Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанды мекендейтін өсімдіктер мен жануарлар

ды, екiншi бiреулерi — өсiмдiк пен жануар зиянкестерi (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемiрушiлер жазық және таулы жерлерде оба ауруын, тышқан тәрiздi, кемiрушiлер туляремия, лептоспироз, қуқызба ауруларын таратады. Қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бiрқатар қан-паразиттiк аурулар жұқтырады.

Жануарлар түрлерiнiң қазiргi сипаты бiрқатар жағдайларға байланысты, олардың аралығында, ең алдымен, жердiң аса кең аумақта игерiлуi, осыған орай жер суару, не керiсiнше, көптеген жайма су аңғарларын құрғатып, тех. дақылдар егу нәтижесiнде жер бедерiнiң өзгеруi сияқты жағдайларды атап көрсету керек. Мұның нәтижесiнде соңғы 150 — 200 жыл iшiнде республика бойынша керқұлан (Пржевальский жылқысы), қабылан, тұран жолбарысы, тоғай бұғысы сияқты түрлерi жойылып кеттi. Көптеген аса бағалы аң түрлерiнiң азайғандығы соншалық, тiптi оларға жойылу қаупi төнген. Бұлардың қатарына қарақұйрық, үстiрт арқары, арқар, Мензбир суыры, ортаазия өзен құндызы, қарақал жатады. Құстардың iшiнде дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, қоқиқаз, орақтұмсық, жылан жегiш қыран, бүркiт, балықшы, кезқұйрықты субүркiт саны тым азайып кеттi. Олардың бәрi Қазақстанның “Қызыл кiтабына” енгiзiлдi. Сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кiтабының” 3-басылымына қорғауға алынған аңдардың 40 түрi, құстың 56 түрi, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрi, қосмекендiлердiң 3 түрi, балықтың 16 түрi енгiзiлдi. Қорықтарда көптеген сирек кездесетiн жануар түрлерi мемл. қорғауға алынды (қ. Ақсу-Жабағылы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Наурызым қорығы, Марқакөл қорығы, Үстiрт қорығы). Республикамыздың қазiргi жануарлар дүниесi алуан түрлi, ал оның кең байтақ жерiнде бұрын да көптеген жануарлар мекендеген. Мұнда бiр кезде құрып кеткен омыртқалылардың 200-ден астам түрi, көне дәуiрдегi теңiз жайылмасында тiршiлiк еткен бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың, омыртқасыз жәндiктердiң, мәселен, ұлулардың бiрнеше жүздеген түрi табылды.

12
скачать работу

Қазақстанды мекендейтін өсімдіктер мен жануарлар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ