Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында

пұттан 1928 – 1929 жылдары – 240 млн. пұтқа артты. Осы уақытқа Қазақстанда 103 коммуна мен 650 ауылшаруашылық артелі болды. Оңтүстік Қазақстанда мақата өсіретін «Мақтарал» алып совхозы ұйымдастырылды.

Шаруалардың жіктелу процессі күшейді:
1) Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды.
2) 1928 жылы шаруалардың ¾ бөлігі орташаларға айналды.
3) Кулак – бай қожалықтар 6,6 % — ден 14,8 % — ға көбейді.

Жаңа экономикалық саястат жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болып жатты. Халық шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңес 8 тресті – «Қожмехтрест», «Илецксоль», «Павлодарсоль», «Ақжал – золото», «Каззап – золото», «Казахсаксаултрест», «Казспирт» трестері мен екі кәсіпорынды – Сантонин заводын, Қарғалы шұға фабрикасын біріктірді. Сонымен бірге Одақтық маңызы бар «Эмбанефть», «Алтай–казполиметалл», «Атбасцветмет» трестері құрылды. Жалпыодақтық трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефть» мұнайынан алынған табыстың 5 % — ін Қазақ АКСР – інің өлкелік бюджетіне аударды. Осылайша одақтық трестердің монополиялық өктемдігі қалыптасты. Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс әсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды.

Россияның орталық аудандарынан республикаға бірқатар өнеркәсіп орындары көшірілді: Орынбор тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы т. б.

Өлкедегі кен өнеркәсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы – Кенді Алтай болды.

Риддер қорғасын заводы мерзімінен бұрын пайдалануға беріліп, ол 1923 жылға қарай жалпы Одақта өндіретін қорғасынның 40 % — ін бере бастады.

Орал – Ембі мұнай кәсіпшіліктері қалпына келтіріле бастады. Әуелі Доссор, содан соң Мақат кәсіпшіліктері қалпына келтіріле бастады. Атырауды осы мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды.

Одан бұрын (1920 ж.) Шымкент сантонин заводы пайдалануға берілген болатын. Қарсақбай комбинаты жоғары қарқынмен қалпына келтірілді. Мұнда 1927 жылы мыс өндіріле бастады.

Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіру процесі орталықпен салыстырғанда неғұрлым баяу қарқынмен жүргізіліп, 1927 – 1928 жылдары ғана аяқталды.

Жаңа экономикалық саясат кезеңінде товар айырбасы мен товар айналымының маңызы артты. РКФСР Халық Комиссариаты Кеңесінің 1921 жылғы мамырдың 24 – індегі «Айырбас туралы» декретінде кооперативтік ұйымдар арқылы да, рыноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол берілетіні атап өтілді. Сонымен бірге жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы – 30 млн. сомға жетті.

Басты жәрмеңкелер:
1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл.
2) Ақмола губерниясында – Атбасар.
3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.
4) Бөкей ордасында – Орда.

Өлкеде тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды.

Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:

1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді.
3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді.
4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.

Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921 1929 жж.).

Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі.

Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті.

Жүзеге асыруға тиісті шаралар :
1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру.
2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.

Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті.

Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж.) болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы.

Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды.

КАКСР құрамына енгізілген аймақтар:

Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.

Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі.

Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.

Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі.

Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі.

Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар.

Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.).

Нәтижесінде;
1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды.
2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.

Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % — ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша).

1925 жылы 15–19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз – қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді.

Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін — өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды.

Республикадағы қоғамдық саяси өмір.

Қазақ өлкесінде жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер (советтер) болды. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті.

1921 жылы 4 – 10 қазанда Қырғыз (қазақ) АКСР Кеңестерінің II съезі болып өтті. Онда қаралған мәселелер: 1) Республикадағы мемлекеттік және шаруашылық құрылыстардың қорытындылары шығарылды. 2) жергілікті жерлерде Кеңестерді нығайту жолдары белгіленді.

1925 жылы бірінші желтоқсандағы өлкелік V партия конференциясы болды. Партияның беделі өсіп, ауыл тұрғындарын партия қатарына алу ісі өріс алды. Партия мүшелерінің саны артып, 1927 жылғы 1 қаңтарда 16854 адамға жетті. 1932 жылға қарай партия ұйымы негізінен қалыптасып бітті. Бірақ партия жұмысының барлық буындарына әміршіл — әкімшіл әдіс енгізілді.

Осы жылдары Қазақстанда жастар қозғалысы өрістеді. 1921 жылы шілдеде Орынбор қаласында жастар ұйымы – Қазақстан комсомолының бірінші съезі өтті. Қазақ комсомолының ұйымдастырушы, тұңғыш төрағасы Ғани Мұратбаев (1902 – 1924 жж.) болды. Ол өмірінің соңғы жылдарында коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Ғани Мұратбаев өмірі 23 жасқа аяқ басқанында үзілді. Сондай – ақ Мирасбек Төлепов, Федор Рузаев, Қайсар Тәштитов және т. б. жастар қозғалысының танымал жетекшілері болды.

1921 жылғы қаңтардың 1–інде КОБОС – тың қазақ облыстық бюросы ұйымдастырылды. 1921 жылы қазанда кәсіподақтардың республикалық 1–конференциясы болды. Онда кәсіподақтардың міндеттері белгіленді: 1) жұмысшыларды сақтандыруға, 2) сауатсыздықты жоюға, 3) сенбіліктер ұйымдастыруға, 4) одақ мүшелігіне қазақ пролетариатын тартуға, 5) жұмыс табының ұлттық отрядын қалыптастыруға көңіл бөлінді.

Осы жылдары әйелдер қозғалысы кеңінен дамып, көрнекті қоғам қайраткерлері өсіп – жетілді: Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаева, С. Есова т. б.

Қазақстанда Кеңес үкіметі нығая түсті. Ауылдық және қалалық Кеңес депутаттарының 6 айлық, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің 1 жылдық өкілеттік мерзімі белгіленді. Қанаушы элементтер (феодалдар, билер, имамдар, муфтилер, мұсылмандардың діни басқармаларының мүшелері) сайлауға қатыстырылмады. Егер бұрынғы болыс басқарушыларының, билердің ұрпақтары Кеңес үкіметіне адалдық көрсетіп, қоғамдық еңбекке қатысса,

123
скачать работу

Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ