Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу

йкес жұмыс (күнтізбелік емес) жылында жұмысшылар мен қызметкерлерге бір рет демалыс беріледі. Демалыс алу құқығы сол кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін туындайды. Демалыстың ұзақтығын шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. Демалыс бұйрықпен немесе демалыс беру туралы жазбамен рәсімделеді де, онда оның қандай мерзімге берілетіндігі мен ұзақтығы көресетіледі. Демалысты төлеуге және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге арналған күндік орташа еңбек ақысы демалысқа кетер алдындағы 12 күнтізбелік айдың еңбек ақысына орай анықталады (18.09.97 ж. №17/9340 Нұсқаулық).

Егер бір жылдан кем жұмыс істесе, онда демалысқа кетер алдындағы күнтізбелік айлардың еңбек ақысына орай анықталады. Күндікорташа еңбек ақы есепті кезеңдегі еңбек ақы сомасын жұмыс уақытының жыл сайынғы балансындағы жұмыс жұмыс күндерінің айлық орташа санына бөлу жолдарымен есептеліп шығарылады. (1997 жылы – 25,0; 1998 жылы – 25,67).

5.Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу. Сырқаттанғанда, отбасы мүшесі ауырғанда және оған күтім жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбеккке жарамсыздақ қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Еңбек ақының 100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда, 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай – ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінгі оқушылар) 3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге беріледі: 80% - ті мөлшерінде – үздіксіз жұмыс стажф 5-8 жыл болса; 60% - үздіксіз стажы 5 жыл болса беріледі. Орташа еңбек ақыны есептеген кезде мынадай төлемдер ескерілмейді (ҚР Үкіметінің 26.03.97ж. №419 қаулысы):

 

  • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

  • материалдық көмек түріндегі ақшалай жәрдем ақы;

  • тәулік ақынаң орнына жалақыға қосылатын қосымшалар мен үстемелер;

  • арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің, арнайы тамақтың құны;

  • біржолғы көтермелеу төлемдері;

  • бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;

  • оқушылардың, студеттер мен аспираттардың степендиялары;

  • қызметкерге келтірілген залалды, оның жұмысқа байланысты ертігуі немес өзге жарақаттануын төлеу және өтемақы беру.

 

2007-2008 жылдардың ҚР-ның еңбек ақының жалпы қоры

2007 жылғы қаңтар-тамызда филиалдары сондай-ақ жұмыскерлерінің санына қатыссыз барлық денсаулық сақтау, білім беру, басқару органдарын, қоғамдық, банктік, сақтандыру ұйымдарын қосқанда орта және ірі кәсіпорындардағы қызметкерлер еңбек ақысының жалпы қоры 110,6 млрд. теңгені құрады (2007 жылдың қаңтар-тамызына қатысты алғанда 119,9%).

Өнеркәсіптің үлесіне еңбек ақы қорының 35,2%-ы, білім беруге – 14,1%-ы, мемлекеттік басқаруға – 10,8%-ы, көлік пен байланысқа – 9,7%-ы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде – 8,1%-ы тиеді. Осы салалардағы жалақы қоры тиісінше көлік және байланыста (26,3%-ға), өнеркәсіпте (25,4%-ға), білім беруде (11,1%-ға), денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерде (10,0%-ға), мемлекеттік басқаруда (5,3%-ға) өсті.

Экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орташа айлық атаулы еңбек ақысы 2008 жылғы қаңтар-тамызда 47357 теңгені құрады және 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға өсті. Орташа айлық еңбек ақының өсуі құрылыста – 30,9%-ға, өнеркәсіпте – 26,2%-ға, ауыл шаруашылығында, аңшылық және орман шаруашылығында – 23,5%-ға, сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде – 23,1%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалгерлік  және қызмет көрсетуде – 22,5%-ға, қонақ үйлер мен мейрамханаларда – 19,4%-ға, балық аулау және балық өсіруде – 18,4%-ға облыс бойынша орташа көрсеткіштен жоғары қалыптасты. Нақты көріністегі орташа айлық атаулы еңбек ақы 0,1%-ға кеміді.

2008 жылғы тамызда бір жұмыскердің орташа айлық атаулы еңбек ақысы 50608 теңгені құрады және 2007 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 17,1%-ға артып, нақты көріністе 1,7%-ға төмендеді. Атаулы еңбек ақының деңгейі ең төменгі күнкөріс мөлшерінен (12800) 4,0 есеге, еңбек ақының ең төменгі шамасынан (12025 теңге) 4,2 есеге асып түсті.

2008 жылғы қаңтар-тамызда жұмыс істейтіндер саны 50 адамнан жоғары ірі және орта кәсіпорындар бойынша еңбек ақы қоры 99,4 млрд. теңгені құрап, 2007 жылдың қаңтар-тамызындағы деңгейден 22,0%-ға асып түсті. Өнеркәсіптің үлесіне – 39,0%-дан, білім беруге – 11,6%-дан, көлік және байланысқа – 10,6%-дан, мемлекеттік басқаруға – 8,8%-дан келді. Ірі және орта кәсіпорындардың жұмыскерлерінің орташа айлық атаулы еңбек ақысы 49063 теңгені құрады және 2007 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 18,4%-ға, нақты көріністе – 0,5%-ға артты. Нақты еңбек ақы индексі тамыз айында  2008 жылғы шілдеге қатысты алғанда 1,9%-ға, 2007 жылдың тамызына  қатысты алғанда 1,8%-ға азайды.

Еңбек ақыдағы айырмашылықтар облыстың қалаларына да, аудандарына да тән. 2008 жылғы қаңтар-тамыздағы  ең жоғары атаулы еңбек ақы Риддер қаласында (60100 теңге), ең төмен еңбек ақы – Тарбағатай ауданында (28902 теңге) тіркелді. Облыс бойынша орташа алғандағы шамадан жоғары еңбек ақы облыстың 3 өңірінде, төмен еңбек ақы мөлшері – 16 өңірде қалыптасты. 

2007 жылдың қаңтар-тамызына қатысты алғанда Риддер қаласында (30,2%), Глубокое (25,9%), Ұлан (23,8%), Бородулиха (23,4%), Зырян (22,9%), Шемонаиха (19,6%) аудандарында атаулы еңбек ақының айтарлықтай жоғары өсімі байқалды.

Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 2007 жылдың тамызына қатысты алғанда 2008 жылғы тамызда орташа айлық атаулы еңбек ақының тұрақты өсуі байқалады.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ