Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының бюджеті

дарына жүктелгендіктен, республикалық және жергілікті бюджеттер жасаудың тәртібі мен мерзімі және бюджет жобасымен бірге міндетті түрде тапсыратын қажетті құжаттармен жұмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік билік органдарына ресми түрде тапсырғанша құпия сипатта болады.

     Бюджеттік жыл аяқталғаннан кейін әрекеттейтін бюджет процесінің ақырғы кезеңі ол бюджет атқару жөніндегі арнайы органдардың есеп беруді құрастыруы. Арнайы органдар ол республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық өкілетті орган (Қаржы министрлігі) және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі тиісті органдар (әкімшілік). Есеп биліктің өкілеттік органдарына ұсынылады, мұнда ол белгіленген тіртіп бойынша бекітіледі. 

 

             ІІ. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету.

     Бюджет жүйесінің қызмет ету заңнамалық нормалармен реттеледі. Бюджет жүйесінің құрылуы мен әрекетін және билік пен басқарудың мемлекеттік органдардың бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту, атқару жөніндегі құзыретін анықтайтын барлық заңнамалық нормалар өз алды бюджеттік құқықты көрсетеді. Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және «  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңмен анықталады.

     Бюджеттік кодексте барлық бюджет түрлері бойынша анықтама берілген, кірістер мен шығыстардың атаулары жазылған, бюджет атқару жөнінде есеп беруді құрастырудың тәртібі, оларды бекіту мен бақылау сауалдары қарастырылған. Мұндай тиісті бюджет кірісі болып толығымен және норматив бойынша бөлініп түсетін салықтар мен түсімдер анықталған. Ұлттық қордың қалыптасу тәртібі, қайнар көздерімен пайдалануы және оны басқаратын Кеңестің функциялары Бюджеттік кодексте анықталған.

     Бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы мемлекеттік органдар құрылымына Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Республикалық бюджетті атқаруын бақылау жөніндегі Есеп комитеті, Қазақтан Республикасының Үкіметі, бюджетті жоспарлау, атқару жөніндегі орталық өкілетті органдар, жергілікті органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар кіреді.

     Бюджеттік кодекс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы уәкілдігі республикалық бюджетті жасау мен оны атқару жөнінде есеп берудің тәртібін анықтау, Республикалық бюджет комиссиясы жөніндегі ережені, оның құрамын анықтау, бекіту, елдің бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.

 

     Бюджеттік кодекске сәйкес елдің заңнамалық органы Парламенті бюджеттік қатынастарды реттеу аумағында республикалық бюджетті және оған еңгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту, Үкімет пен Есеп комитетінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі есептерін қарастыру мен бекіту және басқа да қажетті уәкілдіктерді атқарады.

     Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің бюджеттік қатынастар аумағындағы уәкілдігіне сыртқы бақылау жүргізушінің тәртібін тағайындау мен оны іске асыру, мемлекеттік қаржы бақылау стандарттарын жасау, қабылданған шешімдерді атқаруына мониторинг жүргіру жіне заңнамалы нормативтік актілерге сәйкес басқа да қызметтер кіреді.

     Бюджеттік кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің бюджеттік қатынасы аумағындағы құзыретіне келесі қызметтер кіреді:

·        әр түрлі көрсеткіштер есептеу әдістерін анықтау;

·        бюджеттерді жасау мен атқару тәртібін қамтамасыз ететін әр түрлі процедуралар тағайындау мен бекіту;

·        республикалық бюджет пен оны атқару жөніндегі есепті Қазақстан Республикасының Парлпментіне ұсынылуы;

·        Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану жөнінде жылдық есеп беру.

     Бюджеттік кодексте бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, ішкі бақылау жөніндегі орталық өкілетті органдар және облыс, республикалық маңызы бар қалалар , астана мен аудандардың құқықтары бекітілген.

     « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты Заң жергілікті мемлекеттік басқару аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жергілікті өкілдік пен атқарушы органдардың уәкілдігі, ұйымдастыру мен іс әрекет тәртібін анықтайды. Осы Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруы – ол  тиісті аумақтың ахуалына жауапты және сол аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында өз іс әрекетін іске асыратын жергілікті өкілдік және атқарушы органдардан құрайды.

     Жергілікті өкілдік органдар – ол   жергілікті тұрғындармен сайланушы, олардың жігерлерін әлпеттейтін және оны іске асыру мен бақылау үшін заңнамалар негізінде шаралар анықтап, қолданатын сайламалы орган -Мәслихат. Мәслихаттың уәкілдігіне тиісті аумақтардың жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, шығындар жоспарларын бекіту жатады. Мәслихат жергілікті бюджеттерді атқару бойынша сыртқы бақылау жүргізу мен сол жөніндегі есеп беруді қарастыру жасайтын өзінің ревизиялық комиссиясын сайлайды.

     Жергілікті атқарушы органдар - әкімгершіліктер  заңнамаларға сәйкес тиісті аумақтар бойынша жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, бюджжеттер жасап, маслихаттарға бекітуге ұсынады және олардың атқаруын қамтамасыз етіп, сол жөнінде есеп беруді қалыптастырады. Жергілікті мемлекеттік басқарудың экономикалық және қаржылық негізін келесілер құрады:

·        Жергілікті бюджет;

·        Заңды тұлғалар маңында бекітілген коммуналдық мүлік;

·        Заңнамаларға сәйкес бекітілген басқа да коммуналдық мүлік.

 

                             Қорытынды

     Осы тақырыпты қорытындылай келгенде Қазақстан Республикасының басқару жөнінде заңында бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру және реттеу жөніндегі арнайы ережелерде анықталады. Мемлекет және оның аумақтық бөлімдерінің бюджетті – құқықтық  мәртебесі негізі – ол  осы құқықты іске асыруға пайдаланатын кең таралған бюджеттік уәкіліктікті құрайтын дебестік бюджет жөніндегі құқық. Биліктің әрбір деңгейіндегі уәкіліктікте өз ерекшеліктері бар, бірақ бюджетті қалыптастыру, оны атқару және бөлінген бюджеттік ақша беруді пайдалануын бақылау процестері биліктің атқарушы органдарының уәкіліктігінде болады.

                           Пайдаланған әдебиеттер

1.     Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.–Алматы: Юрист, 2004.

2.     Салық кодексі – «Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде» ҚР Заңы. – Алматы: Юрист, 2003

3.     Қазақстан Республикасының заңдары.

4.     Б.С. Өтебаев. Мемлекеттік бюджет.– Алматы: Экономика, 2006.

5.     Годин А.М., Подпорина И.В. Бюджет и бюджетная система Российской Федерации: Учебное пособие.–М. Дашков и К, 2002

6.     Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. –Алматы: Экономика,2005.

7.     Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы.–Алматы: Қаржы қаражат,2001.

8.     Ильясов К.К., Саткалиева А.Ж. и др. Государственный бюджет: Учебник.–Алматы: РИК,1994.

9.     Қазақстан Республикасының Үкәметінің Қаулылары.

10. Утибаев Б.С., Жунусова Р.М. Бюджетное устройство и бюджетная система: Учебное пособие. – Ақмолa: 1997.

12
скачать работу

Қазақстан Республикасының бюджеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ