Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар

кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауд.) Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба а-нда — Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында — Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында — Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында — Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар.

 

    Қазақ халқының азаттық күресi жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгiсi мемориалдар мен ескерткiштерде көрсетiлдi. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткiштерi (Алматы обл.) Қордайдағы (Жамбыл обл.) Өтеген батыр, Ақтөбедегi Есет батыр, Солт. Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткiштерi, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздiң басын қосқан жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және Алаша хан кесенелерi, Алматыдағы тәуелсiздiк монументi, Астанадағы үш би ескерткiштерi қастерлi орындар санатында туристiк нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткiштер қатарына: Қозы Көрпеш — Баян сұлу, Еңлiк-Кебек кесенелерi, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, I.Жансүгiров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелiк орындар жатады.

 

    Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар обл. Жасыбай к. жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды обл-ндағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығ. Қазақстан обл. Бұқтырма бөгенi жағасындағы “Алтай мүйiсi”, Орал қ. Жайық өз. маңындағы “Орал”, Қостанай обл-ндағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңт. Қазақстан обл. Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгiлi туристiк маңызы бар зоол., ботан. қорықтар да жеткiлiктi. Оларға Алматы қорығы (кешендi), Iле атырауы (зоол.), Тарбағатай (зоол.), Жалтыркөл (зоол.), Ұлытау (зоол.), Бетпақдала (зоол.), Қарақия-Қаракөл (зоол.), Зерендi (зоол.) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты — палеонтол.) және Шарын өз-ндегi “Шетен тоғайы” (ботан.), Күмiс қылқанды орман (ботан.), Жаманшық тауы (геморфол.), Айғайқұм, Әншiқұм (геоморфол.), Жаңғақ тоғайы (ботан.), Бүркiттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрол.), т.б.                                                                                                           

 

Қаз.энциклоп. 5 том

12
скачать работу

Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ