Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанның білім мәселесі кеше, бүгін, болашақ

өріп отырғанымыз белгілі.

А. Шотаев атындағы Боровской орта мектебі.
Қазақстанның білім мәселесі кеше, бүгін, болашақта.
Мұғалім: Танатқанова Г. М.

Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, өзекті мәселелер-ден туған қайшылықтар, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми- білімнің түрлі салаларында әлемдік іс- тәжірибені оқып- үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде.
Сондықтан әр түрлі елдер мен халықтардың экономикалық көрсеткіштерін, әлеуметтік – саяси жүйесін, мәдениет моделін салыстырмалы түрде оқып үйрену қызығушылық тудырады. Түрлі ғылым саласындағы мамандар бүгінгі өркениетті нарыққа өту кезеңінде, республикадағы білім беру саласының әлемдік білім беру кеңістігіне енуге қадам басу шағында, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті біріктіре оқыту мен тәрбиелеу мақсатын көздеуде. Сол себептен білікті мамандар өздерінің шетелдік әріптестерінің кәсіби іс- тәжірибесін зерттеуге, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін талдауға , озық ойлы идеяларын өз ұлтының менталитетіне сәйкестендіруге, өз іс- тәжірибелерімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындауға ұмтылыс білдіріп, алғашқы қадамдар жасалуда. Сондай салалардың бірі – білім беру саласы болып табылады. XXI ғасыр табалдырығын аттаған сәтте білім беру саласы күрделі өзгерістерге ұшырауда. Білім беру саласы әлеуметтік инфрақұрылымның бірден- бір мәнді, динамикалық элементі болып келеді. Дегенмен де, барлық әлемде де білімберу саласы қандай да бір жағынан, қандай да бір түрде дағдарысқа ұшырауда. Қаншалықты дамыған ел дегенімізбен де әр елдің білім беру саласы қандай да бір мөлшерде қазіргі цивилизацияның талаптарына сай жауап бере алмауда. Сол себептен де білім беру ісін реформалау шартты.
Өркениетті елдердің бәрінде де білім беру ісін реформалау әлеуметтік саясаттың маңызы құрамды бөлігі болып табылады. Оған үкімет, парламент, қоғамдық және халықаралық ұйымдар белсене кірісуде. Реформалау көп аспектілі (салалы). Олар білім беру ісін басқаруды қайта құру және оның функцияларын жергілікті, аудандық, орталық өкіметке қайта қарап бөлумен, оқу орындарының жаңа типтерін құру, оқу – тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістерін модернизациялаумен сипатталады. Жаңарту не қайта құру бала- бақшадан жоғары оқу орындарына дейінгі білім жүйесінің барлық саласын қамтуда.Қазір республикамызда білім саласында демократияландыру мен ізгілендіру жүріп жатқандықтан, соңғы кездерге дейінгі дағдарыстан шығудың альтернативті жолдары көрсетілуде.
Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгерістермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым- қатынас,(білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу- әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда. Бұрынғы кезде тұлға бойында кездесетін жағымсыз қасиеттер қатарына жататын (үнемшілдік, өзіндік «мен», т.б.) қасиеттер нарық жағдайына байланысты қажет болуда және көпшілік, қоршаған орта оларды дұрыс қабылдауға дағдыланған,т.с.с
Дегенмен де, жаңарту үрдісі үлкен қиындықтарға ұшырауда, экономика, мәдениет, ғылым және әлеуметтік қатынастардағы динамикалық өзгерістерге көп жағдайда ілесе алмайды. Барлық жердегі не барлық кезде де реформалау терең теориялық базаға негізделе бермейді. Олар эмпирикалық үрдісте білім берудің жаңа жолдарын іздестіруде өзіндік «қысқа ғұмырлы» сынақпен не қайта жөндеу қиынға түсетін қателермен аяқталып жататыны сирек құбылыс емес. Әрине, бүгінгі күнде республикамызда білім беру саласындағы жүріп жатқан реформалау сондай – деген ой туғызудан аулақпын. Бұл жалпы қазіргі кездегі білім беру ісінің даму тарихына туған ой.
Кейбір кезде «реформалау» терминінің мәні асығыс және жан - жақты, терең ойластырылмаған «аққан жұлдыздай» жарқ етіп жоқ болатын жаңалықтармен шатастырылады. Мысалы, қазіргі мектептердегі тәрбие жұмыстары мен оны ұйымдастыру әдістемесін айтуға болады. Республиканың әр түпкіріндегі әр мектептердің әрқайсысында әртүрлі қоғамдық ұйымдардың құрылуы және ғұмырының қысқа болып қалуы . Неге? не себептен екен деген ойлар мазалайды.
Бұрынғы жүйедегі деп «октябрят», «пионер», «комсомолдың» орнын басарлықтай ұлттық менталитетке икемделген әлемдік мәдениетке, қазіргі балалар психологиясына сәйкес нәрсе ойлап табылмағаны ма, әлде жекеленген авторлардың жұмыстарының сапасының төмендегенінен бе? деген сұрақтарға кім жауап береді және қашан?
Біздің ұландарымызды сыныптан тыс жан- жақты ойластырылған, бір жүйеге келтірілген тәрбие ұйымдары арқылы қашан тәрбиелейді? Ертең аға буынға «соншама селсоқ болғаныңыз не?» деген сұрақ қоймасына кім кепіл. Мұнан шығатын қорытынды: білім саласындағы реформалау ісі әлі де болса оқу мен тәрбие үрдісін тұтас педагогикалық үрдіс деп қарай алмай тұрғандай. Тәрбиелеу ісінде жаңа қазіргі заманға сай, әлеуметтік тапсырысты қанағаттандыратындай реформалау дүниеге келе ме?…..

12
скачать работу

Қазақстанның білім мәселесі кеше, бүгін, болашақ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ