Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғаудың механизмдерінің жетілуі

лы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр. Осыған байланысты Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі туындады.

Азаматтардың білім және медициналық көмек саласында қызметтер көрсетуге қол жеткізуі бұл Тұжырымдаманың шеңберінде қаралмайды, өйткені олар басқа бағдарламалық құжаттармен айқындалады.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Мұнда нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз.

Табыс құрылуының нарықтық механизмі және әлеуметтік саясат.

Табысты нарықтық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктың механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, ХХ ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде «берекелі мемлекетє деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісі реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.

Елбасымыздын жолдауы бойынша, әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар қатарында болып келді және болып қала да береді. 2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралыє Заң қолданысқа енгізілуі тиіс. Келесі жылдан бастап зейнетақының ең төмен мөлшерін 6200 теңге етіп белгілей отырып, зейнетақы мөлшерін инфляция деңгейінен ілгері оза индексациялау қажет. Зейнетақының орташа көлемі жоғарылатудан кейін 9252 теңгені құрайтын болады.

Зейнетақымен қамтуға 2005 жылы қосымша 10,5 миллиард теңге бөлінеді.

Жоғарыда айтқандай, мемлекеттің қастерлі борышы жұмыс істеу немесе табыс табудың бірдей жағдайына ие болу мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қамқорлығы болып табылады.

Бұл азаматтарға көмектесу – біздің қоғамымыздың ізгілену мен кемелдену дәрежесінің көрінісі, сіздер мен біздің борышымыз. Осынау борышымызды атқаратын мезгіл мен мүмкіндік туды.

Келесі жылдан бастап бұл мақсатқа 15,8 миллиард теңге жұмсай отырып, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды едәуір көбейту қажет. Бұл негізінен 680 мыңнан астам адамда қамтиды.

Мынадай жәрдемақылар:

47 мың бірінші топтағы мүгедектерге – 3 айлық есептік көрсеткішке /2757 теңгеге/, /АЕК – 919 теңге/;

193 мыңнан астам екінші топтағы мүгедектерге – 2,5 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылады /2297 теңгеге/;

125 мыңдай дерлік үшінші топтағы мүгедектер 2 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылған жәрдемақы алады /1838 теңгеге/;

50 мыңнан астам 16 жасқа дейінгі мүгедектер 3 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылады /2757 теңгеге/;

асыраушысынан айырылған 262 мың отбасы бір айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылатын жәрдемақылар алады.

Нәтижесінде 2005 жылы 415 мыңнан астам мүгедектер үшін мемлекеттік жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге немесе 50 пайызға жоғарылайды.

Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақының орташа  көлемі 20 пайызға, 6500 теңгеге дейін өседі.

Бірақ бұл ұлғайтулар бұған дейін жәрдемақының ең жоғары мөлшерін алып жүрген мүгедектердің бәріне бірдей қатысты емес. Олар үшін бағаның өсуін ескере отырып индексациялау жүзеге асырылатын болады.

Сіздер мен біздің әкелеріміз және аталарымыздың алдындағы парызымыздың тағы бір мәселесі бар, бұл біздің тарихи зердеміздің мәселесі.

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығына байланысты Үкіметке 2005 жылы соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушыларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін 15 айлық есептік көрсеткішке дейін өсіруді және ардагерлерге 30 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық жәрдем көрсетуді тапсырылды.

Бұл іс-шараларға 6,5 миллиард теңге бөлу қажет.

Тұтастай алғанда, әлеуметтік қамсыздандыруға 2004 жылы бюджет есебінен 217,2 миллиард теңге бөлінді, ал 2005 жылы бұл мақсаттарға арналған ығыстарды көбейту шамамен 33 миллиард теңг

1234
скачать работу

Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғаудың механизмдерінің жетілуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ