Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

еттік басқаруға жаңа үлгі-президенттік-парламенттік басқару жүйесі бекітілді. Елбасының депутаттық корпуспен билік өкілеттігін бөлісу күшпен немесе қысыммен емес,Президенттің өзі қабылдаған шешім бойынша жүзеге асып отыр.

Жаңа өзгерістерге сәйкес Парламент жаңа өкілеттікке ие болудың арқасында Үкімет құрамын жасақтау, сондай-ақ қажет кезінде үкімет-мүшелері-министрлерді кері шақырып алу және атқарушы билік органдарына бақылау жасау құқығын алды. Заң шығарушы ұйым реформаларға тиісті заңнамалық база қалыптастырумен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға да бақылау жасайтын болады.

Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде сот билігі өте маңызды орынды алады. Сот  билігі адамдар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, Конституцияның, заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сот билігі жазалап қана қоймай ,ең алдымен адамдардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғайды. Осы ерекше мәртебе мемлекеттің қажеттіліктерге сай қамқорлығы мен беделінің жоғарылауын көрсетеді. Құқықтық мемлекеттің дамуы күшті,тәуелсіз сот билігі және оның негізгі кепілдіктерінің бірі мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасына байланысты.

Ата заңға енгізілген өзгерістер сот жүйесін жетілдіруде ерекше мәнге ие болады. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың құқықтық-демократиялық мемлекет орнатуға жасалған нық екендігін байқаймыз. Сондай басымдықтардың бірі- сот жүйесін озық үлгідегі әлемдік талаптарға сәйкес жетілдіру. Реформаға сәйкес Әділет біліктілігі алқасы таратылып, Жоғарғы Сот Кеңесінің ролі күшейтілді. Әр деңгейдегі судьяларды тағайындау тәртібі ауысып, енді Жоғарғы Сот Кеңесі барлық деңгейдегі соттардың судьяларын тағайындауға ұсыным жасайды. Осылайша республикадағы барлық судьялар бірдей мәртебеге ие болып, барлығы бір тәртіп бойынша тағайындалады. Жоғарғы Сот Кеңесі консультативтік ұйымнан жеке, тәуелсіз органға айналды. Конституциядан Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамын реттейтін баптар алынып тасталып, бұл мәселелер заңның негізінде анықталады. Жоғарғы Сот Кеңесі соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, соттарды конкурстық негізде іріктейтін, сот жүйесін жетілдірумен айналысатын болды.

Сонымен қатар конституциялық өзгерістерге сәйкес азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға кепілдік беретін маңызды мәселенің бірі-қамауға алуға санкция беретін сот жүйесі енгізілді. Бұл айыптаушы мен қорғаушының қатысумен жүзеге асырылып, әрі ол әділ шешім қабылдауға жол ашады. Бұл енгізілген толықтыруды принциптік тұрғыда жаңашыл өзгеріс деуге болады.Өйткені Қазақстан Республикасы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялауға сәйкес, осы мәселеге қатысты  бүкіл әлемдік тәжірбиеге қосылғандығын көрсетті.

Ата заңның жаңа нұсқасына сәйкес Қазақстан өлім жазасын қолданбайтын елдердің қатарына қосылды. Бұл мемлекет тарапынан қылмыстық саясатты гуманизациялауға сәйкес жасап отырған қадамдарының бірі. Өлім жазасын қолдануға байланысты заңнама шектеулер жасау тұрғысында дамып отырды. 2003 жылы өлім жазасын орындауға байланысты мораторий жарияланды. Қоғамдық пікірдің өлім жазасын  қолдануға тыйым салуға қарсы болуына қарамастан, енді өлім жазасы тек терроризм салдарынан адам өліміне алып келетін қылмыста және соғыс жағдайында қолданылатын болды.

Сот-құқықтық реформа жетілдіру мен дамытуды қажет ететін кең ауқымды және ұзақ мерзімді  үрдіс.Сондықтан реформалардың нәтижелерін талдап,оның ішкі мазмұнын толықтыруда көптеген жұмыстар атқарылды.

Конституцияға енгізілген өзгерістер саяси тұрақтылық, ұлтаралық татулықты жетілдіруге бағытталды.Парламент депутаттарының саны көбейіп, Қазақстан халқы Ассамблеясына парламенттен орын беру жөніндегі өзгерістер  осының айғағы. Біріккен Ұлттар Ұйымының  бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан Қазақстан халқы Ассамблеясын БҰҰ-ның кіші Ассамблеясы деп баға берген. Мұндай институт әлемнің бір де бір елінде жоқ.Мәжілісте бұдан бұлай 107 депутат орын алып, соның 98-і партиялық тізіммен сайланып, қалған 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесіне тиеді.Бұл көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан Республикасы үшін салиқалы, салмақты және көрегендік саясат.

Жергілікті өзіндік басқару азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ететін халық билігінің институты болып табылады. Нақты бір жердің әлеуметтік, экономикалық және басқа мәселелернің шешілуі жергілікті өзіндік басқарудың дамуымен тығыз байланысты.

Мәслихаттар рөлінің артуы, Елбасы облыс әкімдерін мәслихаттың келісімін алып тағайындауы-біздің саяси-құқықтық жүйедегі ерекшелікті көрсетеді. Мәслихаттар әкімдердің аймақтағы саясатты жүзеге асыруына бақылау жасау мүмкіндігіне ие болды.Олар аймақты дамытуға қатысты бағдарламаларды дайындауға және қабылдауға, сонымен қатар бюджеттің орындалуын бақылауға қатысады.Мәслихаттардың құзіретінің күшейтілуі Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару институтының одан әрі дамуына негіз бола алады.

Жергілікті жердегі өзін-өзі басқару міндетінің мәслихаттарға тапсырылуы, адам құқығын қорғау, сөз бостандығын қалыптастыру,сот жүйесінің реформалануы,саяси партиялардың қаржыландырылуының шешілуі белгілі мерзімде сараланып, талданып барып шешілді.

Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қабылданып отырған заңдардың мазмұны мен сапасының сәйкес болуы мемлекеттік билік институттарының тиімді қызмет етуі, билік тармақтарының өзара іс-қимылын жүйелі түрде реттеу арқылы қамтамасыз етілетін болады.Ал мемлекеттің саяси-құқықтық жүйесінің тұрақтылығы Құқықтық саясат тұжырымдамасында айтылған мына қағидаларға сай жүргізіледі:«Құқықтық саясат тұжырымдамасының қағидаларын іске асыру Республика Конституциясының негізгі идеялары мен принциптерін қазақстанда құқықтық мемлекет құрылымның жаңа кезеңнің аясында өмірімізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді» [5,14].

Сонымен саяси-құқықтық модернизацияның векторлары қазақстандық талаптарға бейімделіп қана қоймай, бүгінгі демократияның әлемдік тәжірбиесіне сәйкес келеді.Бұл конституциялық қайта құрулар мемлекеттік құрылымның тиімді дамуына, демократиялық қағидаларға сүйеніп азаматтық қоғамның мүдделерін қамтамасыз етеді.Қазіргі  қазақстандық жүйе биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған.Жалпы конституциялық реформа Қазақстанды шынайы демократияландыруға қарай жасалған нақты қадам.Еліміздегі заңнаманы мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес жүйелі дамыту және тиімді пайдалану құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға,адам мен азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін сақтауға, тәуелсіз Қазақстанның серпінді дамуын қамтамасыз етуге, мемлекеттіліктің саяси-құқықтық негізін нығайтуға ықпал ететін болады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы// Егемен Қазақстан.2009жыл,28 тамыз.-14б.

2. Назарбаев Н.Ә. Шынайы конституционализмсіз ашық өркениетті қоғам жоқ// Қазақстан Республикасы конституциясының түсіндірме сөздігі-Алматы: Жеті жарғы,1996.-368б.

3. Назарбаев Н.Ә. Шынайы конституционализмсіз ашық өркениетті қоғам жоқ// Қазақстан Республикасы конституциясының түсіндірме сөздігі-Алматы: Жеті жарғы,1996.-368б.

4. Декларация прав человека и гражданина.Принята Учредительным собранием Франции 26 августа 1789г// Советское государство и право.1989.№7.79 с.

5. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы// Егемен Қазақстан.2009жыл,28 тамыз.-14б.

 

 

Капсалямова С.С., доцент кафедры Теории истории государства и права, конституционного права

 ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, к.ю.н.

12
скачать работу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ