Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

ережесіне сай жағдай жасау;

•    нарыққа   қатысушыларды   кейбір   жақтардың   алаяқтық, арамдық және қылмыстық іс-әрекеттерінен қорғау;

•    бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс негізінде ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету;

•    кәсіпкерлікті   ынталандыратын   тиімді   нарықты   калыптастыру және әрбір тәуекелге барабар сыйлық беру;

• белгілі бір қоғамдық нәтижеге жеткізетін бағалы қағаздар нарығының ұлттық моделін (мысалы, экономикалық даму деңгейін көтеру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және т.б.) құру.

Бағалы кағаздар нарығын реттеудің мақсаты — бағалы қағаздармен келісімге келушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттің мұндай айырықша статусқа ие болуы ол бағалы қағаздар нарығында ең ірі эмитент (мемлекеттік карызды қаржыландыру), әрі инвестор (кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарындағы мемлекеттік акциялардың бумасы) болуына байланысты туындайды. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген.

Қор нарығын мемлекеттік реттеу органының негізгі атқарған қызметтері төмендегідей:

•    бағалы қағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын дайындау және орындау;

•    қор нарығын реттейтін заңдар мен нормативтік актілердің жобасын дайындау;

•    бағалы кағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын орындау үшін мемлекеттің каржылық, техникалық және ұйымдық ресурстарын шоғырландыру;

•  бағалы қағаздар нарығында қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету;

•    қор нарығына мамандар дайындаудың мемлекеттік жүйесін құру;

•    бағалы   қағаздар   нарығының   инфрақұрылымын   құруға әрекет жүргізу.

Осы аталған қызметтердің орындалу барысында Қазақстан бағалы кағаздар нарығындағы және оның кызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылым қалыптасып, одан әрі дамуда. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп алдын-ала дайындалған концепцияға жүгінеді.

Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығын реттеумен және қадағалаумен айналысатын уәкілетті орган — ол 2004 жылы құрылған Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агенттігі.

Агенттіктің негізгі атқаратын қызметтері мыналар:

•    бағалы қағаздар нарығын дамытудың мемлекеттік саясатын және заңнамалық базасын дайындау және орындау;

•   белгіленген    мақсатқа    (негізінен    макроэкономикалық) жету үшін қаржы ресурстарын (мемлекеттік және жеке) шоғырландыру;

•    нарыққа қатысушылар үшін «ойын тэртібін» белгілеу;

•    нарықтың    кәсіби    мамандары    мен    нарық    клиенттері үшін қаржылық тұрақтылық пен нарықтың қауіпсіздігін бақылау;

•  нарықтың жағдайы туралы ақпарат жүйесін  құру және оның инвесторлар үшін ашықтығын қамтамасыз ету;

•  инвесторларды   шығыннан   корғау   жүйесін   құру   және т.с.с.қызметтер.

Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттікреттеу тәсілдерімен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс-шараларының да маңызы зор. Өзін-өзі реттеуде қоғамдық реттеу әдістері қолданылады. Ондай әдістерге бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби кызметтердің стандартын дайындау және оларды практикада жаппай қолдану, теріс ниетті жарнамаға рұхсат бермеу, инвесторлар мен эмитенттердің жақсы қылықтарын дэріптейтін қоғамдық пікір қалыптастыру әрекеттері жатады.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдар — ол бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының нарықтың кейбір іс-әрекетін реттеу мақсатында ерікті негізде ұйымдасқан коммерциялық емес және мемлекеттік емес ассоциация немесе одақ түріндегі құрылымдар.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдар өз шығынын өзі өтейтін қағидамен қызмет көрсетеді. Оның қаржысы мүшелерінің төлеген жарнасынан, әртүрлі төлемдерден, мүліктерін пайдаланғаннан түскен түсімнен, көрсеткен ақпараттық, кеңес беру және басқа да қызметтерінен алған қаражаттарынан құрылады.

Бұндай ұйымдардың негізгі қызметі:

•    бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың жалпы ережелері мен стандарттарын дайындау;

•    кәсіби   қатысушылардың   және   клиенттердің   мүддесін қорғау;

•    кәсіби   қатысушылар  тиімді   қызмет   етуі   үшін   жағдай жасау.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдардың құқықтары:

•    кәсіби   қызмет  жэне   нарыктағы   операциялардың   стандарттары мен міндетті ережелерін дайындау;

•    кадрлардың   кәсіби   дайындығын   қамтамасыз   ету,   осы нарыққа қатысушылар үшін міндетгі талаптарды бекіту;

•    нарыққа   қатысушылардың  бекітілген   нормативтер   мен ережелердің орындалуын бақылау;

•    нарықтағы ақпараттық қызметті орындау;

•   мемлекеттік    басқару    органдарында    нарыққа    қатысушылардың  мүддесін  қорғау және  олармен  байланысты қамтамасыз ету.

Өзін-өзі реттеуші үйымдардың белгілері:

•    ерікті бірлесу;

•  ұйымға мүшелік, яғни оның мүшесі — ол бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

•    ұйым қызметін және ұйымның өзін-өзі реттеуін ұйымдастыру, қатысушылардың қызмет ережесін бекіту;

•    мемлекетпен қарым-қатынас орналастыру, ол — мемлекет өзінің   реттеушілік   қызметінің   бірсыпырасын   ұйымға беруі.

Бұндай ерікті ұйымдар мемлекеттік реттеудің кейбір жетіспеу жағдайлары кезінде құрылып, кейбір ассоциация мүшелерінің кесірінен бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға нүсқан келтіргенін тексереді. Сонымен, маманданған ұйымның бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет істеуіне бағытталған іс-әрекеттері көп жағдайларда осы тұрғыда мемлекет мүддесімен сай келеді.

Әлемде каржы нарығында өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бірнеше түрі бар. Олар:

• Халықаралық ұйымдар  мысалы,  халықаралық  қор биржаларының ұйымы).

• Ұлттық  ұйымдар.   Әдетте  әрбір   мемлекетте  қаржы нарығының  кәсіби  мамандарының  мүддесін  қорғайтын өзін-өзі реттеуші ұйымдар қалыптасады. (Мысалы, Ресейде 2000 жылы пайда болған осындай екі ұйым бар: Қор нарығына қатысушылардың Ұлттық ассоциациясы және Трансферагенттер мен депозитарийлерді кәсіби тіркеуші Ассоциация).

•    Аймақтық ұйымдар. Олар аймақтық тұйықталған нарық болғанда ғана ұйымдасуы мүмкін.

Сондай-ақ өзін-өзі реттеуші үйымдар өздерінің мүддесін қорғау мақсатында өз эмитенттерінің, институционалдық және жеке инвесторлардың ұйымдарын құрады. Бұндай ұйымдар бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету үшін өзінің ережелері мен стандарттарын дайындайды.

Қазақстан Республикасында қазіргі кезде өзін-өзі реттеуші ұйымдардың қызметін кадағалаумен және олардың құрылуын бақылаумен Қаржы нарығы мен қаржылык ұйымдарды реттеу жэне кадағалау Агенттігі шұғылданады.

Бағалы қағаздар нарығы мемлекеттің қаржы нарығын құрайтын бір бөлігі. Бұл нарықтың дамып, гүлденуі халықтың әл-ауқатының жақсаруына және жаңадан өндіріс орындарын ашып, жұмыс орындарын қамтамасыз етуге тікелей өз септігін тигізеді.

Сонымен, бағалы қағаздар нарығы мемлекетіміздің экономикасын дамытуда қолданылатын қуатты құрал екені белгілі. Осы құралды икемді пайдалану үшін бірінші кезекте қолданыстағы заңнамалардың толық әрі мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Екінші, қалыптасқан нарықты бір жүйеге келтіру, осы саладағы инфрақұрылымды дамытып,  қатысушылардың құқықтарының толық қанды қорғау. Осы мәселелердің шешілуі болашақта бағалы қағаздар нарығының ілгері жылжуына кепіл болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 1994 жыл 27 желтоқсан.
  2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздан «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңы.
  3. А.Т. Батаева, И.И. Столяров «Рынок ценных бумаг» Учебное пособие, М.: изд. «Инфра – М»,1993 г.
  4. В.А. Галанов «Рынок ценных бумаг», Учебник, М.: изд. «Инфра-М»2007 г.
  5. В. И. Колесникова, B.C. Торкановского «Ценные бумаги», Учебник.  М.: Финансы и статистика, 1998. С. 69.
  6. Миркин Я.М. Ценные бумаги и фондовый рынок — М.: Перспектива, 1997.
  7. Мусатов В.Т. Фондовый рынок: Инструменты и механизмы — Москва: Международные отношения, 1991. — 192 с.
  8. Рынок ценных бумаг: Учебник. / Под ред. Е.Ф.Жукова — М: ЮНИТИ -ДАНА, 2005. — 339с.
  9. Официальный сайт Regional financial Centre of Almaty City — www.rfca.kz
  10. Сборник нормативно-законодательных актов по ценным бумагам в Республике Казахстан — Алматы, 1996.
  11. 123
    скачать работу

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ