Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы және оның кезеңдері

н-өзі реттейтін қабілетке ие болуда деп санауға негіз береді. Экономикалық қатынастардың жаңғыртылуы жалғасып жатқаны сөзсіз және жетілдіріле түсетін болады.

Әлемдік шаруашылық байланыстарына кірігуге қабілетті жаңа нақты экономиканы құру аса маңызды тағы бір міндетке айналды. Экономиканы құрылымдық өзгертудің айтарлықтай жан қинайтын проблемасы бар болмысымен бой көтеріп түр.

Оның бұрынғы құрылымы деформацияланған болатын, өңдеу өнеркәсібіндегі көптеген бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сақталып қалды. Көптеген өндірістердің қалыптан тыс монополиялануы да тежеуішке айналды, мұның өзі олардың жинақылығына, шығаратын өнімдердің сапасына және өндірістің тиімділігіне, оның рентабельділігіне келеңсіз әсер етті.

Қазақстан экономикасы мембюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі рыноктың тартымдылығы артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды.

Шетелдік инвесторлар мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі.

Мақсатты шаралардың нәтижесінде шетелдік күрделі қаржыны тарту жөнінде қолайлы ахуал қалыптастыру мүмкін болды. Шикі мұнай және ілеспе газ өндіру, қара және түсті металлургия секілді салаларға тікелей шетелдік инвестициялар 2003 жылы 2,7 млрд. доллардан астам болды.

Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі нәтижесінде қорлар ескіруінің келеңсіз үрдісін еңсеру мүмкін болды. Жаңару коэффициенті мұнай-газ өндіруде — 10,9 пайызға, металлургиялык, рудалар өндіруде, металлургияда 6,6 пайызға жетті. Отын саласының, түсті және қара металлургияның үлесі үстем бола түсті.

Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді:

1.  Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезенде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1-ші орынды алады.

2. Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.

3.  Әлемдік рынокка шығу жоне әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді.
Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. — 1 долл. үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. Әлеум. аядағы қаржы-экон. қайта құрулар қаржы жүгiн респ. бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеум. қызметтердiң сапасын арттыру, әлеум. сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экон. бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi қаржы-экон. өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экон. қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемл. бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемл. меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экон. тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеум.-демогр. ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм деңгейi төмендедi; материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейiнде өздерiнiң күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi. Бұл кезеңде бұрынғы әлеум. саясат қағидаларын өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеум. қорғаудан әлеум. көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеум. саладағы мемл. қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi: елде тұрақты әлеум.-экон. жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды; Қазақстан рыногi тұтыну тауарларымен молая түстi; респбликаның тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүз. қоғамдастығы мойындады және ол халықар. қаржы ин-ттарына кiрдi. Әлеум.-экон. шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және мед. қорларын құруға жол ашты.

Реформалар: төртiншi кезеңде (1998 — 99)

Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратег. дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (қ. Қазақстан — 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүз. қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын-ала белгiленген кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратег. жоспары бекiтiлдi, ол дүниежүз. қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экон. өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк аяны реформалауға, белсендi әлеум. саясат жүргiзу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенiң өзгермелi бағамы енгiзiлдi (1 АҚШ долл. 1998 ж. — 78,29 теңгеге, 1999 ж. — 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзi 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнiм экспортын ынталандыруға мүмкiндiк бердi. 1999 ж. экспорт көл. 5592,2 млн. АҚШ долл-на жеттi; Бұл кезеңде тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жалпы iшкi өнiм 74891,6 млн. АҚШ долл-нан (1998) 77976,8 млн. АҚШ долл-на (1999) көбейдi. Жалпы iшкi өнiмнiң нақты көл. 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне көшу) жүргiзiлдi, ол iшкi қорлануды одан әрi ұлғайтып, iшкi инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жеттi, бiр жылдан кейiн ол 2,7 есе көбейдi (64504 млн. теңге).

Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж. бастап)

Бесiншi кезеңде Қазақстан экон. өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратег. жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 — 02 ж. орт. және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экон. мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экон. дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiм жыл сайын өсiп отырды: тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша 2000 ж. — 87607,5 млн. АҚШ долл-ы, 2001 ж. — 101674,1 млн. АҚШ долл-ы. 2002 ж. жалпы iшкi өнiм көлемi бұрынғыдан 9,5%-ға көбейдi. 1999 — 2000 ж. бейқаржылық активтер негiзiнен шетелдiк инвестициялардан құралса (тиiсiнше 57% және 51%), 2001 ж. iшкi инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жеттi. 2000 — 02 ж. елдiң экон. дамуы үшiн инвестициялық мүмкiндiктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келiсiмшарт жасалды, негiзгi капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ долл-ы) инвестициялық мiндеттеме қабылданды. 2001 ж. негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялардың көл. 775,7 млрд. теңгенi құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратег. жоспары” бекiтiлдi. Қазiргi кезде 2010 стратегиясы (2001), Үкiметтiң 2002 — 04 ж. арналған iс-қимылдар жоспары (2002) және соның негiзiнде әзiрленген 2003 — 05 жылдарға арналған респ. бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерi (2002) экономика үшiн негiз ретiнде басшылыққа алынып отыр. Негiзгi мақсат — бәсекелестiк қабiлетi күштi экономика құру, жалпы iшкi өнiмдi 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай iлгерiлеуге стратегиялық салаларды — мұнай-газ секторын, энергети

12345След.
скачать работу

Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы және оның кезеңдері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ