ізденіп, сол рөлдерді алып шығуға тырыстым. Белгілі режиссер Аяған Шәжімбаевтың, Жүсіпбек Қорғасбектің әңгімесінің желісімен түсірген «Жансебіл» фильміндегі аяқ-қолы жоқ, туған жерге жете алмай жүрген мүсәпір шалдың аманат хатын жыртып тастайтын жағымсыз кейіпкер, Сатыбалды Нарымбетовтың Мұстафа Шоқай туралы киносындағы Мұстафаға у беріп өлтіретін өзбек, Қара шегіртке топтамасындағы Бек. Әрине, бұл рөлдер менің жаныма жақын келген деп айту қате. Бірақ мұның барлығын Шәкенсіз, тағы да басқа қазақ киносының тарландарынсыз ойсырап қалған қазақ киносын дамыту үшін, «Қазақфильм» құрдымға кеткен деген дақпыртты жоққа шығару үшін жасадым.
Тарығу
Сарыла тосып күтетін кездесулердің кейбірі дәм-сөлі жоқ сылдыр-сұйық көжені ішкендегідей әсер қалдырады. Олардың санаңда сақталып, жатталып қалуы да екіталай. Бүгінгі кездесу оған мүлде ұқсамайы. Нағыз бабына жетіп, ашыған қымыздан сусап келіп дәм татып, шөліркеген шөлімді баса алмай қалғандай болдым. Барлығын қайта електен өткізіп, саралап шықтым. Ең алғаш Серік Ақжоловтың «Соңғы аялдама» фильміндегі басты кейіпкер Арманды сомдаудан бастап, кино әлеміне дендеп ене берген Бақытжан аға көрермен көңілінде, есінде көптеген кейіпкерлердің тағдырымен сақталыпты. «Соңғы аялдама» (қазақша атауы Бақытжан Әлпейісовтың ұсынуымен «Қиян» деп аталыпты) Семей облысындағы Ақсуат ауданында түсіріліпті. Смағұл Елубаевтың әңгімесінің желісі бойынша түсірілген 2 сериялы «Сұрапыл Сұржекейдегі» Шеге рөлі үшін режиссер Дәмір Манабаев «Ника» сыйлығына ұсыныпты. Асанәлі Әшімовтың «Қозы көрпеш – Баян сұлу» фильмінде Жантықты (кинода Жәдігөй), Серік Апырымовтың «Сергелдең», Абай Құлабаевтың «Стриж» фильміне, елімізде тұңғыш рет түсірілген көп сериялы фильм «Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке» киноларындағы сомдаған бейнелері бір төбе. Ал, Сатыбалды Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» атты фильмінде басты рөлді сәтті алып шығып, бұл кино кейіннен Парижде өткен байқауда 200-ден астам кинолардың ішінде суырылып шығып, бас жүлдеге ие болғаны бір бөлек әңгіме. Иә, Бақытжан аға киноны, қазақ киносын дамытуды өзінің өмірлік мақсаты санайды. Өнегелі отбасы, қиыншылықты да, қызықты да бірге көтерісе білетін жан жары, екі бірдей ұлы, бауырларының ортасында өнер биігіне самғай көтерілген кезде де өзін тым бақытты сезіне алмай жүрген секілді. «Қазақфильм» киностудиясының сатылып кетуі сұңғыла жанға оңай соғып жүрмеген сыңайлы.
«Қазақфильмнің» тағдырының аяқ асты болуы тек өнер адамдарының қабырғасына батпауы керек. «Қазақфильмнің» сатылуын оның негізін қалаған, қазақ киносының таңшолпаны Шәкеннің арманын аяқ асты ету болып саналады. Бұл кино өнерінің майталмандарының қалдырған ізін түкке тұрғысыз етіп белден басу. Десе де, «Қазақфильмнің» тағдыры қазақ киносы сарыла, ұзақ күткен «Көшпенділер» қолдан сусып шығып кеткен шақта тәлкекке ұшыраған болатын. «Қазақфильмнің» 1972 жылы түсірген «Қыз Жібегін» Еуропа жұртшылығының мойындағаны мәлім. Бірақ, неліктен екендігі белгісіз әлдебіреулерге «Көшпенділерді» түсіру қазақ киносының қолынан келмейтін дүние болып шықты.

Ардақ Үсейінова,
Жамбыл облысы,
Тұрар Рысқұлов ауданы,
Көкдөнен ауылы.

12
скачать работу

Қазақстан – менің тағдырым

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ