Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы



 Другие рефераты
Жеке бас құжаттары Франция маркетингі Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты

Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы қатынастар

 

 

 

Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 сәуірде орнатылды.

 

2006 тамыз айынан бастап Оман Сұлтандығының Елшілігі Астанада жұмыс атқаруда. Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Елшісі – Ахмед бен Наср бен Хамад әл-Махризи. 

 

Екі жақты қатынастар тарихында  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Оманға алғашқы ресми сапары маңызды саты болып табылады (қыркүйек 1997 жыл).      Сапар барысында ҚР мен ОС арасында Өзара түсіністік туралы бірлескен меморандумға және екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар туралы Хаттамаға қол қойылды.

 

2008 жылғы 15-18 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Сұлтан Қабус бен Саидтің шақыруымен Оманға ресми сапары болды.

 

            Жоғары деңгейде өткен келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың көкжиектері, соның ішінде Оманның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезінің жұмыстарына және Қазақстанның басқа да халықаралық бастамаларын ілгерілетуге қатысу, қазақстан-оман үкіметаралық комиссиясын және екі елдің Іскерлік кеңесін құру, сондай-ақ омандық инвестицияларды мұнай-газ салалары мен еліміздегі басқа да инвестициялық жобаларға тарту мәселелері талқыланды.

 

Оман тарапынан Қазақстанға сапармен Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Юсуф бен Алауи (2004 жыл қыркүйек), Мұнай және газ министрі М.әл-Румхи мен Сауда және өнеркәсіп министрі М. Султан (2004 жыл қазан, 2005 жыл желтоқсан) келді.

 

ҚР Үкіметі мен ОС Үкіметі арасында «Жемчужина» құрылымындағы өнімді бөлісу туралы келісімге қол қойылды (2005 жылғы  желтоқсан).

 

1998 жылы Оман Қазақстанға қайтарымсыз көмек ретінде Астана қаласындағы “Салтанат Сарайын” салу үшін 10 млн. АҚШ долл. бөлді.

 

2001 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Н.Назарбаев Сұлтан Кабус бен Сайдті жоғары мемлекеттік 1 дәрежелі «Достық» Орденімен марапаттады.

 

            Қазақстан мен Оман арасындағы тауар айналымы 2007 жылы 14 млрд. 896 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 1 млрд. 912 млн. 200 мың АҚШ доллары болса, импорт  12 млрд. 985 млн. 800 мың  АҚШ  долларына жеткен.

 

Ал 2008 жылғы қаңтар-май айлары арасындағы тауар айналымы 21 млн. 300 мың АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт – 15 млн. 400 мың долл., ал импорт болса 5 млн. 900 тыс. АҚШ долларына жетті.

 

Қазақстан-оман қатынастарының шарт-құқықтық негізін 9 құжат құрайды.

скачать работу


 Другие рефераты
Договор оптовой купли–продажи
Варанаси - город тысячи храмов
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер. Аудит жөніндегі комитет
Аудирование на начальном этапе обучения


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ