Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының халқы

7,4 мың студент оқыған болса, 1999/2000 оқу жылында жоғары оқу орындарының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мыңға жеттi. Соңғы он жылдықта жергiлiктi тұрғындардың бiлiм алуында серпiлiс пайда болды. Әрбiр 1000 адамның 126-сы жоғары бiлiмдi. Әсiресе, студенттер санының қазақ жастары есебiнен күрт өсуi 90-жылдардың басынан басталды.

 

Қазiргi кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттерiнiң үлесi 67%. Экономика салаларында еңбек ететiндер арасындағы жоғары және арнаулы орта бiлiмдiлер үлесi айтарлықтай өстi: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары бiлiмдiлер саны орта есеппен 130 адам болса, 1999 ж. 212; арнаулы орта бiлiмдiлер тиiсiнше 234 және 296 болды. Қазiргi кезде жалпы бiлiм беретiн мемл. мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде бiлiм алуда. 1997 ж. республикадағы жалпы бiлiм беретiн жеке меншiк (беймемл.) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқыды. Қазiргi кезде 3455 мектеп мемл. тiлде жұмыс iстейдi. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бiрге сабақ орыс тiлiнде жүргiзiлетiн 2522 мектеп (1462,4 мың оқушы); өзбек тiлiнде — 78 мектеп (77,2 мың оқушы); ұйғыр тiлiнде — 14 мектеп (22,3 мың оқушы); тәжiк тiлiнде — 3 мектеп (2,5 мың оқушы), украин тiлiнде — 1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралас тiлде оқытатын 2112 мектеп бар. Қазақстан үшiн табиғи өсiм тұрғындар саны өсуiнiң негiзгi көзi болып табылады әрi қазақ халқы өсiмiнiң басты факторы болып қала бередi. Мыс., қазақтардың табиғи оң өсiмi 1989 ж. Қазақстан тұрғындарының бүкiл табиғи өсiмiнiң 63,5%-ын құраған болса, бұл өсiм 1991 ж. — 72,4%, 1993 ж. — 88,2%, 1995 ж. — 88,0% болды. Соның нәтижесінде Қазақстан республикасындағы Қазақтардың пайыздық көрсеткіші 2005 жылы 60 пайызға таяп қалды.

12
скачать работу

Қазақстан Республикасының халқы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ