Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасы салық жүйесі: қалыптасуы мен даму кезеңдері

Көлік құралдарына салынатын салық

10.  Мүлік салығы

11.  ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі

 

2.      Алымдар:

1.      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

2.      Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

3.      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалынған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

4.      Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

5.      Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

6.      Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

7.      Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

8.      Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

9.      Автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы

10.  Аукциондардан алынатын алым

11.  Консулдық алым

12.  Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым

13.  Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені ұщін алым

 

3.      Төлемақылар:

1.      Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

2.      Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы

3.      Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы

4.      Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы

5.      Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы

6.      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы

7.      Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы

8.      Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы

9.      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы

 

4.      Мемлекеттік баж

5.      Кеден төлемдері:

1.      Кеден бажы

2.      Кеден алымдары

3.      Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы

4.      Алымдар

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі» мен тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық  бюджет туралы»  заңда белгіленген тәтіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар ҚР Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі органдары ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті мен жергілікті салық органдарынан тұрады. Салық органдарна облыстар, Астан және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.

Салық қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасызету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін   орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

 

ТҮЙІН

Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.  

Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.

ҚР салық жүйесі өзінің дамуының 3 кезеңінен өтті.

Салық реформасының бірінші кезеңі (1992 жылдан 1995 маусымына дейін). Республикада 40 астам салық түрлері қызмет етті:

1.      жалпымемлекеттік;

2.      жалпыға міндетті жергілікті салықтар;

3.      жергілікті салықтар.

Салық реформасының екінші кезеңі (1995 жылдың шілдесінен 1999 жылға дейін). Бұл кезеңде салық саны 11 дейін қысқарды. Олар жалпымемлекеттік және жергілікті салықтар деп бөлінді.

Салық реформасының үшінші кезеңі (2000 жылдан бастап бүгінге дейін). Жаңа Салық кодексін қабылдау. Ол үш бөлімнен: жалпы, ерекше және салықтық әкімшіліктендіру бөлімдерден тұрады.

12
скачать работу

Қазақстан Республикасы салық жүйесі: қалыптасуы мен даму кезеңдері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ