Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанның ежелгі қалалары

ейбiреулерi нақты қалаларға: Антоновка — Қаялыққа, Дүнгене — Екi-Оғызға баланады. Олардың iшiндегi ең iрiсi қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретiнде танылған — Антоновка. Бiрiншi топты құрайтын төрткөлдер iрi қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екiншi топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейiн жетедi. Үшiншi топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейдi. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелдi. Оларда тұрғын үйлер дуалдар iргесiне, iшкi жағында орналасады, iшкi аулалар бар. Iле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелiлер мен жартылай көшпелiлердiң ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбiреулерi керуен-сарайлар болуы мүмкiн. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бiрнеше қаланың жұрты бiр-бiрiне жақын орналасқан екi немесе тiптi үш бекiнiстен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйiскен тұсына салынған.
Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениетi Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орт. Қазақстанда, Нұра, Кеңгiр және Жездi аңғарларында, Ұлытау етегiнде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргiзiлген қазба жұмыстары олардың әкiмш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетедi. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейiнгi Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Iле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбi қирап, бiржола жойылып кеткен. Италия елшiсi Плано Карпини Сырдария жағалауында болғанда, бұл жерлерден көптеген қираған қалалар мен мекендердi кездестiргенiн жазды. Француз королi Людовик IХ-ның елшiсi Виллем де Рубрук 1253 ж. моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, Iле алқабы арқылы өткенде жазған күнделiгiнде жоғарыда аталған жазықта бұрын көптеген қалалар болғанын, олардың көбiн мал жайылымына айналдыру үшiн татарлардың қиратқанын жазады. Сырдария мен Қаратаудағы 13 ғ-да жермен-жексен етiлiп, тоналған қалалар — Түркiстан (Иасы), Отырар, Сығанақ, Созақ, Құмкент, Жент және Жаңакент 14 — 15 ғ-ларда Темiр мен оның iзбасарларының солт.-шығысқа жасаған жаугершiлiк жорықтарында бекiнiс қамалдары болып, одан кейiн қолөнер және сауда орталығы, хандардың резиденциясына айналған. Олар қазақ хандарының өмiрiнде маңызды рөл атқарды. 15 — 16 ғ-ларда Қазақ хандығының қалыптасу және нығаю кезеңiнiң күрделi саяси оқиғалары жағдайында, жердi игеру барысында қазақтардың этн. аумағының қалыптасуы аяқталды. 13 ғ-дың 2-жартысы — 14 ғ-да айтылатын қалалар саны 20-ға дейiн, ал мезгiлi 15 ғ-дың 2-жартысы — 18 ғ-дың басына жататын қала жұрттары 23-ке дейiн азайды. Жалпы алғанда, 9 — 12 ғ-лармен, қала мәдениетi барынша гүлденген уақытпен салыстырғанда, Оңт. Қазақстанның жазбаша деректемелер бойынша белгiлi қалалар саны 3 еседей, ал қала жұрттарының саны 6 еседей азайып кеткен. 16 — 17 ғ-ларда аймақтың саяси және экон. өмiрiнде Аркөк, Қожан, Аққорған, Үзкент сияқты қалалар маңызды рөл атқара бастады. Сайрам өркендедi. 15 — 18 ғ-ларда Түркiстан — қазақ хандарының астанасы, одан бұрын Сығанақ пен Сауран Ақ Орданың орт. болды. 13 — 14 ғ-ларда бұл қалаларда үлкен құрылыс жұмыстары жүргiзiлдi, мешiттер, медреселер, басқа да қоғамдық архит. құрылыстар салына бастады. Түркiстанда теңге соғылды. Мұнда Әмiр Темiрдiң бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабiрiнiң үстiне кесене тұрғызылды, қала аймақтың ресми идеол. орталығына айналып, қауырт өстi. Отырарда да теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда Арыстан баб кесенесi салынды. 14 — 15 ғ-ларда Отырардың орталығында үлкен мешiт салынып, жұмыс iстеген. Отандық археологтар iзденiстерiнiң нәтижесiнде 16 ғ-дың аяғы 17 ғ-дың 80-жылдарындағы Отырар қ-ның халқына демогр. есептеулер жүргiзiлдi. Отырар қ-ның 16 — 17 ғ-лардағы аум. 20 га-ға тең. Оның төрттен бiр бөлiгiн алаңдар, көшелер, шаруашылық жайлар алып жатқан. Махаллаларда (100 шақты) орта есеппен 45 — 63 адам тұрған, ал қаладағы барлық тұрғындар саны 4500 — 6300 адам немесе орта есеппен 5500 адам өмiр сүрген. Сығанақ (20 га) пен Созақта (22 га) да тұрғындар саны осындай. Көлемi 35 га болатын Түркiстанда 170 махалла болған, оларда 9180 адам тұрған. Көлемi жағынан Сауран Отырардан екi есе үлкен, онда 11000-дай адам, ал Сайрамда (28 га) 7560-тай адам болған. Қарасаманда (6 га), Иқанда (6,7 га), Қарнақта (4,5 га), Қарашоқта (5 га), Сүткентте (6 га), Аркөкте (7 га), Қотанда (7 га), Үзкентте (9 га), Аққорғанда (8 га) 1500-ден 2000-ға дейiн тұрғындар тұрып, махаллалар саны 20-дан 40-қа дейiн жеткен. Жақанкентте, Суриде, Жүнкентте, Құжанда, Қарақұрымда және Раң сияқты баламасы табылмаған, көлемi 1 — 2 га-ға дейiн жететiн қалашықтарда 800 — 1000-дай адам тұрған. Жалпы, 16 — 17 ғ-лардың үш ширегi кезеңiнде Қазақстандағы қала халқының саны 70 мыңнан аспаған. 17 — 18 ғ-лардағы жоңғарлар шапқыншылығы Қазақстан қалаларының экономикасын құлдыратты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы елдi мекендер мен қала-лар, мұнда қалалық мәдениет пен өркениеттiң ежелден қалыптасып, дамығандығын көрсетедi. Қаз.энциклоп. 5 том

12
скачать работу

Қазақстанның ежелгі қалалары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ