Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының Конституциясы -мемлекеттің негізгі заңдық құжаты

й отырып, прокуратура бақылау органдарының кәсіпкерлік субъектілерін тексерулердің заңдылығы мен негізділігіне қадағалауды жүзеге асырады, оның ішінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөлімшелерінде оларды тіркеу рәсімі арқылы да қадағалайды. Заң бұзушылықтары анықталған жағдайда аталған органдардың тексеруді тіркеуден бас тартуға өкілеттілігі бар. Осы өкілеттікті пайдалану арқылы олар азаматтардың кәсіпкерлік бостандығы мен жеке меншікке конституциялық құқықтарына нұқсан келтіруге іс жүзінде жол бермейді.

Прокуратура органдарының әлеуметтік маңыздылығы көп жағдайда оның қылмысқа қарсы күрес саласындағы қадағалау өкілеттіктеріне байланысты болады. Прокуратура органдарының адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметінің басты бағыттарының бірі тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау болып табылады. Осы қадағалаудың практикалық көріністері әралуан, атап айтқанда прокуратура келіп түсетін арыздар мен өтініштерге құқық қорғау органдарының уақтылы және барабар дең қоюын, қылмыстық қудалаудың белгіленген процессуалдық тәртібінің сақталуын қадағалайды. Осы саладағы қадағалау тергеу мен анықтау органдарының әрекеттері мен актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру, оның ішінде қылмыстық істерді қозғау мен олардың қозғалысының статистикалық есебін және басқа да арнайы есепке алуларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Осы өкілеттіктерді іске асыра отырып, прокуратура, атап айтқанда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуден негізсіз бас тартуды қоса алғанда, қудалау органдарының қылмыстарды жасыру фактілерін анықтайды. Осылай, 2009 жылдың деректері бойынша тексеру нәтижелерінде 4 мыңнан астам жасырылған қылмыстар анықталып, есепке алынды. Сонымен қатар, прокуратура көп жағдайда негізсіз қозғалған, тоқтатылған және қысқартылған қылмыстық істердің күшін жойды. Бұл прокуратурада заңдылықты қалпына келтірудің және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға барабар дең қою мүмкіндігінің пәрменді құралдарының бар екендігін көрсетеді.

Егеменді Қазақстанда қоғам мен нақты адамның мүддесі құқық қолданудың өзекті мәселелерін, нақты елдің ұлттық-мемлекеттік және саяси құрылысының спецификасы мен өзгешелігін, оның құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін ескермейтін прокуратура органдарын құрудың және қызмет етуінің «әмбебап» теориялық схемаларына сәйкес болу міндеттерінен жоғары болады.

Прокурорлық қызметкерлердің қатысуымен өтетін қылмыстық істерді тергеуді жүзеге асыруға қатысты заңнамалық жаңалықтар жалпы мемлекеттік және жеке әлеуметтік қажеттіліктерден туындайды.

Қазіргі уақытта қылмыстық-іс жүргізу заңнамасы ерекше жағдайларда прокурорға алдын ала тергеу органының өтініші немесе өзінің бастамасы бойынша тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында істі алдын ала тергеудің бір органынан басқасына беруге және заңда белгіленген соттылықтан тыс тергеуге мүмкіндік береді.

Қылмыстық істерді тергеуге алу құқығын прокурорлар белсенді іске асырады. Осылай, 2009 жылдың қорытындылары бойынша арнайы прокурорлар 164 күрделі қылмыстық істерді тергеді, олардың 77 сыбайлас жемқорлық сипатында болды. Прокуратура органдары тергеген істердің ішінде елдің бірқатар банкілерінің басшылары мен қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында кең қоғамдық резонанс тудырған басқа да істер.

Прокурорлық тергеу институтын дамыту келешегі туралы айтатын болсақ, Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында сотқа дейінгі іс жүргізуде прокурордың рөлі мен жауапкершілігін одан әрі арттыру, оның ішінде прокуратура органдарының қоғамға елеулі қауіп пен қиындық тудыратын қылмыстар туралы қылмыстық істерді тексеру арқылы арттыру қарастырылған.

Қылмыстық қудалауды прокуратураның тікелей қамтамасыз етуі саласында орын алған аталған беталыстар оның практикалық қажеттілігін және прокуратураның конституциялық-құқықтық мәртебесі осы функцияларды бейтарап және қажетті көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Осыған орай, ерекше өкілеттіктер берілген прокуратура мемлекеттік билік тармақтарынан бірдей қашықтықтағы Президентке есеп береді, ал бұл оның тәуелсіз қызметінің сенімді кепілі болып табылады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды прокурордың сот процесіне тікелей қатысуы қамтамасыз етеді.

Прокурор азаматтық процеске өзінің бастамасы бойынша немесе соттың бастамасы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүддесін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүддені қорғау үшін іс бойынша қорытынды беру үшін кіріседі. Қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптаушы функциясын орындай отырып, прокуратура, сондай-ақ әлеуметтік мақсаттарды көздей отырып, объективті және әділетті сот ісін жүргізуге жағдай жасайды.Прокуратураның құқық қорғау функциялары туралы айтқанда, оны «жазалаушы» мемлекетік орган ретінде біржақты түсіну дұрыс емес. «Прокуратура туралы» Заңның прокуратура органдарының қызметкерлері мемлекеттік билік өкілдері болып табылатындығы туралы нормасында көрсетілгендей, прокуратураның билік құрылымы қатарына кіруіне қарамастан, кез келген құқық қорғау органы үшін сияқты прокуратура органдары үшін де құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау басымдық болып табылады.

Құқық бұзушылықтардың алдын алудың және оларды болдырмаудың процессуалдық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында прокурорлық дең қою актілерінің қатарына үндеулер мен алдын ала ескертулерді қосу есебінен олардың тізбесін кеңейту туралы мәселе көтерілді. Үндеу прокуратура органдарына қадағалау қызметінің қандай да бір салалары немесе мәселелері бойынша өз ұстанымын бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануды қоса алғанда, көпшілік алдында жария етуге, ал алдын ала ескерту дайындық үстіндегі құқыққа қарсы (заңға қарсы) әрекеттер туралы анық мәліметтер болғанда құқық бұзушылықты болдырмауға мүмкіндік береді.

Прокуратура Қазақстанның құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылық ету арқылы субъектілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік органдардың күштерін біріктіруге арналған.

Құқық қорғау органдары қызметінің түпкілікті нәтижелері, яғни қоғамның құқықтық қорғалуының деңгейі, оның барлық буындары жұмысының үйлесімдігіне байланысты болғандықтан, прокуратураның үйлестіру функциясының тиімділігін арттыру оның қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы функциялар Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерінен туындайды, онда прокуратура құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы ретінде белгіленгенін атай отырып, Үйлестіру кеңесі қарайтын мәселелердің ауқымы, ең алдымен, практикалық қажеттіліктерге байланысты екенін айтқан жөн. Мазмұны бойынша өзекті әрі жанжақты болып отырған талқыланатын мәселелердің тақырыптары да соны дәлелдейді. Олардың ішінде: сыбайлас жемқорлық қылмыстарын уақтылы анықтауды және сапалы тергеуді қамтамасыз ету, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске бағытталған шаралардың тиімділігі, Ұлттық Қор қаражатының заңды және тиімді пайдаланылуын бақылау, кәмелетке толмағандардардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу, контрабандаға қарсы күрес бойынша күштерді біріктіру және т.б.

Үйлестіру кеңесі мәселелерді талқылау барысында құқық қорғау органдарының жоспарлы және қарқынды өзара іс-қимылын жасауға, қолданыстағы заңнама шеңберінде және құқық қорғау органдарының қызмет етуінің қазіргі заман міндеттеріне сәйкес олардың ынтымақтастығының әдістері мен нысандарын жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлейді. Прокуратура осы қызметті Президент Жарлықтарын орындау мақсатында және солардың негізінде табысты жүзеге асырып отырғанын айта келе, орын алған құқық қорғау тәжірибесі «Прокуратура туралы» Заңда прокуратураның үйлестіруші өкілеттіктерінің барлық ауқымын заң тұрғысынан бекіту маңыздылығын дәлелдеп отыр деп есептейміз. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасымыз құқық қорғау жүйесін реформалау келешегін нақтылай келе, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу арқылы құқық қорғау жүйесін оңтайландыру қажеттілігін ғана емес, сонымен қатар ішківедомстволық мүддеден азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстыру орындылығын белгіледі.

Конституциямен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен кепілдендірілген, мемлекет саясатының мазмұны мен нысаналы бағыттылығында көрінетін азаматтар құқықтарының басымдығы Қазақстан прокуратурасы органдарының әлеуметтік бағытталған құқық қорғау функцияларында толық мөлшерде іске асырылған.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасы Конституциясы.-Конституция Республики Казахстан. –Алматы: Жеті жарғы, 1998.

2. Бижанов А.Х. Республика Казахстан: демократическая модернизация общества переходного периода. Алматы., 1997

3. Современные демократические преобразования в Республике Казахстан/ Под. Ред. Б.К. Султанова.- Алматы; 2008.с 117

12
скачать работу

Қазақстан Республикасының Конституциясы -мемлекеттің негізгі заңдық құжаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ