Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметі

"margin-left: 8.15pt;"> 2005 жылы Қазақстан Республикасындағы инвесгициялық қызметтің нәтижесі - қаржы емес активтерге жұмсалған 1307,2 млрд. теңге инвестицияны шеру болды, мұның 1100 млрд теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84,2 % қүрады.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар көлемі  2003 жылғымен салыстырғанда   10,6 % (2004 жылы 44,7 % , 2005 жылы 48,5 % ,  2006 жылы 33,0%) өсті.

2003 жылдың деңгейіне қарағанда негізгі  капиталға жұмсалған инвестициялардың өсуі республикадағы 14 облыстың  онында және Алматы, Астана қалаларында байқалды. Көлемнің едәуір өсуі Қызылорда (1,9 есе), Ақмола (1,2 есе) облыстарында және Алматы қаласында (1,2 есе) байқалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың 13 - 1 % шегінде өсуі Батыс қазакстан, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында байқалды.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардын өңірлік құрылымындағы көлемнің жартысынан астамын (53,1 %) республиканың батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы - 22,2, Батыс Қазақстан - 18,0 %, Ақтөбе - 7,5 %, Маңғыстау -5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (13,9%) және Астана (9,3 %) қалаларының үлесі басым.[Қосымша В]

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі - 47,0%, орташаларынікі - 27,9%, шағындарынікі - 23,9%, халық үлесі -1,2% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45,0% құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайыздық пункте артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0,6 пайыздық пункте өсіп, 4,8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 пайыздық пунктке төмендеді.

Негізгі капиталға жұмсалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89,1% геологиялық барлауға жұмсалған.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан астамын меншіктін жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2 %) (2004жылы 54,3%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2004 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің 0,6 пайыздық пунктке өсуі, басымдығы экономика салалары: көлік коммуникациялық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық - өнеркәсіптік кешенді қолдау және ауыл инфрақұрылымын дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік секторды дамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылатын Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асырумен байланысты.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2004 жылмен салыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ бұрынғысынша кең өндіру өнеркәсібіне (41,5%), өңдеу өнеркәсібіне (9,4%), көлік және байланысқа (11,1 %) келеді.

Кең өндіру өнеркәсібінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың барлық көлемі дерлік шикі мұнай мен табиғи газ өндіруге және осы салаларға қызмет көрсетуге келеді (93,8 %).

Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4 % тиеді.Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42,3 % ), әуе көлігіне (15,4 %) және электр байланысқа (19,8 %) келеді.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын мүлік операцияларымен, жалға берумен және тұтынушыларға қызмет көрсетумен (12,6%) байланысты қызмет түрлерінде елеулі, мұньң 68 % геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашылығында бұрынғысынша мардымсыз (1,3 %).

Білім беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық белсенділік денгейі әлі төмен қалпында. Бұл салалардың негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 0,7 және 0,4 % кұрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды (2,0%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөңдеуге кеткен шығындар үлесі 13,3 % құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 4,2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға - 52,3 %, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар - 47,7% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында меншікті және сырттан тартылған қаражаттың ара салмағы сақталады. Басым қаржылаңдыратын көз ретінде кәсіпорынның меншікті қаражаты қалады, оның негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 55,2 % (2004 жылы 59,3 % ) құрады. Сонымен, меншікті қаражат экономикалық қызметтің мына түрлерінде: темір кеңін ашық әдіспен өндіруде; ағашты өңдеу және жиһаздан басқа ағаш пен тоздан жасалған бұйымдар өндіруде; қағаз массасын, қағаз, картон және осылардан жасалған бұйымдар өндіруде; кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдар өндіру мен темір жол көлігін шығаруда негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі болды. Меншікті қаражаттың едәуір үлес салмағы киім өндіру, үлбір өндеу және бояу; химия өнеркәсібі, темекі өнімдерін өндіру, электр энергиясын өндіру және бөлу, металлургия өнеркәсібі, уран және торий кеңдерінен басқа түсті металл кеңдерін өндіру бойынша кәсіпорындарда және құрылыс қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда байқалды (98,5 - 83,2 %). 2005 жылы инвестициялық мақсаттарға жұмсалған меншікті қаражаттың едәуір бөлігі бөлінбеген табыс есебінен қаржыландырылды (89,6%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған амортизациялық аударымдар 5,5 % құрады. Маңызды бөлігі - кәсіпорынның жұмыстарды іске асыру мен қызмет көрсетуден түскен айналым қаражаты болып табылатын меншікті қаражаттың басқа түрлері 4,9 % құрады. Сырттан тартылған қаражат құрылымында бюджет қаражатының үлесі 2004 жылғымен салыстырғанда 1,5% өсті, бұл республикалық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлуге байланысты. Отандық банктердің және өзге де қаржыландыру көздерінің кредиттер үлесі тиісінше 2,7 және 0,6 % есті. Шетелдік банк кредиттері үлесін 5,7 % темендегені, басқа шетелдің қаражаттың 5,0 %  өскені байқалды.[Қосымша Г]

Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған қаражаттың жалпы  көлеміндегі сырттан тартылған қаражаттың үлкен үлес салмағы геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындарда (94,6%), мемлекеттік басқару ұйымдарында (90,2 %), былғары және одан жасалған бұйымдарды өндіру, аяқкиім өндіру бойынша кәсіпорындарда (81,5%), денсаулық сақтау ұйымдарында (78,2%) және газ тәріздес отынды өндіру мен бөлу бойынша кәсіпорындарды (77,7%) байқалды.

2004 - 2005 жылдары негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көп жағынан шетелдік қаржыландыру көздерін тарту есебінен қаржыландырылып келсе (тиісінше 65 және 59%), енді 2006 жылдан бастап инвестициялық мақсаттарға жұмсалған ішкі ресурстар шетелдік салымдардан басым түскенін айта кеткен жөн. Сонымен, 2004 - 2005 жылдары негізгі капиталға жұмсалған ішкі инвестициялардың үлесі тиісінше 55 және 56 % құрады.

Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар құрылымындағы өндірілмеген материалдық және материалдық емес активтерге кеткен шығындар үлесі мардымсыз (мұнда тегі табиғи активтерді, патент, лицензия, тауар белгілерін, тауар маркаларын және тағы басқаларын сатып алуға кеткен шығындар кіреді) және 0,3% кұрайды.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы экономиканын өсуі мен капиталдың корлануының негізгі көрсеткіші - негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің өсумен сипатталатын экономикалық өсу үрдісінің дамуын көрсетеді. Мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақшаны жұмылдыруға, тікелей отандық және шетелдік инвестициялар түсімін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдарламасын іске асыру - болашақта инвестшшлық қызметте оң үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді.[18;16-19]

 

 

3.     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ТАРТЫМДЫ РЕСУРСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1.          Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер

 

Инестициялық саясатта кездесетін мәселелердің бірі: Осыдан бірер жыл бұрын «Қазақстан тарихында балмаған ірі ұтылыс» деген мақала Караван газетінде жарық көрді.

«На этой неделе руководитель одиой из нацкампаний оставил вАлматинском казиио 430 тысяч долларов»деп жазыпты газет. Инвесторлар сияқты миллиардтаған қаржы салатын шетелде тұратын немесе Қазақстанда тұратынотандастарымыздың ішінде Қазақстанэкономикасыныңөркендеуіне ықпал ете алатындай бай адамдарбар ма ? Жоққой. Бұл шыңдық. Біздің жас түркілердіңде қалайбайығанын білеміз.Әкелерінен қалған байлығыжоқ екенін, бесіктегіана сүтін еметін баладан бастап,пайғамбар жасынан асқан кәрігедейін біледі. Мысалы, өнеркәсібі дамымай мешеулеп қа

Пред.6789
скачать работу

Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ