Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы



 Другие рефераты
Дискурс Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы Ахмет Байтұрсынов және қазақ терминологиясы Гидросфера

Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы қатынастар

 

 

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 12 ақпанда орнатылды.

 

2002 жылы Кабулда ашылған ҚР Дипломатиялық миссиясы 2003 жылдан бастап Елшілік мәртебесінде жұмыс істеуде. Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі А.Смағұлов (2005 жыл, қазан).

 

Ауғанстанның Қазақстандағы Елшілігі 1993 жылы ашылып, 2005 жылы Алматыдан Астанаға көшті. 2009 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстандағы Ауғанстанның Елшісі қызметін Абдул Хай Хайдер атқарады.

 

Саяси қарым-қатынастар: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ауғанстан Президенті Б.Раббанимен Стамбулда кездесуі (1993ж.), ҚР Сыртқы істер вице-министрі Қ.Әбусейітовтың Кабулға  ресми сапары (2002ж. 12-15 қаңтар), ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Ауғанстанға жұмыс сапары (2006ж. 31 наурыз-1 сәуір), Ауғанстан Президенті Б.Раббанидің Алматыдағы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 5-саммитіне қатысуы (1998ж. мамыр), Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы А.Абдулланың Астанаға жұмыс сапары (2001ж. 29 маусым), Ауғанстан Өтпелі Ислам Мемлекетінің басшысы Х.Карзайдың Алматыдағы АӨСШК саммитіне қатысуы (2002ж. маусым), Ауғанстан Өтпелі Ислам Мемлекетінің Президенті Х.Карзайдың Қазақстанға ресми сапары (2004ж. 15-16 сәуір), Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Х.Карзайдың ҚР Президентін ұлықтау салтанатына қатысуы (2006ж. 11 қаңтар), Ауғанстанның Бірінші Вице-Президенті А.Масудтың Астанадағы Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің үкіметі басшыларының жетінші отырысына қатысуы (2008 ж. 30 қазан). 

 

2007 жылғы 17-18 қыркүйегінде Астана қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-ауғанстан Үкіметаралық комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бұл отырыс барысында тараптар ауыл шаруашылығы, энергетика мен минералдық ресурстар, көлік, денсаулық сақтау, білім беру сияқты салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың бағыттарын қарастырды.

 

2008 жылғы 13 желтоқсанда Кабул қаласында өткізілген Үкіметаралық комиссияның екінші отырысында сауда-экономикалық ынтымақтастығы, Қазақстанның астық пен мұнай өнімдерін Ауғанстанға жеткізуі, Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы талқыланды.

 

Үкіметаралық комиссияның Қазақстан жағынан Индустрия және сауда Вице-Министрі Е.Қ.Мамытбеков, ал Ауғанстан жағынан Сауда және индустрия Министрінің орынбасары Шариф Шарифи тең төрағалары болып саналады.

 

2007 жылғы 11 қазанда ҚР Үкіметінің Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталмыш жоспарға сәйкес 2008 жылғы шілде айында АИР Қаржы министрлігінің арнайы есеп шотына Бамиан провинциясында аурухана, Саманған провинциясында мектеп салуға және Құндыз-Талукан тас жолын жөндеуге 2 млн. 380 мың АҚШ доллары аударылды.

 

Сонымен қатар Қазақстан алғашқы гуманитарлық көмек ретінде Ауғанстанға 2 мың тоннаға жуық астық., 2009 жылғы сәуір айында 1,3 мың тонна көлемінде құрғақ сүт жеткізді.

 

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2008 жылы 623,8 млн. долл. жетті (экспорт – 617,1 млн., импорт – 6,7 млн.). 2009 жылдың қаңтар-мамыр айларында сауда айналымы 177,6 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 176,6 млн., импорт – 1 млн.).

 

Қазақстан мен Ауғанстан арасында төмендегідей құжаттарға қол қойылған:

 

- Қазақстан Республикасы мен Ауыспалы Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы Қарым-қатынас пен ынтымақтастық негіздері жөніндегі келісім.

 

- Қазақстан Республикасы мен Ауыспалы Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім.

 

Қазіргі уақытта тараптар инвестицияны қолдау және өзара қорғау, есірткінің заңсыз айналымына күрес, төтенше жағдайлардың алдын алу, халықаралық автокөлік қатынасы және білім салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жобасын қарастыруда.

скачать работу


 Другие рефераты
Гармония в экологии
Статус в социологии и социальной психологии
Мстёра
Личность как субъект и продукт социальных отношений


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ